Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961)



 Другие рефераты
ИСАНЫ ТАНИ АЛДЫҚ ПА? Жабаев Жамбыл (1846-1945) Жиренше шешен (XV ғ.) Жансүгіров Ілияс (1894-1938)

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Туған жері бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы).

М.Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық жолдан өткен ұлы тұлға. Оның алғашқы жиырма жылғы жастық шағы өзінің сүйікті ақыны әрі рухани ұстазы болған Абайдың балалық, жастық, жігіттік кезеңін еске түсіреді. Кейін оның атақты эпопеясында жазғаны да сол дала, сондағы ауыл, сол қоғамдық орта. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы Абайдың өлеңдерін ауылдастырына оқып беретін дәрежеге жетеді. Бұдан кейін ол әуелі Семейдегі бес кластық орысша оқытатын училищені, содан соң сондағы мұғалімдік семинарияны тәмамдайды. Семинарияда жүріп өзінің тұңғыш шығармасы «Еңлік-Кебек» пьесасын жазады. Алашорда өкіметінің қызметіне белсене араласады. Алашорда таратылғаннан кейін бірыңғай білім жинауға бет бұрады. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.

Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған. Сөйте жүре, үлкен дарын өзінің шығармашылық асқарына апаратын Абай тақырыбына қалам тартады. Үлкен жұмыстың алғашқы қарлығашы болып «Татьянаның қырдағы әні» келеді өмірге. Бұдан кейін жазушы Абай образын кең аумақта алып, бірнеше жанрда бейнелеуге кіріседі. Сөйтіп, «Абай» трагедиясы туады. Бұл ұлы ақынның образын сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма болатын.

Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен «Абай жолы» романдарын Мұхтар он бес жылға жуық жазады. Жазушының өзі айтқандай, «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады. Абай жолы — халық жолы, халық жолы — Абай жолы. Осы бірлікті тарихи шындыққа сай асқан көркемдік шеберлікпен көрсету Мұхтар Әуезовтың шығармашылық жеңісі еді. Сол жеңісіне сай ол туған халқының құрметіне бөленді, өз заманының ең жоғары сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлықты иеленді.

1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы алып, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.

скачать работу


 Другие рефераты
Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидің «Жами-ат-Тауарих» еңбегі
СУЩНОСТЬ И ЦЕЛИ УПРАВЛЕНИЯ ВОЙСКОВЫМ ТЫЛОМ
Экологические проблемы современности
Конспект нескольких глав Лосева


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ