Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бағзыдан атажұрты бар қазақ көшпенді ме?

aquo;мен кеткесін топан су қаптаса да бәрібір» деген пиғыл басым ба» деген үрейіміз де жоқ емес. Тағы бір мысал: Бұрын шет жұрттан келетіндердің СПИД сияқты кеселі бар-жоғы тексерілетін еді. Соңғы жылдары бұл тексерулерден олар өтпейтін болды. Яғни, бұл олардың намысына тиеді-міс. Қазір Қазақстанды жайлап бара жатқан СПИД бізге тек Батыс елдерінен келді. Соны біле тұра олардың намысын ұлттың аман-саулығынан жоғары қоюдан өткен қылмыс жоқ.
Әсіресе, «Казахстан – наш общий дом» деген ұран қазақты бәрінен айырып, оның еліне, жеріне, басқа да рухани, материалдық байлық атаулысына кім көрінгенді қожайын ғып, қазақты барынан түгел айыратын ұран екенін әр қазақ түсінуі, түйсінуі керек.
Қазір Қазақстанда Өзбекстаннан келген көшпенділер өріп жүр. Біздің қазақтар «бейшара өзбектер өз елінде күнін көре алмай, осында келіп жүр» дегенді бірінен-бірі жаттап алған. Бұл – мүлде қате пікір. Біріншіден, алты құрлықты аралап әртүрлі кәсіппен айналысу — өзбектің ата кәсібі. Екіншіден, бұл – ХХІ ғасырға тән құбылыс. Бүгінде бүкіл түріктер мен африкалықтар – Еуропаға, оңтүстік америкалықтар АҚШ-қа барып әрі ел көріп, әрі жер көріп, әрі қосымша табыс тауып қайтады. Қазақстанға келіп жұмыс істеп жүрген өзбектер – Өзбекстанда үй-жайы, мал-жаны, тәп-тәуір қора-қопсысы бар адамдар. Ол жақтағы шаруаларын солар жүргізеді. Қазекем әйеліне бір машина, өзіне бір машина алып, соған бір, ең әрі кетсе екі бала салып алып, ол болмаса, итін мінгізіп қысы-жазы той өткізгенге мәз. Өзбекстанда азық-түлік, жанар-жағар май біздегіден әлдеқайда арзан. Бір өзбектің Қазақстанда тапқан 1000 (мың) доллары оның 5-6 баласы мен әйелін бір жыл асырауға жетеді. Оған қоса оның өз елінде азды-көпті қора-қопсысы, бау-бақшасы тағы бар. Олардың жері – аз, ал халқы 30 миллиондай болды. Дені өзбектер. Әр өзбектің үйінде 9-10-ға шейін, кейде одан да көп бала бар. Өзбек әйелдері қазақ әйелдері мен қыздары секілді «гендерлік саясат» деп еркектерін жаналқымға алып жүрген жоқ. Өткен жылғы мәлімет бойынша 9 миллион өзбек елінен сыртта жүр екен. Егер әр өзбек 5-6 айдың ішінде Қазақстаннан 2-3 мың доллар тауып, еліне жібергеннің өзінде біздің қанша ақша Өзбекстанға кетіп жатқанын есептей беріңіз. Тағы бір шындық – сол өзбектердің қазақ қыздары мен әйелдеріне бала туғызып, тұқым тастап кетіп жатқандарының да аз еместігі. Күндердің күні болғанда ол бала анасынан әкесін сұрайды. Анасы амалсыз шынын айтады. Ол баланың көкейінде «мен өзбек шатыспын» деген бір ой тұрарына сөз жоқ. Демек, ол – өзін таза қазақпын деп есептемейтін, ойы алакөбең азамат.
Иә, бір кезде қазақты кемсітіп «көшпенді» деген атақ таңылды. Бірақ қазақ көшсе, өз елінде, өз жерінде ғана көшіп жүрді. Ол заманда нағыз көшпенділер қазақ жеріне келіп басып алып жатқан орыстар еді. Ал мына заманда қазақ жеріне жан-жақтан шегірткедей қаптап келіп жатқандар ше? Олар қазаққа не әкеліп беріп жатыр? Бұл – әрбір саналы қазақ ойланарлық шаруа.

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

12
скачать работу

Бағзыдан атажұрты бар қазақ көшпенді ме?

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ