Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер

к көріп жүрем [Б.С.]. Ал Саматтың жүріс-тұрысы, жаратылыс, бас терісі басқа жаратылған бала. Қазан бас сары, бұйығы, тік мінез. Жүрісі сылбыр, сөзі аз [М.Ғ.] т.б. мысалдардан шығармадағы кейіпкердің шынайы мінез-құлқын, психологиялық ахуалын, көзқарасын анық байқауға болады.

Көркем шығармада  жиі кездесетін көріктеу тәсілдерінің бірі – суреттеу.         Оқиға құбылыс жайын, кейіпкердің сыртқы бейнесін, мінез-құлқын беруде болсын жазушы суреттеуге көп барады. Суреттеу арқылы қаламгерлер өз кейіпкерінің нақты образын, түрін, болмысын дәл беруге тырысады. Мысалы:   Бойы менің бойымнан мұншалық ұзын, жуан мойын, сом денелі, қарынды кісі екен. Түсі сұрлау, көздері кішілеу адам екен. Құлақ-мұрны, ерні жырым-жырым, беттерінің әр жері тыртық, саусақтарына қарасам, бір саусағының өзі менің мына үш саусағымдай екен. Қап-қалың еріндері сөйлегенде икемге келмей, сөзді добалдап бұзыңқырап сөйлейді [Б.С.] тәрізді суреттеуде Б.Соқпақбаевтың көркемдік әлемінде кейіпкер әрекеті мен болмысына, өмір сүру ортасына тән психологиялық мән жатыр. Ал, суреттеудің тағы бір үлгісі М.Ғұмардың шығармасында былай берілген: Біздің ауылда Жетпісбай атты бір атай бар.Әр кезде түрлі себептермен оның жеті мүшесі зақымдалған екен. Атап айтқанда:1. Оң көзі жоқ, орнында тек ағараңдаған без сияқты ет бұлтиып тұрады. 2.Сол құлағы жұлынған, содан түп жағы шұнтия түрісіп қалған. 3. Мұрны сол жағына қарай қисық, сол себепті оң жақ танауы үңірейіп көрінеді. 4. Аяғы ақсақ. 5. Сол қолы шолақ, шынтағына дейін жоқ [М.Ғ.].

Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметінің өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық-стильдік жақтан саралану үрдісі тереңдей түсті. Осыған байланысты диалектизмдерді де әдеби тілдің нормасымен сыйыспайды деген қауіптен гөрі жергілікті тіл ерекшеліктері ұлттық әдеби тілді байытудың қайнар көзі деген пікірлер де көп айтыла бастады. Бұл құбылыс көркем шығармалардағы балалар тақырыбына жазылған әдебиеттердің тілінде жергілікті тілдің ерекшеліктеріне орай шынайы берілген. Мысалы, қаламгерлер өз шығармаларында диалект сөздерді бала тілінің қолданысына сай былайша береді: Арық тізесі ағаштай сорайып, иегін тіреген аурушаң шешем жез шәугімнен ақ су құйып отыр [Б.С.]. Жарты сағаттай әуреленіп, бір құшақ шөпті зорға жұлдым. «Шіркін, шотаяқ болса! – деймін өзіміздің қораны еске алып. –Онда мына маяны оп-оңай үңгіп кірер едім» [М.Ғ.].  Электр шамдары сонау аумақта ауланың дарбазасынан басталды да, сонсын сенекке кіре берісте, сенектің ішінде, коридорда, бөлмелерде бірден-бір жарқырап тұр [М.Қ.] деген мысалдардағы шәугім, шотаяқ, сенек т.б.  тілдік бірліктер белгілі бір аймақта айтылатын сөз сол өңірдегі тұрғындардың кәсібіне, шаруашылығы мен мәдениетіне, өнер мен салт-дәстүріне т.б. байланысты этнолингвистикалық лексиканың құрамында әдеби тілді байытуда пайдасы орасан зор.

Көріктеуіш құралдар – шығарманың өңін кіргізетін ең ұтымды тәсіл. Оның ішінде теңеулердің мәні ерекше зор. Сондай-ақ автор тілінде теңеулер өңдеуден өтіп, жаңаша қырынан көрініс береді. Мысалы: Мен Сұлтанның мұншалық жаны тәтті жарғанат екенін біле қойған жоқ едім [Б.С.].  Оның ақ шаршысының шетінен көрінген шашы қабырғадағы кішкене әйнектен түскен күн сәулесімен шағылысып, аққудың мамығындай ағара үлпілдейді. [М.Ғ.] т.б. Бұл тілдік тәсілдердің барлығы да көркем шығармада белгілі бір стильдік мақсаттарға орай қолданылатынын байқаймыз. Көріктеуіш құралдар кейіпкердің мінез-құлқын, психологиялық ахуалын, эмоциясын дәл беруге жағдай жасайды. Бұл айтылған мәселелер балалар әдебиетінің кейіпкерлерімен тығыз байланысты. Себебі, бала тілінде де ұлттың рухани құндылығы ретінде ана тілінің бейнелі сөз оралымдары жиі қолданылады.

12
скачать работу

Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ