Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бағалы қағаздар құқығы

және мемлекеттік емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. "Бюджет жүйесі туралы" және "Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы" зандарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міңдеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдык қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңмен реттеледі.

Бағалы қағаздар женіндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық кодекстің 135-бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген.

Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.[3]

 

1.2 Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу

 

Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өн-дірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына  шетелдік  инвестициялар  бармай  отыр.   Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып  қарастыруга болатыны  түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал  бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.

Қорытып айтқанда, бағалы  қағаздардың  қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуіұлттықтабыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.

Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгісебебін   білетін   мамандар   былай  түсіндіреді:   Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен офф-шорлық  аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары

 Қазақстан экономикасына көптеген есепке алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен.

 Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден  ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазақстан банкілерінің ресурстарын  шектейді,  олар  өздеріне  қажеттіқаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің  міндеттері менкұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге  қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді.

 

1.3  Бағалы қағаздардың   нормативтік құқықтық

базасы

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында (қор биржасында) айналыста болатын құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атамалы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар тиісті тұлғаның (жеке тұлғаның, заңды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның) мүліктік құкығын куәландырады.

Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы занының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады.

Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті талаптар заңи құжаттармен немесе соларда көзделген тәртіп негізінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектілеріне:

1) Қазақстан Республикасы резиденттерінің — ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

2) Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

3) Қазақстан Республикасының резиденттері — ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

4) халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;

5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

6) туынды бағалы қағаздар;

7) өзге де қаржылық  құралдар жатады.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып алуға қажетті банктік кредиттер береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге қойылған бағалы қағаздарға орай банктік кредит береді;

бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік шоттарын жүргізеді; бағалы кағаздар рыногындағы операциялардың қорытындысы бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады.

Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия (лар) негізінде жүзеге асыра алады.[4]

Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш рынокка байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын камтамасыз етуге міндетті.

Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129—134, 136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36—2-бабымен, 36-3-бабымен, 52— 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі.

Қорытынды

 

123
скачать работу

Бағалы қағаздар құқығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ