Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Айқап журналындағы оқу-тәрбие мәселелері

олсын. Молдалар мен мұғалімдерге де бұрынғыдай «аюды үйреткен таяқ» деп балаларды сабап, арқасын қанатып, сонан соң «молданың соққан жері отқа күймейді» деп жұбатуды қоюы керек. Таяқ аюды-айуанды үйретеді, ақыл иесі адам баласын ыза қылып, арландырып шамадан шығарады. Дін үйретуші пайғамбарлар ешкімді сабамаған көрінеді. Мұғалім «ғұннасын» шығар деп таяқ жұмсаса, учитель «ударение» қайда деп құлағын бұраса, бұл бала тәрбиелеу болмайды. Яғни баланы қайыру, баланы бұзу баланың кірсіз ақ қағаздай жанын ластау болды [21].
Адам баласы барлық білікті сыртқы бес мүшесімен алады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп, тілмен татып, денемен сезіп.Сондықтан баланы оқытқан уақытта бұл бес мүшелердің барлығын бірдей тәрбиелеу керек. Бірқатары тәрбиеленіп, бірқатары тәрбиеленбей қалса, ол балаға зор кемшілік келтіреді. Адам балалары бір нәрсені білуде түрлі –түрлі болады. Біреу есіткенін ұмытпайды, біреу көргенін ұмытпайды, біреу татқан дәмін ұмытпайды. Бірақ ондай адам сирек болады. Бір медреседе, бір класта оқып жүрген балалардың біреуінің олай, біреуінің былай болуы осыдан. Сондықтан оқытушылардың бұл бес мүшені бірдей тәрбиелеуге ырдаһат қылулары тиіс. Мәселе, кітаптың ішінде «Қызғалдақ» деген сөз ұшырайды. Оқытушы қызғалдақ деген қызыл жапырақ деп өте шықса, ертеңге шейін тек есіткенін ұмытпайтын балалардың ғана қатерінде қалады. Басқасы ұмытады. Егерде қызғалдақ деген мынадай жапырақ деп көрсетсе, өзі жеңіл һәм жұмсақ деп ұстатса, исі жақсы деп иіскетсе, дәмі ащы деп жалатса, балалардың біреуіде ұмытпайды.
Сонымен баланы оқытқанда жеңіл жолмен бар мүшелерін бірдей тәрбиелеп, әзір білімді баланың кішкентай басына тыға бермей, жетелеп өзіне іздетіп, ақылын кәмілдеп, ізгілікке жетелеп, жүрегін адалдап, жақсыға қызығатын, жаманнан жеркенетін қылып табиғатын жіңішкертіп шығару мақсұт .
Бұл газет бетіне жазылған қысқа ғана ой. Қалың кітаптар маңызды, тауыса сөйленетін бұл туралы сөздер ардақты ғылым иесі адамдардың жұмысы.

12
скачать работу

Айқап журналындағы оқу-тәрбие мәселелері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ