Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны

сқақтатуда. Сол кездегі дана Ататүрік шешімінің ұлт мүддесіне сай келенін тарихтың өзі дәлелдеді. Өткен ғасырда Ресейдің динамикалық түрде дамуын Петр I-дің империя астанасын Нева жағалауына орналастыру туралы шешімінсіз көзге елестету қиынға соғар еді. Сол уақыттағы қала салуға кедергі келтіретін табиғи жағдайлардың қиындығына қарамастан, ел астанасы салынып бітті. Ұлы реформатор «Еуропаға терезе аша» отырып, елдің ұзақ уақытқа гүлденуі мен өркендеуінің бағыт-бағдарын анықтады. Петербург мемлекет астанасының тарихи миссиясын орындап, қазіргі кезде тек Ресейдің ғана емес, Еуропаның, тіпті бүкіл әлемнің экономикалық мәдени және ғылыми орталығы болыап табылады. Әрине, астананы ауыстыру жөніндегі әлемдік тәжірибелерді айта берсек, көптеген мысалдар келтіруге болады. Түркі-монғол дүниесі саяси орталыққа ат беруде ерекше ұстамдыылқ танытқан. Саяси үстемдік құмарлықты білдіретін немесе мемлекет пен билікшіні мадақтайтын дәріптемелік сипаттамалар атымен ұшыраспайды. Көбіне-көп оның мемлекеттің саяси орталығы екендігін білдірумен ғана шектелген. Қарақорым — әскери қосын қонатын орын. Ұрға — әскер басының ордасы тұратын тұрақ. Сарай — билік мекемесі орналасқан жәй. Олар бұл қағиданы өздері үстемдік еткен кеңістіаае де кеңінен дарыта білген. Мәселен, Пекинді монғолдар Ханбалгат (патша қала) деп атаса, қытайлар Бэйцзин —солтүстік астана, ал Нанкинді Нанцзин — оңтүстік астана деп атаған. Жапондар да ескі астанасын Киото — батыс астана, жаңа астанасын Токио — шығыс астана деп атаған. Бұл батыс елдеріне тән дәстүр. Славян дүниесі Византия астанасы Константинопольді Царь-град — патша қала атаған. Кингстон — король тұратын қала атауы соған куә. Сондықтан жаңа саяси орталығымызды жәй ғана Астана атауымыздың тарихи дәстүрлерімен қай тұрғыдан келсек те, терең қабысады.Өткен ғасырларда астананың орнын ауыстыру тек қана сол кездегі жауапкершілік себептерге байланысты болса, ал XX ғасырдың ортасынан бастап геосаясатқа, экологияға, демографияға қатысты басқа бағыт алды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің астанасын Ақмолаға көшіру туралы Жарлығын шет ел басшылары түсіністікпен қабылдап, геосаяси мәнге ие деп бағалауда.Еуразия құрлығының дәл «жүрегінде» орналасқан Астананың XXI ғасырда халықаралық саясаттағы маңызды орталыққа айналу мүмкіншілігі бар. Жаңа астананың Алматы қаласына қарағанда көркеюі үшін өндірістік объектілер, әлеуметтік инфрақұрылымдар, әуежайлар, әлемдік деңгейдегі офистер және қонақүйлер салу жағынан көптеген перспективалық артықшылықары бар.Еліміздің астанасын көшіру халықаралық байланысты тереңдетуге үлкен септігін тигізбек. Мемлекет астанасының орналасу орны болашақта жолаушылар және жүк тасымалдаудың, сонымен қоса телекоммуникацияның, үлкен халықаралық транзитті жолдар торабының түйісетін орталығы болмақ. Атап айтқанда, кіндік қала Еуропа елдерін Азия Тынық мұхит аймағының жылдам дамумен келе жатқан аудандарымен тез және сенімді түрде байланыстырады.Бас қаланың Астана деген атауына келетін болсақ, оның біршене негіздері бойынша артықшылығы бар. Атап айтқанда, оның бір ғана түсіндірмесі бар және де бұл сөз нақты айшықталған мәнге ие. Астана атауы ешқандай да келеңсіз саяси немесе тарихи ұғындыруларға салынбаған. Жаңа атау құлаққа жағымды естіледі және графикалық тұрғыда мемлекеттік тілде де, сондай-ақ негізгі халықаралық тілдерде де сәтті көрінеді, оның үстіне естілу әуезі іс жүзінде ешқандай өзгеріске ұшырамайды.Қазақстанның территориялық бөлінбейтін біртұтастығы Ата Заңда бекітілген. Қазіргі егеменді еліміздің шекарасы республиканың қауіпсіздік кепілі болып табылатынын бүкіл әлемдік қауымдастық таныған. Қазақстан астанасының көшуі республикадағы этникалық ахуалды нығайтуға және біздің елдің халықаралық  ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болуға бағытталған. 

Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саясатын және экономикалық негіздерін айқындайды.

1-бап.Қазақстан Республикасының астанасы

1.                 Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып табылады.

2.                 Қазақстан Республикасының астанасы—мемлекеттің әкімшілік саяси орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің Конституциялық кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері.

3.                 Жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасынан тыс жерлерде орналасуы мүмкін.

4.                 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы және Мемлекеттік елтаңбасының эталондары және Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет астанасындағы резиденциясында сақталады.1

         Макиавелли былай дейді: «...Қандай мемлекет болмасын, оның тыныс-тіршілігі орталықтан бастау алуы тиіс. Елдің шеткері аймақтағы ірі қаласынан гөрі кіндігіндегі мекен алғашқыда көзге қораш, елеусіздеу, жұпыны болып көрінгенімен, келе-келе үлкен, күш-қуатқа ие болып, мемлекеттің темірқазығына айналады. Өйткені, өмір, тіршілік—ортада, орталықта».        

         Астананы Ақмола қаласына  көшіріп, Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру үшін мыналар негізгі алғышарттар болды:

·                   қаланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы;

·                   Ақмола қаласының елеулі өнеркәсіптік әлеуеті.

·                   құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы;

·                   ірі тасымал торабындаорналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы;

·                   жоғарғы білікті кадрлар әлеуеті;

·                   жеке меншік сектордың және кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктердің болуы;

·                   аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық;

·                   қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің болуы.

         Қаланы дамытудың басымдықтары мынадай:

·                   энергияны өндіріп, сақтаудың осы заманғы технологияларын қолдану арқылы энергиямен жабдықталуы және оның даму болашағы;

·                   қаланы осы заманғы телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету;

·                   халықаралық стандарттар деңгейіндегі осы заманғы сервистік жүйесі бар Алматы—Астана автожолын салу;

·                   айналмалы жол және Есіл өзені арқылы бірнеше көпір салу;

·                   халықаралық әуежай салу;

·                   бизнес-орталықтар, халықаралық сыныптағы мейманханалар, сауда орталықтарын салу;

·                   тұрғын үй қрылысы;

·                   құрылыс индустриясының осы заманғы базасын дамыту.

                 Басқару  құрылымы

Ақмола арнайы экономикалық аймағының басқару органы Әкімшілік кеңесі болып табылады, оны Астана қаласының әкімі басқарады. Астана арнайы экономикалық аймағының басқару құрылымына Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің аппараты, Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің дербес атқарушы органдары, сондай-ақ министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің аумақтық органдары кіреді.                          

          Астана қаласы экономикасының (кәсіпорындарының) құрылымы    Астана қаласында төменгі экономика салаларының кәсіпорындары жұмыс істеп тұр:

·                &n

123
скачать работу

Астана - Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ