Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Балықтар класы

өте жұқа немесе мүлдем дамымайды және  жұмыртқа клетка  жарғақшаларына жабысады. Сарыуыз безi қан тамырларымен мол жабдықталған бүрлердi оқшаулайды. Бұл бүрлер жұмыртқа клетка жолындағы орталарда өсiп, ақуызды плацентаны қалыптастырады. Әдетте ол негiзiнен ұрықтың тыныс алуына қызмет етедi, бiрақ қорек көзi болып та қызмет ете алады.

Құм акуласының эмбрионы жұмыртқа жолынан келетiн ұсақ жұмыртқалармен қоректенедi. Соңында тек екi ұрық қана, әр жатырда бiр-бiрден тiрi қалады.

Әуесқойлар аквариумдарында көбiнесе, отаны тропиктердiң тұщы су қоймалары болып табылатын, майда сүйектi балықтар “тiрi туғыштарды” өсiредi. Бұл түрлер полигамды болып есептеледi. Полигамды дегенiмiз, бiр аталық көптеген аналықтармен ұйығуы. Аталығы аналыққа қарағанда iрi болады. Жыныстық айырмашылықтары дене формасы мен түсiнде байқалады.

СҮЙЕКТI БАЛЫҚТАР КЛАСЫ

Шығу тегiнен өте көне бекiрелер тұқымдасына жататын балықтар, өздерiнiң гүлдену шыңына 100-200 млн. жыл бұрын Жер бетiнде әлi динозаврлар жүрген кезде жеттi. Бұл балықтар өздерiнде көне акулалар мен скаттардың және қазiргi сүйектi балықтардың белгiлерiн ұштастырады.

Сүйек-шемiршектi немесе бекiрелiк балықтардың қаңқасы шемiршектi, бiрақ оларда басқа да сүйектерi болады. Бекiрелiлердiң омыртқа жотасында өмiр бойы хорда сақталады, оларды вязич деген атпен асқа пайдаланады. Оларда желқабыз және желбезектi қақпақшасы бар. Кейбiр бекiрелiлердiң ұзындығы бiрнеше метрге дейiн жетедi. Оларда түгелдей қабыршақты жабынның орнына, денесiнiң бойымен 5 қатар iрi сүйектi өсiндiлер өтедi. Бекiре, шоқыр, сүйiрiк балықтар құрттар, ұлулар және басқада омыртқасыздарды, су түбiндегi құмдар арасынан, ауыздарының алдында орналасқан кiшкене мұртшалар көмегiмен, тауып қоректенедi. Тек ең iрi белуга мен калуга ғана басқа балықтармен қоректенедi.

Бiр жылдың бiрнеше айын бекiрелiлер теңiзде өткiзедi (мысалы, Азов, Қара немесе Каспий теңiздерiнде), ал уылдырық шашу үшiн өзендерге кiредi. Балықтардың жыныстық жетiлуi кеш басталады, 10-15 жылдан кейiн, бiрақ олар өте ұзақ тiршiлiк етедi 60-100 жыл.

Бекiрелiлер тiршiлiк бойы тек бiрнеше рет уылдырық шашады. Уылдырықты жылдам ағымы болашақ ұрпақты үнемi оттекпен қамтамасыз етiп тұратын жерлерге-құм немесе ұсақ жұмыр тастар арасына шашады.

Белуга Қара, Азов және Каспий теңiздерiнiң алқабында мекендейдi. Белуга аналығы 5 млн. уылдырыққа дейiн шашады және уылдырықтың жалпы салмағы балық салмағының ¼ құрайды. Белуга көлемi 5 метрге дейiн, ал салмағы 1230 кг дейiн жетедi. Уылдырық салмағы 245 кг дейiн.

Бұл класс бүкiл жер шарын мекендейтiн, балықтардың басым көпшiлiгiн бiрiктередi және омыртқалылар класының түр құрамы жағынан ең үлкен болып есептеледi. Бұл класқа тән белгiлер болып төмендегiлер есептеледi:

Барлық сүйектi балықтарда желбезектi саңылауларды жабатын-сол арқылы жетiлген желбезектi тыныс аппаратын құрайтын, сүйектi желбезектi қақпашалары болады. Қаңқада әрдәйiм белгiлi мөлшерде жапсырма сүйектер болады, туынды жақтары да терi сүйектенулерден тұрады. Iшкi қаңқасы, жартылай болса да сүйектi. Қабыршағы (екiншi рет редукциялануы мүмкiн) ганоидтi немесi сүйектi (плакоидтi емес). Жүзбе қанаттары сүйек сәулелерiмен сүйелмелденедi (қостынысты балықтардан басқалары). Желбезектi қалқалары өте ықшам немесе жиi байқалғандай мүлдем болмайды, сол себептен желбезектi күлтелер тiкелей желбезек доғаларында отырады. Желқабығы (екiншi рет дамымауы мүмкiн) немесе өкпесi (өте сирек) болады. Аталықтарында қос копулятивтi мүшелерi жоқ, ұрықтануы (өте сирек жағдайлардан басқа) сырттай, уылдырықтары майда.

Қазiргi сүйектi балықтарды 4 класс тармағына бөледi: қостыныстылар, көпқанаттылар, сәулеқанаттылар және саусаққанаттылар. Сәулеқанаттылар класс тармағы 3 отряд үстiн құрайды: шемiршектi ганоидтар (бекiрелер отряды), сүйектi ганоидтар (сауытты шортандар) және қылтанақты балықтар (40 отрядтан тұрады).

ШЕМIРШЕКТI БАЛЫҚТАР КЛАСЫ

Шемiршектi балықтарға акулалар мен скаттар отрядының өкiлдерi жатады. Терiсi эмальдi кертештерi бар қабыршақпен қапталған. Желбезектi қақпашалары жоқ, әр шетiндегi 5-7 жұп желбезектi саңылаулары сыртқа ашылады. Бұл құрылыс белгiлерi – шемiршектi балықтардың көнелiгiнiң куәсi.

Акулалар мен скаттар барлық теңiздер мен мұхиттарда мекендейдi. Акулалар түрлерiнiң басым бөлiгi – жыртқыштар. Ұзарған сүйiр торпедатәрiздi денесi, күштi бұлшықеттерi оларға үлкен жылдамдықпен жүзуге мүмкiндiк бередi. Акулалар денесiнiң көлемi әр-түрлi. Iшiндегi ең алыбы-кит акуласының ұзындығы 20 м дейiн жетедi. Ол судан ұсақ планктонды организмдердi сүзiп, солармен қоректенедi.

Акулалардың көпшiлiгi — ашық мұхиттың екпiндi жыртқыштары. Каспий теңiзiнде көлемi 120 см аспайтын және балықтармен қоректенетiн шағын катран акуласы немесе тiкендi акула мекендейдi. Баренц және Ақ теңiздерiнде мекендейтiн катран, майшабақ және жұмсақ қанаттылармен трескамен қоректенедi. Катранның етi өте дәмдi, бекiренiкiнен кем түспейдi. Катрандармен өте сақ болу керек. Олардың арқа жүзбеканаттарының түбiнiң алдында екi өткiр тiкенегi бар болса у бездерi орналасқан. Егер аквалангышы немесе жүзiп жүрген адамдар сол тiкендермен жараланса у кызартып iсiнiп, ауру тудырады. Кейде жүрек дүрсiлi жиiлеп, тыныс алуы тарылады. Көбiнесе ауырғандар жазылып кетедi, бiрақ өлiмге әкелген жағдайлар да кездеседi.

Мұхитта акулалардың көптеген түрлерi мекендейдi: көк, ақ, рифтiк, алты желбезектi, кариб қаражүзбеқанатты, теңiз түлкiсi, ала мысықты, полярлы және т.б. Аса қызығушылықты, басының алдыңғы ұшында аса үлкен балғаға ұқсас, әр жағында көздерi мен танаулары бар, рострумы өсетiн акула — балғалар туғызады. Акула-балғалар — өте қаһарлы және ашқарақ жыртқыштар. Осы акулалар ең жиi адамға шабуыл жасайды. Басының жалпақ бөлiгiнiң төменгi бетi жоғары сезiмталдық пен эхолокацияға ие, осыған байланысты олар топырақ астына көмiлiп жатса да қоректi оңай табады.

Скаттардың көбiсi су түбiнде тiршiлiк етедi. Негiзiнен ұлулармен қоректенедi. Дененiң арқа-құрсақты бағытта жалпақталуымен төс жүзбекқанаттардың қатты өсуi, скаттар түрлерiнiң басым бөлiгiне тән. Желбезектi саңылаулары денесiнiң төменгi шетiнде орналасқан.

Скаттар отряды. Ең iрi скат – манта, немесе теңiз шайтаны. Оның жүзбе қанаттарының жалпы көлемi пәрменi 7 м дейiн жетедi. Өз атауына, олар шаяншалар мен басқа да майда жәндiктердi аузына айдайтын, басында орналасқан “мүйiздерi” – ұзын жүзбеқанаттары және су бетiнен 1,5 м-ге дейiн секiру қабiлетi үшiн ие болды.

Құйрыққазық – скат әуе жыланға ұқсас. Ол шаяндар, ұлулар және басқа да су түбiндегi жануарларды тiсiмен үгiтiп, қоректенедi. Ұзын құйрығының соңында үшкiрленген ұлы тiкенi орналасқан. Ол кiрiп кетсе, адамның өлуi мүмкiн. Оңтүстiк –Шығыс Азияның тұрғындары осы мысықтары деп атайды, олар Қара, Азов және Балттық теңiзiнiң оңтүстiк бөлiгiнде мекендейдi. Қиыр Шығыста алып скат, ал оңтүстiк теңiз жағалауында Қызыл құйрыққазық тiршiлiк етедi.

Электр скатында электр мүшелерi болады. Ол күшқуаты 200 вольтқа жететiн тоғымен жаулары мен жемтiктерiн ұрады.

Ара-балықтың тұмсығы ұзарған және екi жақты қол араға ұқсас. Сол тұмсығымен ол су түбiндегi жануарларды құмнан қазып алады, ал кейде балықтар үйiрiн кiлт тесiп, бiр соққымен көбiсiн жарасқаттайды және өлтiредi. Денесiнiң төменгi шетiнде орналасқан, бiрiгiп өскен басы, төс жүзбекқанаттары және желбезектi саңылаулары, олардың скаттар отрядына жататынына дәлелi.

Кейбiр скаттардың етi өте дәмдi. Үндiстанда шикi және тұздалған акула құйрықты скаттың етiн жейдi. Корея мен Жапонияда гитаралы Шлегельдiң скатының етi деликатес болып саналады, оның жүзбеқанаттарының сорпа қайнатады. Теңiз шайтандары мен мобулдың қызғылт еттерi де қымбат бағаланады, ал электр скаттың етi дүние жүзiнде танылған деликатес болып есептеледi.

12
скачать работу

Балықтар класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ