Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азаттық жырының ақтаңгері

ы өзіне дейінгілер мен өзінен кейінгілерде кездеспейтін оригиналдық образдар мен жаңаша сөз тіркестері, инверсия мен эллипсис т.б. поэтикалық тілдердің түрлері мол кездесетінін атап көрсетеді. Нақты мысалдар келтіре отырып, Дулатты әдебиеттің дамуына, оның поэтикалық тілінің дамуына елеулі еңбек сіңірген ақын ретінде бағалайды [4,164]. Маңдайалды ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, Дулат Бабатайұлының қазақ поэзиясының тілі мен өлеңнің түрін дамытушы, осы салаларға елеулі жаңалық енгізуші әрі дәстүр қалыптастырушы ақын ретінде танимыз.
Дулат ақынның тағы бір жаңалық енгізген саласы – поэма жанры. Оның шағын сюжетке құрылған «Еспембет» дастаны ілгерідегі ғалымдарымыздың зерттеуінде қазақ поэмасының алғашқы үлгісі ретінде дәлелденіп жүр. Өйткені бұл эпикалық шығармада ой шұбалаңқылығы, артық тіркестер, сол кезеңдегі кейбір жауынгерлік, батырлық жырлардағыдай көпірген көп сөзділік жоқ. Оқиғаны қысқа әрі нақты түрде баяндайды. Формасы жағынан қазіргі поэма деп жүрген жанрға өте жақын келеді. Ол жайында академик Қ.Жұмалиев: «Олақ ақындардай көп сөзділікке салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып, көрсетейін деген образын, айтайын деген идеясын шебер түрде, ойдағыдай етіп бере білген» [4,155], – деп атап көрсетеді.
Жетім баладан ел қамын жейтін дулығалы батырға айналғанға дейінгі Еспембеттің өмір жолын суреттеуге арналған поэманың бастан-аяқ айтылатын идеялық мазмұны соңғы түйінді екі жолға сыйғызылған. Мәселен,
Еспембеттей ер қайда,
Ер күтетін ел қайда? –
деген жолдар ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінің бірі ретінде бағаланады. Өйткені Дулат заманына дейін тұтас көлемді туындының идеясын екі жолға ғана сыйдырған, айтайын деген ойға қатыссыз жолдар мен буын мен бунақ санын толтыруға арналған басы артық тармақтар өте сирек кездесетін шығарма туған жоқ болатын. «Еспембет» поэмасындағы шиеленіс пен тартыс, батырлардың ұрысы кезіндегі суреттеулер өте шебер сомдалып, бояуы қанық шешен тілмен кестеленген.
Сөзімізді түйіндесек,
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса?
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса, –
деп өлеңге жоғары талап қоя білген, қазақ поэзиясының реформаторы Дулат Бабатайұлының жырлары қашанда келешек ұрпақтың рухани қажеттілігін өтей бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тілешов Е. «Алаштың» жолы //«Алаш қозғалысы» жинағы, Алматы, 2008. 324 б.
2. Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? // Қазақ әдебиеті, 1992, 25 желтоқсан.
3. Әдеби мұра және оны зерттеу. Алматы: Қазақ ССР ғылым академиясы баспасы, 1961. 374б.
4. Бабатайұлы Д. Шығармалары мен тағылымы. Алматы: Раритет, 2003. 288 б.
5. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Семей-Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. 398 б.
6. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. Алматы: Ғылым, 1983. 240 б.

«Алаштың» жолы – сонау қазақ хандығы құрылған шақтан бері қазақты қазақ етіп келе жатқан, оның жігерін жаныған, рухын асқақтатқан орасан оқиғалар мен киелі күрестердің ішіндегі ұлы жолы, дәстүрі кемел даңғылы, сарабдал соқпағы.
Ербол Тілешов

12
скачать работу

Азаттық жырының ақтаңгері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ