Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аудит стандарттары

жаттарын немесе төте шетелдік инвестициялар тартатын компаниялардың ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисаптарын анағұрлым терең аудиторлық тексеру рəсімдерін пайдаланатын жəне тексеруді анағұрлым тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді. Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапты ондай құжаттаманы анағұрлым терең сапалы талдау рəсімдерінің көмегімен, соның ішінде келесіде Мəскеуде, ал кейде Лондонда немесе Франкфуртта техникалық сарапшыларды тарту арқылы тексеру нəтижелерін сараптау арқылы жүргізсе де, аталған рəсімдер тəрізі, шетелдік реттеу жəне/немесе толық көлемде аудитордың кəсіби жауапкершілігін көтеруге дайындық жоқ болған кезде жүйелі қолданылмайтын секілді.
  • Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың айтарлықтай санының нашар дайындалғаны соншалық, тексерілген қаржылық есеп-қисапты пайдаланушылар тіпті аудиторлық фирма тындырған жұмыс туралы пайымдама жасауға қабілетсіз болуда. РОСК дайындаған топ талдап шыққан 14 аудиторлық қорытындының сегізінде адресат болмаған, тексеруге ұшыраған қаржылық есептемелер көрсетілмеген, қаржылық есеп-қисабы тексеруге қос тіркелген компаниядан басқа компанияның атауы, сондай-ақ аудит стандарттарына сілтемелердің орнына бухгалтерлік есеп-қисап стандарттарына сілтемелер жəне т.б. болған.
  • Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары үстірт болып шыққан, бұл олардың Этика кодексін, соның ішінде олардың тəуелсіз мəртебесіне қатысты бөлігінде сақтауына күмəн туғызбай тұра алмайды. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының төртеуінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттаынан (КСБУ) елеулі жəне анық шегіністер бар.
  • Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары аудиторлық рəсімдерге толық емес сəйкестікте орындалған жəне КСА мен аудиторлық тексерістің сапасына талаптардың сақталуына елеулі күмəн туғызады. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының үшеуінде аудиторлық фирма қолданған аудиторлық рəсімдер баяндалған қосымша болды. Топ сарапшылары осы үш құжаттың барлығында төмендегілерге қарамастан аудиторлық фирманың сөзсіз оң қорытынды бергенін атады:
  • o аудиторлық фирмаға тауарлық-материалдық қорлар туралы сандық деректер тапсырылмаған жəне оның еншісіне 23% жиынтық активтер түсетін мүліктің, машиналар мен жабдықтың іс жүзінде бар екеніне (компанияның жұмыс істегеніне бірінші жыл) көз жеткізбей, тек шоттармен жəне бухгалтерлік тіркелімдермен танысуды қанағат тұтқан. Басқа екі аудит бойынш топ сарапшыларында сол іспеттес ескертпелер туындады.
  • o Аудиторлық фирма компанияның жалпы активтерінің 62% құрайтын аванстық төлемдер туралы растамаларға сұратым салған жоқ. Аудиторға жинаудың сəті түскен дəлелдер аудиттың талаптарына сай болуы міндетті емес ішкі пайдаланыс құжаттары болып шықты. РОСК дайындаған топтың сарапшылары тағы бір қорытынды бойынша тап сондай ескертпе жасады.
  •  

    2.Аудит стандарттарын жəне олардың сақталуындағы оқылықтарды талдау

     

    Жоғарыда аталғандай, жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың қарашасынан бастап ХАС қолдануды талап етеді, ал ол уақытқа дейін КСА қолданыста болады. КСА екі негізгі себепке байланысты, ХАС қарағанда едəуір артта: КСА негізіне ескірген ХАС нұсқалары алынған жəне КСА толық сипатта емес, өйткені ХАС құрамына кіретін 30 стандарттан астамның тек он бір стандарты бекітілген. КСА жəне ХАС арасындағы айырмашылықтар КСА сəйкес жүргізілген аудиторлық тексеріс ХАС сəйкес жүргізілген тексеріске қарағанда, ақпараттың сенімділігін анағұрлым аз ықтималдықпен растайтындай дəрежеде.

    Соның нəтижесінде міндетті аудиторлық тексерістердің сапасы, РОСК дайындаған топтың пікірі бойынша, өте біркелкі болмаған. Халықаралық аудиторлық желілеріндің құрамына кіретін жергілікті фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер жүргізген уақытта, олар КСБУ сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер жүргізуге қарағанда анағұрлым мұқият аудит рəсімдерін пайдаланатын жəне анағұрлым тəжірибелі қызметкерлерді бөлетін секілді. Сол секілді, ХҚЕС сəйкес жасалған жəне қарыз қаражаттарын тартатын немесе шетелде акциялар шығаратын компаниялар дайындағын қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер əдетте анағұрлым жоғары сапасымен өзгешеленеді.

    Кейбір жергілікті аудиторлық фирмалардың халықаралық стандарттарға сəйкес жұмыс істеуге айтарлық күш салатынына қарамастан, олар жасаған аудиторлық қорытындылардың көпшілігінің нашар болғаны соншалық, аудиторлар растаған сондай қаржылық есеп-қисаптарды пайдаланушылар аудиторлық фирма орындаған жұмыс туралы

    Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит» Резюме – стр vii.

    қандай да бір тұжырымға келе алмады. Сонымен қатар, жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған кейбір аудиторлық қорытындылар Этика кодексін, соның ішінде тəуелсіздік принципін сақтау тұрғысынан елеулі қауіп туғызды. Сондай-ақ жергілікті аудиторлық фирмалардың басым көпшілігі өздері қайта қаралған жəне жаңартылған «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға сəйкес пайдалануға тиіс болатын қолданыстағы толық ХАС нұсқасымен таныс болау фактісі де көп маасыздық туғызады.

    Негізгі ұсыныстамалар

    Осы баяндаманың VI Бөлімінде баяндалған барлық əдістемелік ұсыныстамалардың маңызы үлкен болса да, РОСК дайындаған топ оның пікірі бойынша, қаржылық жүйенің орнықтылығын, экономикалық өсуді

                                                   Қорытынды

     

    •   Аудиторлар палатасы оған сəйкес дипломды аудиторлар қаржылық есеп-қисап жəне аудит туралы ең соңғы күнгі білімдер деңгейіне ие болуға міндетті МСО 8 стандартының талаптарын зерделеуге тиіс. Ол параметрлерді қанағаттандыру үшін, СМПБ біліктілігін алуға куəландыру аудиторлық кəсіптің өкілі аудитордың жұмысын құзыретті орындау үшін қажет кəсіби білімдерін, машықтарын жəне құндылықтарды, этиканы жəне іске көзқарасын бағалаудан кейін оған сəйкес болуға тиіс кірістік талап ретінде қалуға тиіс. Ол үшін СAP/СIPA біліктілігін алуға куəландыру бағдарламасына қосымша жаңа емтихан енгізу керек болады.
    •   Аудиторлар палатасы аудитордың біліктілігін алуға кандидаттар біліктілік куəлігін беру үшін жеткілікті көлемде жəне мамандығы бойынша практикалық тəжірибе алуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан Аудиторлар палатасы аудит бойынша емтиханнан өтуге кандидаттардың практикасы МСО 8, сондай-ақ МСО 5 талаптарына сəйкес тиісті түрде құрылған жəне бақыланатын болуы мақсатында, олар үшін Палатаның қауымдастырылған мүшесінің мəртебесін құруға тиіс.
    •   Біліктілік сыныамалау үшін нақты базаны айқындаудан кейін ППБА жəне Аудиторлар палатасы мүшесінің мəртебесін ұзартудың кəсіби біліктілікті көтеру жүйесіне (ПК) қатысуына тəуелділігін белгілеу маңызды. ПК жүйесін кəсіптік қауымдастықтар мен ұйымдар өздерінің мүшелерінің бухгалтерлік есеп жəне аудит стандарттары мен практикасы саласындағы білімдерін тұрақты жаңғыртып отыруды қамтамасыз ету үшін бақылап отыруға тиіс. Бұл тұрғыдан кəсіптік қауымдастықтар мен ұйымдардың біліктілікті үзіліссіз көтеру жүйесі үшін тиісті курстар мен оқу материалдарын əзірлеуі маңызды.
    •   Қазақстанда жергілікті орындарда Қазақстандық фирмаларға тексерістерді жүзеге асыратын бухгалтерлер мен аудиторларды бухгалтерлік есеп жəне аудиттың бүгінгі əдістемелерін практикалы қолдануды жетілдіру əдістеріне оқыту механизмін құру қажет. Практикалық тəжірибеге белгілі кемел бухгалтерлер мен аудиторларды тарту өте маңызды ұсыныстама болып табылады, оны орындау үшін оларды ХҚЕС жəне ХАС түсіну деңгейін одан əріде көтеруге жəне оларды Қазақстанда қаржылық есеп-қисап саласында практикалық жұмыста қолдануға түрткі болатын ынталандыру шараларын қабылдау қажет.

    Егер сұраныс туралы сөзге келсек, онда директивтік органдар позитивті əдістерден (мысалы, оқу жүйелерін ұйымдастыруға салықтық жеңілдіктерден) ескертуші əдістерге (мысалы, қаржылық есеп-қисаптардың сенімсіздігі үшін жауапкершілікке тарту) дейін түрлі əдістер арқылы компаниялардың басшылығы сондай «қайта жарақтауға» қаражат жұмсауы үшін стимулдар жасауға тиіс.

    12
    скачать работу

    Аудит стандарттары

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ