Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық бағыттары: коммуникатифтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастырушылық

ортаға түсуге тиісті,яғни кәсіби емес жұмыс істейтін орындарға түсіп, қара жұмыс, алып кел- шауып кел, санитарлық жұмыстар атқаруы керек. Ондай жұмыстар бүкіл әлемде атқарылады. Тағы бір ұтымды тәсіл бар-ол мүмкіндігінше көп мөлшерде өзі оқитын тілде түсірілген кинофильмдерді көбірек көру. Қорыта келгенде нашар оқытудың салдарынан нашар көңіл толмайтын аудармашылар пайда болады, ал жақсы аудармашыға сұраныс аз,бірақ басты себеп осында ғана ма? Жоқ, басты себеп аударма адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің өте күрделі түрі екендігінде жатыр.

Тағы бір жалпы қорытынды: аударма интеллектуалды іс-әрекетінің жанды көрінісіндей өте күрделі, оның күрделілігі мынадай жағдайларға тіреледі:

  • Экстремальді, стресс алатын жағдаяттардың болуынан қашу мүмкіндігінің  жоқтығы;
  • Аударма ісінің теория мен әдістемесінің жетіспеулігінің салдарынан сенімді бірлігінің жоқтығы;
  • Жинақталған аудармашылық тәжірибенің және есепке алу механизмінің жоқтығы;

Сондықтан аудармашы көзге көрінбейтін адам ғана емес, ол қашанда ең алғашқы сүрлеу салушы, жол бастаушы. Инженерде ГОСТ-тар, СНиПЫ-лар, анықтамалықтар бар. Ал аудармашыда сөздіктер жинағы бар, бірақ бұл мамандықтың ерекшелігі мынада: қандай да болмасын толыққанды сөздіктері болғанымен, ол сөздіктер жоғары сапалы аударма жасауға кепілдік бере алмайды.

Аудармашы мамандығының күрделілі – оның таза  интеллектуалды болуында. Көрермендер залында –өзінің шеберлігін көрсететін әртіс немесе актер сияқты, аудармашы да өзінің біліктілігі мен шеберлігіне ғана кәміл сенеді. Өзінің қажеттіліктерін ол басқа ұжым мүшелеріне итере сала алмайды. Басқа мамандық иелері мұндай әдісті «бригадалық тәсілмен» өте жақсы орындайды.

Қысқасы, аудармашы — өте күрделі, шаршайтын адамды күйзеліске ұшырататын мамандық. Сонымен қатар аудармашы мамандығы жақсы да, өте қызықты мамандық екенін жасыруға тағы да болмайды. Басқа ешқандай мамандық сенің алдына минут сайын күрделі шешілмейтін мәселелерді қоя алмайды. Басқа ешбір мамандық сенің ол мәселелерді жақсы болсын,жаман болсын шешуіңді міндеттемейді. Басқа ешбір мамандық сенің әртүрлі деңгейдегі адамдарды әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ерекше бақылауға алуға мүмкіндік жасамайды. Басқа ешбір мамандық  сенің бөтен мемлекеттерді аралап, басқа салт-дәстүрлермен танысуынды қамтамасыз етпейді. Бірақ аудармашы мамандығы адамның тәніне де өте салмақты ауырлық түсіретін мамандық. Сен тек өмірлік интеллектуалдық жағдаяттарды ғана шешіп қоймайсың, сен үнемі жүйкеңді тоздырып, қажып, шаршап жүресің.  Салыстырайықшы, аударма ісінің қиындығы соншалық төрт сағаттық аударма ісімен айналысу, тура сол көлемдегі төрт сағат бойы он адаммен жалғыз өзін бетпе-бет пікірталас,сөз жарысқа түскеннен де қиынырақ екен.

Иә, аударма өте қиын іс-әрекет екендігі сөзсіз.Алайда, бұл істі жеңілдетудің өзіндік жолдары да бар. Ол үшін аударма ісі үшін керекті әдіс-тәсілдерді меңгерсек болғаны. Сол әдіс-тәсілдерді қолдану аударма ісінің алдына қоятын мақсаттарын орындап, көздеген нәтижеге жетуге нақты мүмкіндіктер туғызады. Әлемнің ең озық та тәжірибелі деген аудармашылары сол керекті әдіс-тәсілдерге сүйенеді де аударма ісі барысында соларды қолданады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика.- М., 1987.

2. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. -М., 1983

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Флорин С. Муки переводческие — М., 1983

2. Чернов Г.В. Основы синхронного перевода. -М., 1987.

3. Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. — М., 1988

12
скачать работу

Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық бағыттары: коммуникатифтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастырушылық

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ