Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ

н —солтүстік астана, ал Нанкинді Нанцзин — оңтүстік астана деп атаған. Жапондар да ескі астанасын Киото — батыс астана, жаңа астанасын Токио — шығыс астана деп атаған. Бұл батыс елдеріне тән дәстүр. Славян дүниесі Византия астанасы Константинопольді Царь-град — патша қала атаған. Кингстон — король тұратын қала атауы соған куә. Сондықтан жаңа саяси орталығымызды жәй ғана Астана атауымыздың тарихи дәстүрлерімен қай тұрғыдан келсек те, терең қабысады.Өткен ғасырларда астананың орнын ауыстыру тек қана сол кездегі жауапкершілік себептерге байланысты болса, ал XX ғасырдың ортасынан бастап геосаясатқа, экологияға, демографияға қатысты басқа бағыт алды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің астанасын Ақмолаға көшіру туралы Жарлығын шет ел басшылары түсіністікпен қабылдап, геосаяси мәнге ие деп бағалауда.Еуразия құрлығының дәл «жүрегінде» орналасқан Астананың XXI ғасырда халықаралық саясаттағы маңызды орталыққа айналу мүмкіншілігі бар. Жаңа астананың Алматы қаласына қарағанда көркеюі үшін өндірістік объектілер, әлеуметтік инфрақұрылымдар, әуежайлар, әлемдік деңгейдегі офистер және қонақүйлер салу жағынан көптеген перспективалық артықшылықары бар.Еліміздің астанасын көшіру халықаралық байланысты тереңдетуге үлкен септігін тигізбек. Мемлекет астанасының орналасу орны болашақта жолаушылар және жүк тасымалдаудың, сонымен қоса телекоммуникацияның, үлкен халықаралық транзитті жолдар торабының түйісетін орталығы болмақ. Атап айтқанда, кіндік қала Еуропа елдерін Азия Тынық мұхит аймағының жылдам дамумен келе жатқан аудандарымен тез және сенімді түрде байланыстырады.Бас қаланың Астана деген атауына келетін болсақ, оның біршене негіздері бойынша артықшылығы бар. Атап айтқанда, оның бір ғана түсіндірмесі бар және де бұл сөз нақты айшықталған мәнге ие. Астана атауы ешқандай да келеңсіз саяси немесе тарихи ұғындыруларға салынбаған. Жаңа атау құлаққа жағымды естіледі және графикалық тұрғыда мемлекеттік тілде де, сондай-ақ негізгі халықаралық тілдерде де сәтті көрінеді, оның үстіне естілу әуезі іс жүзінде ешқандай өзгеріске ұшырамайды.Қазақстанның территориялық бөлінбейтін біртұтастығы Ата Заңда бекітілген. Қазіргі егеменді еліміздің шекарасы республиканың қауіпсіздік кепілі болып табылатынын бүкіл әлемдік қауымдастық таныған. Қазақстан астанасының көшуі республикадағы этникалық ахуалды нығайтуға және біздің елдің халықаралық ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болуға бағытталған.
Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саясатын және экономикалық негіздерін айқындайды.
1-бап.Қазақстан Республикасының астанасы
1. Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының астанасы—мемлекеттің әкімшілік саяси орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің Конституциялық кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері.
3. Жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасынан тыс жерлерде орналасуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы және Мемлекеттік елтаңбасының эталондары және Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет астанасындағы резиденциясында сақталады.1
Макиавелли былай дейді: «…Қандай мемлекет болмасын, оның тыныс-тіршілігі орталықтан бастау алуы тиіс. Елдің шеткері аймақтағы ірі қаласынан гөрі кіндігіндегі мекен алғашқыда көзге қораш, елеусіздеу, жұпыны болып көрінгенімен, келе-келе үлкен, күш-қуатқа ие болып, мемлекеттің темірқазығына айналады. Өйткені, өмір, тіршілік—ортада, орталықта».
Астананы Ақмола қаласына көшіріп, Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру үшін мыналар негізгі алғышарттар болды:
• қаланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы;
• Ақмола қаласының елеулі өнеркәсіптік әлеуеті.
• құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы;
• ірі тасымал торабындаорналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы;
• жоғарғы білікті кадрлар әлеуеті;
• жеке меншік сектордың және кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктердің болуы;
• аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық;
• қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің болуы.
Қаланы дамытудың басымдықтары мынадай:
• энергияны өндіріп, сақтаудың осы заманғы технологияларын қолдану арқылы энергиямен жабдықталуы және оның даму болашағы;
• қаланы осы заманғы телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету;
• халықаралық стандарттар деңгейіндегі осы заманғы сервистік жүйесі бар Алматы—Астана автожолын салу;
• айналмалы жол және Есіл өзені арқылы бірнеше көпір салу;
• халықаралық әуежай салу;
• бизнес-орталықтар, халықаралық сыныптағы мейманханалар, сауда орталықтарын салу;
• тұрғын үй қрылысы;
• құрылыс индустриясының осы заманғы базасын дамыту.
Басқару құрылымы
Ақмола арнайы экономикалық аймағының басқару органы Әкімшілік кеңесі болып табылады, оны Астана қаласының әкімі басқарады. Астана арнайы экономикалық аймағының басқару құрылымына Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің аппараты, Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің дербес атқарушы органдары, сондай-ақ министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің аумақтық органдары кіреді.
Астана қаласы экономикасының (кәсіпорындарының) құрылымы Астана қаласында төменгі экономика салаларының кәсіпорындары жұмыс істеп тұр:
• машина жасау;
• құрылыс материалдары өнеркәсібі;
• энергетика;
• баспагерлік өнеркәсібі;
• жеңіл өнеркәсіп;
• құрылыс кешені 2
Жаңа Астананың жарқын келбеті қалыптаса бастады. Бұрын Астананы тыңгерлердің астанасы ретінде біліп келсек, енді тәуелсіз Қазақстанның бас қаласына айналды. Бұл—үлкен мәртебе.Бүгінде халқы 500 мың адамға жеткен Астана Орталық Азия өңіріндегі күрт дамып келе жатқан қала.Президент әкімшілігі, парлемент, министрліктредің орталық ақпараттары қоныстанған тамаша сарай-резиденциялар пайда болды. Келісті қонақ үйлер мен жаңа тұрғын үй кварталдары салынуда. Шетелдің дипломатиялық өкілдіктері үшін резиденциялар тұрғызылуда. Грузия, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина және Куба өздерінің елшіліктерін ашты. Елордада Ресей елшілігінің бөлімшесі, ҚХР мен АҚШ-тың өкілдіктері бар.«Астана мен Вашингтон біздің мемлекеттеріміздің жүрегі — биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары шоғырланған жер болып табылады» деді Вашингтон мэрі Энтони А. Вильямс 2002 жылғы 2 маусымда Астана тұсаукесерінің кезекті жылдығына орай жіберген құттықтау сөзінде3.Үкіметтің басқару құрылымдары, министрліктер мен ведомстволар, қоғамдық ұйымдар алаңсыз жұмыс істеп жатыр. Ерекше айтатын бір жәйт: бұлардың бәрінде де мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп, мамандар, тіпті көшедегі қарапайым адамдар өз ана тілімізде қазақшасөйлей бастады. Мұны да жаңа Астанадағы жақсы жетістіктердің бірі.Жаңа, тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жаңа елордамен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының арманы мен үміті астасып жатыр.Астана, бір жағынан, жаңа Қазақстанның мақтанышына, екінші жағынан —ұлттық идеяны орнықтырудың және елді біріктірудің нышанына айналды. Ол елдің орталығында, тарихи кезеңдерде Еуропа мен Азияның транзиттік күретамырын байланыстырған, дамыған индустриялық өңірде орналасқан.

1. Қазақстан Республикасының Заңы
2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы. Астана, 1998 жылғы мамырдың 20-сы .Егеменді Қазақстан 1998 ж. 20-мамыр.
3. Егеменді Қазақстан 1998 ж. 10-маусым
4.Қазақстан:табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. Алматы 2005, 43 б.

12
скачать работу

АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ