Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бағаның құрлымы

лданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.
Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.
Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.


А. Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:
 Көтерме сауда бағасы –кәсіпорынның өндірген тауарын басқа кәсіпорынға немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын баға.
 Бөлшек сауда бағасы-сауда –саттық ұйымының халыққа өнімдерді сатып өткізуі үшін қолданылады.
 Сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.
 Сметалық құн – құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар,) төлеу үшін баға.
 Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері – бөлшек сауда бағаларының негізгілерінің бірі.
Б. Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:
 Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
 Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.
 Париттетік баға – бағаның бұл түрі АҚШ –да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.
В. Бағаның қойылу әдісі бойынша:
 Қатаң (тұрақты) баға - келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
 Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
 Қозғалмалы баға – келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
 Сырғымалы баға - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.
Г. Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:
 Тұрақты
 Маусымдық
 Баспалдақты.
Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:
 Анықтамалық
 Прейскуранттық
 Есеп айырысу бағасы
Е. Нарық түрлеріне байланысты:
 Аукциондық
 Биржалық котировка –биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
 Сауда бағасы – мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.
Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:
 Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.
З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:
 Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы баға.
 Баға брутто – сатып алу – сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) – бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.
Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар үшін негізгі мақсаттар төмендегідей:
 Сатып өткізуді қамтамасыз ету;
 Пайданы максималдау;
 Нарықты ұстап тұру.
Бірінші мақсат – нарықта ұқсас тауар өндірушілер көп жағдайда, қатаң бәсекелестікте іс-жүзіне асырылады. Бұл мынадай жағдайларда қажет;
 Тұтынушылардың бағалық сұранымы икемді;
 Фирма, бір тауарға шығындарды төмендету жолымен,
Пайданың жалпы көлемін жоғарлату және сату көлемін максималдауға бағыт алуға талпынуы;
 Тұтынушылар нарығының кең көлемде болуы.
Бұл мақсатқа жету үшін, яғни сатуды қамтамасыз ету –ену бағасы арқылы жүргізіледі.
Екінші мақсатқа - оның бірнеше вариантары бар:
 Фирманың бірнеше жылғы бірқалыпты жоғарғы деңгейлі пайдаға жетуіне талпынуы (сол кезеңде фирманың нарықтағы деңгейі бірқалыпты жоғары, дегенмен де өзіне сенімсіз фирманың ыңғайлы жайларды пайдалануға бағыт алуы)
 Пайданың орташа нормасы негізінде бірқалыпты түсімді бекіту. Бұл, өз өнімдеріне ұзақ уақыттық бірқалыпты және өзгеріске ұшырамайтын сұранымы бар, өндірісі қалыптастырылған алдыңғы қатарлы фирмалар үшін қолданылады.
 Күрделі жұмсалымның өсуіне байланысты бағаның өсуі, яғни, жаңашылдық енгізу сипатында болуы мүмкін. Бұл жоғары немесе өсіп келе жатқан сұранымға ие өнімдер өндірісін кеңейтуді іс-жүзіне саырушы фирмаларға тән.
Баға, бәсекелестік жағдайында ғана жоғары іс-әрекетке ие бола алады. Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейде болуы бірде-бір кәсіпорынның баға құралуы үрдісін өз қолында ұстауына мүмкіндік бермейді, бағаны нарық анықтайды, яғни сұраным мен ұсыныс әсерлерінен баға деңгейі анықталады. Бәсекелестік, өндірушілерге тауардың , өнімнің өзіндік құнын бақылап отыруды талап етеді.



















Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1. Бегалиев, Дидар. Баға, қайда барасың?: [Нарық пен
халық]// Нұр Астана.- 2005.- 30 маусым-7 шілде.- 1 б.

2. Қасен, С.Д., Әсіл, Б.Ґ. Бағалар және баға ќұралуы
[Мәтін]: Оќу құралы / ЌР білім және ғылым м-трлігі С.
Сейфуллин атын. Қазқќ аграрлыќ ун-ті.- Астана: [Б.ж.],
2002.- 143 б.

3. Міржақыпова, Седеп Тоќтамұратқызы. Банктегі
бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оќулық.- Алматы: Экономика,
2004.- 710 б.

4. Молдағалиева, Р. Ш. Бағалауыштық етістіктердің
коннотациялыќ сипаты /гендерлік көзқарас/ [Мәтін]: [Тіл
мен әдебиетті оќыту әдістемесі.Методика преподавания
языка]// ЌазГУ-нің хабаршысы. Филология сериясы.Вестник
КазНУ. серия Филологическая.- 2005.- № 7.- 191-195 б.
Сатыбалдыұлы, Сейтжан. Маркетинг - нарықтану
Мәтін]: оқу құралы.- Алматы: Білім, 2002.- 288 б.:
суретті

5. Табиғи монополиялар туралы [Мәтін]: Қазақстан
Республикасының Заңы.- Алматы: Юрист, 2002.- 11 б.

6. Тілемісов С. Баға-басты көрсеткіш.- Алматы:
Қазақстан, 1989.- 64бет

7. Шаекина, Жанаит Михаилқызы ж.б. Маркетинг негіздері
[Мәтін] / Шаекина, Жанаит Михаилқызы, Нәбиева, Ербоз
Нәбиұлы, Базарова, Сәулегүл Құрманбайқызы.- Астана:
Парасат әлемі, 2003.- 244 б.

8. Шайынғазы, Сейфолла. Коммуналдыќ ќызмет құнымен
ќоса нан бағасы да өседі [Мәтін]: [Мәселенің мәнісі]//
Егемен Қазақстан.- 2006.- 17 ақпан.- 6 б.

9. Шамгонов, А. Ш. Негізгі құралдар және материалдық
Бўйымдардың себі [Мәтін] оқу құралы.- Орал: [Б.ж.],
1997.- 56 б.

12
скачать работу

Бағаның құрлымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ