Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Балалар әдебиетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі

ымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.

Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген  сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның  негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі  ұлт азаттық көтерілісін   алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.  

Б.Момышұлы,Б.Бұлқышев, С.Бегалин,Қ. Қайсенов сияқты тұлғалардың ерлікке толы естеліктері мен әдеби мұраларын пайдалану арқылы оқушылардың білімін көтеру, оқ пен оттың азабына шыдап, жеңіске жеткен ағалардың ерлігін үлгі тұтуға  тәрбиелеу Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім»өлеңінің сол кездегі мәнінің жоғары болғандығын айта келіп, оқушыларға қосымша материалдар жинақтатып өттім. Патриоттық тәрбие беру мәселесін ұтымды өткізуде Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды» деген анықтамасын тілге тиек етіп,ал әскери ант тақырыбына келгенде С.Бегалиннің

Біз Отанның солдаты жауға аттанған,

Біз халықтың қайраты,қанаттанған

Қайтпас семсер, көк болат, біз ақалмас.

Қаһарменен суырып, кекке малған- деген [4.3бет]  өлең жолдарында ұрыста жауынгердің қандай қасиеттері көрініс берді деген сұрақ арқылы сабақты ары қарай  өрбіттім.

Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс -әркеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

 

Әдебиеттер:

 

1.                       Назарбаев Н. Қазақстан -2030:Барлық қазақстандықтардын өсіп-өркендеуі ,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: Білім,1997-176 б.

2.                       Нысанбаев Ә., Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, -Алматы: Жазушы, 1909-720 б.

3.                       Қалиұлы С., Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы ( Оқу құралы). –Алматы: Білім, 2003-280 б.

4.                       Бегалин С., Шығармалар жинағы, -Алматы: Жазушы,1966

 

Тіркеу формасы

1.     Тегі, аты –жөні: Тажикова Бахыт Даданова

2.     Мекеме: Керімбай атындағы №12 мектеп-ресурстық орталығы

3.     Мекен -жайы:Қазыбек би 1048

4.     Телефон: 4592850

5.     Мақала тақырыбы: «Балалар әдебиетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі»

6.     Секция:  филология

12
скачать работу

Балалар әдебиетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ