Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы

; азаматтың  тууымен  және  қайтыс  болуымен  байланысты  болса,  некені қию  ерлі-зайыптылардың  ортақ  өзара меншік  құқығының пайда  болуына  әкеледі, ал   асырап алу – заңдық  өкілдік  қатынастарының  және  ата-аналармен   балалардың  арасында  туындайтын   жеке және  мүліктік  құқықтар  мен міндеттердің  пайда  болуымен  байланысты.

Мемлекеттік тіргеу  арнайы  мемлекеттік  орган -  азаматтық хал актілерін тіркеу  органымен (АХАЖ), ал ҚР тыс  тұратын  азаматтарға  қатысты – консулдық мекемелермен  жүргізіледі.

  1. Азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану, егер азаматтың  тұрғылықты  орнында ол туралы   ақпараттың  ұзақ  уақыт  бойы болмау жағдайында, оны  іздеуге  бағытталған  іс-шаралар да нәтиже бермесе, тұрғылықты мекен жайында немесе жалпы ең соңғы көрген сәттен бастап  1 жыл мерзім бойы табылмаса сот хабар-ошарсыз кетті деп таниды.
  2. Бір жылдық  мерзім  жоғалған  азамат туралы  соңғы  деректер алынған  күннен бастап  еспетеледі.  Егер,  сол күнді  нақты  анықтау  мүмкін  болмаса,  жоғалған  уақыт  болып жоғалған  азамат  туралы  деректер  алынған айдан кейінгі  келесі  айдың бір күні  саналады,  ол айды  анықтау  мүмкін  болмаса келесі  жылдың  1 қантары  жоғалған мерзім  болып саналады.

Азаматты қайтыс  болды деп жариялау. Егер, азамат кем  дегенде 3 жыл жоқ болса,  ол сотпен қайтыс  болды деп  жариялануы  мүмкін.  Азаматты қайтыс болды деп тану  үшін оны жоғалды  деп тану  міндетті емес.  Азаматты  жоғалды деп  тану  міндетті болуы деп жариялау  көптеген  негіздері  бойынша  ұқсас. Жоғалып  кеткендегі  сияқты  қайтыс болды деп  жариялау  да азаматтың  тұрғылықты  орнында   болмауына (ұзақ ұақыт) және оның қайда  екендігін анықтау  мүмкін болмауына  байланысты  болады.  Жалпы ереже  бойынша,  тұлға 3 жылдан соң қайтыс болды деп  жарияланады,  ал егер, ол өміріне  қауіп төнетін жағдайда  жоғалса, 6 айдан кейін  жоғалды деп танылады. Әскери  қимылдарға байланысты  жоғалған  азаматтарға басқа  қатысты ереже тәсіл  қолданылады.  Олар соғыс  қимылдары  аяқталған  соң  2 жылдан кейін  қайтыс болды деп  жариялануы мүмкін.

Заң бойынша, құқық қабілеттілік дегеніміз  азаматтық құқықтарды иелену және міндеттерді өтеу қабілеттілігі. Құқы қабілеттіліктің мазмұны азаматтық заңнамаға сәйкес, азамат иелене алатын құқықтар мен міндеттердің кешені арқылы ашылады. Сондықтан да, азаматтардың құқық қабілеттілігін сипаттағанда, оның азаматқа психофизикалық жан иесі ретінде тиесілі екендігін емес, оған тен әлеуметтік  заңдық белгілерді айрықша атайды. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің ауқымына  әдейілеп арналған АК 14 бабы тек негізгі, ең маңызды азаматтық құқықтардың тізімін береді. Азаматтық құқық қабілеттілікке тең дәрежеде барлық азаматтар ие. Алайда, бұл әр азаматтың нақты субъективті құқықтарының көлемі өзара тең дегенді білдірмейді, бірақ осы  құқықтарды иеленуге  мүмкіндіктер әр тұлға үшін оның құқықтары мен міндеттерінің нақты көлеміне қарамастан тең болып табылады.

Бұл, азаматтың құқы қабілеттілігн шектеуге болады дегенді білдіреді ме? Жоқ? Олардың жалпылама мағынасында шектелуі мүмкін мүмкіндіктер болады мысалы,  тұрғын үй орнын таңдау мүмкіндігі азаматтың нақты бір жерде тұру міндетіне немес тұруға тиым салуға нұсқаумен шектеулі мүмкін, кәсіпкерлік қызметпенайналысу мүмкіндігі де шектелуі мүмкін. Алайда, мұндай шектеулер заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана жүзеге асырылады.

Мәселен, бас бостандығынан айыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру және өзге де қылмыстық және әкімшілік жазалар жасалған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін санкция ретінде қолданылатын азаматтардың құқыққабілеттілігн, заңмен жол берілетін, шектеулер болып табылады. Азамат өз  іс-әрекеттерімен өзінің құқы қабілеттілігін немесе оның жекелеген элементттерін  шектей  алмайды.

Азамат құқық қабілеттілікке туғанынан бастап өмір бойы, қайтыс болғанға дейін ие болады. Құқық қабілеттілік азаматтың қайтыс болуымен бірге тоқтатылады [20].

12
скачать работу

Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ