Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бахтың ұлы шығармаларының бірі - си минорлы месса

ұрғандай.

«Qui tollis» хорының тақырыбы да № 1 сияқты екі дауысты стреттода беріледі, және оркестрдың аккордтық сүйемелімен байытылған. Бұл хор – бахтық полифониялық форманың мәнерлілігінің ең айқын мысалдарының бірі.

Хор екі бөлімді формада жазылған; бірінші бөлім фа диез минорға әкеледі, және осы сазда екінші бөлім басталып аяқталады. Екі бөлім де фугаланып басталады, бірақ біріншісінде даустар екі – екіден бастайды, ал екінші бөлімінде бастан жоғарыға сатылып жоғары қарай бастайды. «Qui tollis» - тың әсерлі сезімдерінде Бах өмірде адамның мойнына асырылатын жүктен ауыртпалықты жырлағандай. Өзінің мазмұнымен бқл хор №1 хорды мессаның үшінші бөлімі «Credo» - дағы кульминациямен байланыстырады.

Үшінші бөлім– «Credo» «Gloria» сияқты 8 номерден тұрады (№12 - 19), екінші бөлімге қарағанда мұнда хорлар саны басым: 6 хор, 1 дуэт №14, және 1 ария №18).

«Credo» - сенім символы, сол себептен Бах нақты осы бөлімде григориандық хоралды қолданды №12. Мессада жалғыз осы бөлімде ғана Христостың тууытуралы (№15, «Et inkarnatus»),қасыреттері жайлы (№16, «Crucifixus»), үшінші күні қайта тіріліп аспанға көтерілгені (№17, «Et resurrekxit») жайлы баяндама берілді. Қасыретті распятие, қиналып өлуі, пенделік қиналу – шығарманың орталық кульминациясы осындай. №15 және №16 нөмірлерді Бах мұңға толы лирикалық эпизодтар етіп шешті, ал №17 – мерекелік – шаттықты, шуақты кульминация боп табылады.    

 №15 хор жұмсақ мұңмен толықтырылған, бқл композитордң адам өмірі туралы тағы бір ой шалуы. «Et incarnatus» өзіне  «Kyrie» мен «Qui tollis» хорларының линиясын дамытып олардың кейбір ерекшілітерін сіңірген. Ол шағын кодасы бар, екі бөлімдік формада жазылған. Бүкіл хор бойы скрипкадағы ыңырсыған мотивтер өтеді. Бұл әуезді мотив хордың шағын аккордтарға айналған вертикаьдарын орамдайтын сияқты.

«Et incarnatus» мессаның қасіретті кульминациясына №16 хор, ми минорлы «Crucifixus» - қа әкеледі. Оркестрде орындалатын алғашқы төрттакттық – бүкіл хордың формасының негізі боп табылады, ал форма бассо остинатоға жазылған ваиациялар боп табылады. Ол аса симметриялы, себебі, әр варияция тақырыптың ұзындығына тең.Бастық тақырып ретәнде бастың 1 сатыдан бастап 5 сатыға дейінгі хроматикалық төмендеуі алынған. Гармониялық қөптүрлілікке қарамастан Бах бұл хордың  мұнды ұлылық және қаталдық сипатын сақтап қалды, бір де бір штрих бірегй бейнені өзгертпейді.

Мессаның басқа минорлы нөмірлері сияқты, бұл хор да мажормен аяқталады, бірақ бір аттыда емес параллельді мажорлы сазда қорытындылады.

Гармониялық варияциялармен қатар полифониялық та варияция мұнда жақсы дамыған. Алғашқы вариацияда дауыстар тізбекпен қайғы интонациясын қайталайды. Біртіндеп дауыстар линиялары салаланып, бөлініп төртінші вариацияда толық төрт дауыстылық қалыптасады. Дауыстар мұнда ағылып бір тоқтамайтын әрекет жасап тұрады. Тек сегзінші вариацияның соңына дауыстар сәл ғана доминанталық үшдауыстылыққа жиналып тоқтайды. Сосын қорытынды фаза, тоғызыншы вариация келеді. Мұнда дауыстар қайтадан имитациялық түрде басталады. Солай бірінші вариациясының репризасы болып көрінеді. Бірақ даму хордың соңғы тактіне дейін жалғасады, және онда дауыстар мұңды ұлылық қалпында жартылық және толық ұзақтықтармен тоқтайды.

Сөйтіп, мессаның кульминациясы өзінің ерекше формасымен, және тональдық – гармониялық әдістерімен дараланады. Бұның барлығы оның шығарманың шарықтау шегі екендігін, дамудың кемеліне жеткен шағын сипаттайды. Сонымен бірге №16 хордың бірінші нөмірмен байланысы, және №8 мен №15 бейнелері ұқсас болып келеді. Осылай аяқталған нөмірлер арқылы ірі шығармада өткінші даму іске асырылды.

№17, «Et resurrexit» («Қайта тірілді»). №16 және 17 хорлардың арасында мессадағы ең кұшті контраст болып табылады. Терең қайғыдан зор қуанышқа көшу аса көрнекті.

Молитва мәтіні Христостың аспанға көтерілуі жайлы айтады. Бах №17 хорында бұл қуанышты сипаттау, өмірді қолдауды жеткізу үшін көне полонездың қимыл сынын, ырғағын қолданды. Шаттық толық хор мен трубалар қосылған бүкіл оркестрдың бірінші аккордтарынан естіледі.

Әуен жігерлі жоғарыға ұмтылған квартадан басталып, ұстамсыз алға бағытталады. Мұндағы қөңіл күйі сипаттауда оркестрдың алған рөлі үлан – ол хордың бірінші фразасының дамуын арықарй алып кетеді, формалардың бөлімдерінің арасындағы интрмедияларда және үлкен қорытындыда жарқырап, шаттықты орындалады, ал кульминация кездерінде хордың толық дыбысымен құдыретті туттилерге бірігіп кетеді.

№17 хор жазылған репризалы үшбөлімді форманың шекаралары айқын сызылған. Бөліністің анықтығы оны болашақ вендік классиктерінің гомофондық формаларынана жақындатады. Мотивтердің оркестрдегі және хордағы толассыз дамуы – Бахтан кеінгі дәуірдің сонаталық өңдеуліктің алдын алып тұрғандай. Тональдық жоспар да мажорлылықты сипаттайды – шеткі бөліктерде ре мажор, ортасының соңынд минорлы саздар.

№19, «Confiteor» монументалды хоры мессаның үшінші бөлімін қорытындылайды. №17 және №19екі монументалды хорды №18  сабырлы, ля минорлы ойшыл ария бөледі.

«Confiteor» - қатал құдыреттілік пен күңіренгендікті білідіреді. №19 екі бөлімнен тұрады: 1 – фа диез минорда, 2 – ре мажорда. Осылай бір нөмрдің ішінде де контраст орын тапқан.

Бірінші бөлімі – ырғақтың біркелкі жүрісі, аккордтық – полифониялық ұрылыс, интонациялық жинақылық пне шағындықпен ерекшеленеді. Екінші бөлімі – Vivace ed allegro – әр бөлімінің аккордтық құрылысы бар имитациялық басы бар екі бөлімді формада жазылды. Мұнда: әуен фанфарлы әндетулерден құралған, ырғақтың анық суреті, гармонияда тоника – доминанталық үшдыбыстылықтарға сүйену, оркестрде трубалар мен литавралар.

 Мессаның төртінші бөлімі – «Sanctus» (№20 - 22) аса салтанаттылықпен, мерекелікпен ерекшеленеді. №20, 21 хорлар ре мажор сазында жазылды. Тек №22 – си минорда жазылып лирикалық арияның үлгісі болып табылады. Бұл тональность осында соңғы рет беріледі.

Мессаның бесінші бөлімі - «Agnus Dei»- музыканы басқа алаңға алып келгендей – лириалық- философиялық. Онда екі нөмір бар: №23 «Agnus Dei» ариясы, өткенге соңғы бұрылып қарау сияқты, №24 «Dona nobis» хоры. Бұл сабырлы, күмәнсіздікке толы, және мессаның нағыз аяқталуы болып табылады. №23 ариясының лирикасы мұңды емес, элегиялық,оның әуені интонациялық концентрациялы. Бұл – төмен әйелдік дауыстың және скрипканың имитациялық – полифониялық дуэты. «Dona nobis» хорында әлемнің даналығына, адамгершіліктің күшіне сенім суреттелген. Өзінің гимндік сипатымен бұл хор соңғы нөмірге баланады. Әуені көне хоралдық әндерді еске түсіреді. Даму мұнда көне вариациялық – полифониялық формалар типі бойынша өтеді. Бұл хордың музыкасы ре мажорлық линияны жалғастырады, және өзінің қалыпты күшімен кульминациялық моменттерді тепе – теңдікпен түзейді.

 

Бахтың си минорлы мессасына «симфонизм» сөзін қолдануға болады. Шығарманың негізінде жатқан үлкен идеяның маңызы, оның контрасттар мен қарама – қарсы қою арқылы ашу, контрасттық бастаулардың бөлімнен бөлімге, нөмірден – нөмірге өткен ретті логикалық дамуы, қатынасы және байланысы – осының барлығы бахтық мессасының симфонизмын анықтайды. Өмірдге философиялық көзқарас – оның ауыртпалық, мұңды қасырет пен шаттықты қуаныш, жарқындықтың бірлігі екендігіне әкеледі. Мұнда екі тональдық оралық бар – ре мажор және си минор. Минорлы ариялардың ішінде №23 ария көзге түседі. Алғашқыды минорлы тональностьтер жиі болса, кейіндерде мажорлы саздар көп кездеседі.

Мессаның концепциясы Бах уақытына тән, бірақ оның көркемдік мазмұнында кез келген дәуір өзінің мәселесін көреді.

12
скачать работу

Бахтың ұлы шығармаларының бірі - си минорлы месса

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ