Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азаматтық қарым-қатынас құжаттары



 Другие рефераты
Тұрлаулы мүшелер Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ Информатиканы ойын–пән ортасында оқытуда қолданылатын ойын түрлері

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

 

Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

Оған төмендегідей құжаттар жатады:

1.      сенімхат

2.      кепілхат

3.      өтінім

4.      тапсырыс

5.      келісімшарт

6.      еңбек шарты

7.      шарт

8.      еңбек келісімі

 

ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ– белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

 

ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл  бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік  қатынастарда жиі қолданылады.

      

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты;

- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

-  қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- қолхат жазылған күн;

- тараптардың қолы;

- мекеме мөрі.

 

Сөздік:

қолхат- расписка

 азамат- гражданин

мерзім-срок

кепілақы- задаток

қарыз- долг

 ақша- деньги

уәде- обещание

қайтарып беру- вернуть, возвращать

алу-брать

кабылдап алу- принять

уақытында-вовремя

кепіл ақы- задаток

 

Үлгі:

                                                Қолхат

Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ...

15 ақпан ,2003ж.                                                    (қолы)

 

                                               Расписка

Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели.

Номер удостоверения личности.

15 февраля, 2003 г. (подпись)

 

Қолхат

Мен,  Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман  Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың)  АҚШ долларын алдым.

2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

 

10.12.2003жыл                              қолы

 

Қолхат

Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді біржетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223.

24.03.03                                                                        колы

Х.Б.Ержанның қолын растаймын.

 

СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.

 

            Сенімхаттың  мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

 -құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

-  қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

 

Сөздік:

Сенімхат- доверенность

жеке куәлік- удостоверение личности

жалакы- зарплата

мөр- печатъ

Қол-подпись

 Сену-верить

сеніп тапсыру- доверять

 беру- давать, выдавать

куәландыру- удостоверять

алу- получать

қою, басу- поставить

 

Сенімхатберілетін жағдайлар:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхат 1 дана болып дайындалады

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы    -     3 жыл.

Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

 

Сенімхат

                                         2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы

Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:

-    менің атымнан өтініш жазуға;

-    анықтамалар мен құжаттар алуға;

-    менің орныма қол қоюға;

-    мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.

Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

скачать работу


 Другие рефераты
Кронштадтская крепость в годы Великой Отечественной войны
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Загрязнение атмосферы. Лекарственные травы
Роль химии в формировании научного мировоззрения


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ