|
|
Ажарлы Атырау
налар, балабақшалар бой түзеп, халық қуанышқа бөленді.
Қуаныш демекші, осы тәуелсіздіктің арқасында халқымыз қуанышқа кенелуден кенде емес. Тағы бір салыстырып көрелік. 1991 жылы бар болғаны 168 шақырым табиғи газ құбыры жүргізіліп, бірен-саран үйлер ғана газдың қызығын көріпті.
Бүгінде облыста табиғи газды тұтынатын халықтын үлесі 20 жыл ішінде 11 пайыздан 96 пайызға дейін өскен. Тіпті сонау шалғайдағы Қызылқоға ауданына газ барады деп кім ойлаған? Облыс басшысының батылдығы мен іскерлігінің нәтижесінде газ бұл ауылдарға да жетті. Бір сөзбен айтқанда, Атырау облысының тұрғындары түгелге жуық «көгілдір отынның» рақатын көріп, қолдарын жылы суға малып отыр деп айтуға толық негіз бар.
Тағы бір дерек, 1991 жылы облыс тұрғындарының таза ауызсуды пайдаланғаны 27 пайызды құраған екен. Қазір таза ауызсуды облыс халқының 99 пайызы тұтынып отыр.
Міне, жуырда Атырауда жұмыс сапарымен болған Елбасы облыс әкімінің жұмысын жоғары бағалады. Әрине, Атырау – қазақтың салт-дәстүрінің, діні мен ділінің, тілінің қаймағы бұзылмаған қасиетті өлке. Тәуелсіздіктің арқасында халықтың өшкендері жанды. Рухани құндылықтарын өркендетіп келеді. Қазақтың біртуар перзенттері Сұлтан Бейбарысқа, Құрманғазы мен Динаға, Хиуаз Доспанова сияқты батыр ұл-қыздарына ескерткіш орнатты.
Көшелерге есімдерін беріп, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар игілікті істер өркен жаюда. Атырау – өнері шалқыған өлке. Дина Нұрпейісова атындағы «Нарын» ұлт-аспаптары оркестрінің өнеріне бүкіл әлем ризашылықпен қол соғады. Атырау спортшылары да көпшіліктің қошеметіне бөленіп келеді.
Жуырда Елбасының халыққа арнаған Жолдауын насихаттауға топты бастап келген еліміздің Мәдениет министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед тәуелсіздік жылдарында Елбасының тапсырмасымен көркейген Атырау облысы туралы былай деген болатын: «Сонау 1999 жылы Қазақстан мұнайының ғасырлық тойы тойланғанда Атырауда мәртебелі меймандарды қабылдайтын жайлы қонақүйі де болмапты ғой. Қазір мұнда, негізінен, бес жұлдызды ғана қонақүй бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, Астанада да сондай. Алматыда да бар. Ал өзге облыс орталықтарында мұндай ғимарат жоқ. Атырау облысы барлық көрсеткіштер бойынша бірінші орында».
Иә, тәуелсіздіктің, Елбасының сындарлы саясатының арқасында Атырау облысының қаласы да, даласы да құлпырып сала берді. Елдің еңсесі көтерілді. Болашаққа үлкен үмітпен, нық сеніммен қарайтын болды. Алдағы уақытта да тату-тәтті, бірлігі берік, еселі еңбектерімен еліміздің дүниежүзіндегі өркениетті елдердің қатарына қосылатынына сеніміміз мол.
Өтеген Нәукиев
Атырау
| | скачать работу |
Ажарлы Атырау |
|
|
|
Погода в Алматы |
на 10 дней |
другой город |
|