Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi

p>

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел"10 деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелi болып өсуiне берекелi отбасының әсерi мол. Отбасының әрбiр мүшесi өзара сөйлесiп, не болмаса ата-ананың, баланың мiндетiн атқару ғана емес, береке – бiрлiк, сүйiспеншiлiкпен араласса, босағасы берiк, шаңырағы биiк отбасына айналары сөзсiз.

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ, – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.

"Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгiмелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейдi, – деген болатын А.С. Макаренко. – Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра бiлуде, балаға әркiмнiң өз жеке басы арқылы үлгi-өнеге көрсетуде. Отбасындағы бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның мақсат-мiндеттерiмен байланысты болуы керек".11

Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiн ерекше күткен. Балаға қамқорлық ол дүниеге келмей-ақ жасалған. Мысалы, аяғы ауыр әйелге жерiк асын тауып жегiзген, ауыр көтертпеген. Жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Бала өсе келе ән айтқызып, домбыра тартқызған.

Жамбылдың жырын, Күләштың әнiн, Динаның күйiн, Әлия мен Мәншүктiң, Бауыржанның ерлiгiн халқымыз ұрпағына өнеге еткен. Талғат пен Тоқтардай ғарышкерлерiн, Абай мен Шоқандай дарынды тұлғаларын тәрбиелеген де халық. Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы. Ұрпақтары бұл тәрбиеден нәр алып, бала бойына сiңiредi.

 

Жанар ДӘУРЕНБАЕВА,

"Қарасу" орта мектебi директорының

оқу iсi жөнiндегi орынбасары,

тарих пәнiнiң мұғалiмi

12
скачать работу

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ