Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Балалар әдебиетінің лингвоконцептуалдық құрылымы

trong>«екілік» баға алып отырсың. Үйге берілген тапсырманы орындамай келгеніңмен қоймай, қулыққа басып, мұғалімді алдамақ боласың. Бұның жаман [Б.С.]. тәрізді сөйлемдердегі «төрттік», «екілік» сөздерінен адам санасында объективтенетін «жақсы», «жаман» ұғымына қоса, мерейі үстем болу немесе жігері құм болу тәрізді тұрақты тіркестердің ассоциациясын байқаймыз. Ал  белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесіне сай айтылатын «қанағаттанарлық» сөзінің «Баға» концептісіндегі квантитативті баламасы «үш» сөзі арқылы объективтеніп, орташа деген ұғымды береді. Бұл тілдік ақпаратты «Аңсау» әңгімесіндегі атасы мен баласының арасындағы мына бір диалогтан байқауымызға болады:

- Сабағым жақсы. Бүгін екі бірдей «үш» алдым. Сонда да ана Мизан мазақтай береді. Жексұрын!… Итті де сол байлап қойған шығар десем? Ол соңғы сабақта болған жоқ.

- «Үш» дейсің, ә? Сабағың мәз емес-ау, балам. Бүркітбай шал баласын дұрыстап баға алмады,- дейді ғой жұрт  [М.Ғ.]

«Баға» — экономика саласының термині ретінде белгілі. «Баға» алыс-берістің нәтижесін белгілейді. Бұл атау мектеп оқушысының ой-танымында білім деңгейін жаман, орта, жақсы, өте жақсы деп бағалайтын ұғым ретінде қалыптасқан. Қаламгер «Қала және қыз бала» әңгімесінде бұл құбылыс: Әжем: «Түсіңде тауға шықсаң «бес» аласың, — деп қуантып, — суға түсіп кетсең, жаман бағадан сақтана бер, қапы қалма, сабағыңа дайындал, қарағым», — дейтін [М.Қ.] деген мысалдардан, ал «Се ля ви!» әңгімесіндегі: Шолпанның көз майын тауысып, бадалып сабақ қарап отырғанын кластастары көрген жоқ. Әйтсе де алатын бағалары – кіл «жақсы» мен «өте жақсы». Ара-тұра ойын үшін «үш» те алатын [М.Қ.] деген сөйлемдерден айқын аңғарылады.

Мектеп оқушысындағы танымдық білімдер жүйесі ең бірінші өзін қоршаған ортамен, күнделікті қарым-қатынас дәрежесімен тығыз байланысты. Мысалы, бала санасына ең жақын ұғымдарға – мектеп, оқулық, күнделік, класс, сабақ тәрізді сөздерді жатқызсақ, мектеп оқушысының күнделікті іс-әрекеті осы ұғымдармен тығыз байланысты және осы ұғымдар туралы белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік, мәдени ақпараттардың жиынтығы «Мектеп» концептісінің ассоциативтік өрісін құрайды. Бірақ бала танымындағы концептілік құрылымның барлығы бір деңгейде болмайды. «Мектеп» концептісін алсақ, қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайына сай түрлі сипатта объективтенетінін байқаймыз. Б.Соқпақбаев шығармаларындағы «Мектеп» концептісінің берілуін: Мектепке кірдім, Бірінші кластан бастап оқып келе жатқан осы мектеп маған туған анамдай ыстық та бауырмал.  Жаңадан сырланған мұнтаздай еден, терезе жадырап күліп тұрған тәрізді [Б.С.], Балалар! Біз бұрын отряд жиынына әр салада жұмыс істейтін адамдарды шақырып, мамандық таңдау туралы екі-үш рет әңгімелесіп едік. Биылғы оқу жылының аяғында осы ауылдағы клубта жалпы мектеп бойынша мамандық таңдау кеші өткізіледі [М.Ғ.] т.б. сөйлемдерде берілген концептілік құрылымның мазмұнында ауыл мектебінің бала танымындағы сипатын аңғарсақ, «Қала және қыз бала» шығармасындағы: Қаладағы мектеп қызық екен. Мысалы, біздің кластағы балалар бірінші класта да бірге оқыпты. Ойлап көріңізші өзіңіз, сегіз жыл бойы жұптарын жазбаған. Өйткені олардың ата-аналары үш-төрт бөлмелі жайлы пәтерін тастап, басқа өлкеге, әйтпесе ауыл жаққа көшіп кетпейді [М.Қ.] тәрізді мысалдан қаладағы мектеп өмірі суреттелген. Осы мысалдардан баланың әлеуметтік ортасына байланысты ауыл мен қала мектептерінің ерекшелігін айқын аңғаруға болады

Бала санасында қалыптасқан және баланың физиологиялық, психологиялық мүмкіншілігін көрсететін дүние – ойынқұмарлығы. Бала қай жаста болмасын, қандай жағдайда болмасын ойынға деген ынтасы ерекше болады. Сондықтан халқымызда балаға арналып айтылған «ойын баласы» деген тіркес қалыптасқан. Осыған орай тілімізде «асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» тұрақты тіркесінің жиі айтылатыны тағы бар. Айта берсе, балалар ойнайтын ойын түрлері де көп. Осы ойын түрлеріне қатысты тілдік бірліктер қоры балалар әдебиетіндегі «Ойын баласы» микроконцептісінің тірек таңбалар қатарын толықтырады. Бұл концептілік құрылым Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаев шығармаларында бала танымын сипаттауда ерекше рөл атқарады. Мысалы, «Жетпісбай атайдың әңгімелері» атты әңгімесінде: Бір жерде жігіттер «городки» ойнап жатыр екен. Ол – ұзындығы бір сүйемдей кеспелтек ағаштарды неше түрлі етіп тігіп, соларды көздей таяқ лақтырып, арнаулы сызықтан соғып шығаратын ойын [М.Ғ.]; Күні бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым. Ойын үстінде шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді міне, дел-сал болып, өзімді өзім әрең сүйреп келе жатырмын [Б.С.]; Құйылған мол сәуле қыз көзіне дереу ақ шүберек тарта салып еді, бірер секундқа түк көрмей, ауа қармалып қалды. Ұйқысы шайдай ашылып, балбырап жатқан қыз бала алма кезек қуаласқан бұл соқыртеке ойынға ынта-шынтымен араласып кетті [М.Қ.] деген мысалдарындағы футбол, соқыртеке, городки тәрізді ойын түрлеріне қатысты бала қабылдауындағы ақпараттарды индивидтің өзі өмір сүретін ортасына әрі тәуелділігін білдіріп, әрі оның интеллектуальды, рухани дүниесін сипаттайды. Балалар тақырыбына жазылған шығармаларда авторлар өз кейіпкерінің дүниетанымы мен болмысын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, жеке қасиеттерін шынайы түрде бейнелеуге ерекше мән берген.

12
скачать работу

Балалар әдебиетінің лингвоконцептуалдық құрылымы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ