Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Банк

ен, биылғы 2008 жылдың 1 қазанындағы банк жүйесінің активтерінің үлесі -34,8 пайыз, займда -36,9 пайыз, жеке тұлғалардың депозиттерінде -41,6 пайыз және заңды тұлғалардың депозиттерінде 42,6 пайызды құрайды. 2007 жылы бұл екі банк өз акциялары мен депозитерлық қолхаттарын Лондон қор биржасында орналастырған атты белгі банктер блып саналатындықтан көп нәрседен хабар болып отыр.
Үкімет атынан келісімге қол жеткізген «Самұрық -Қазына» ұлттық әл ауқат қоры «Халық банк», «Казкомға» акционерлік капиталдың 25 пайызы көлеміндегі жай акциялардың қосымша эмиссиясына өз қатысуын шектейді.
Қаржы саласын басқару тетіктері бақылауды тұр. Қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау үшін Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаражат бөлінді.
«Самұрық -Қазына» ұлттық әл ауқат қоры рыноктық қағидаларды басшылыққа ала отырып, инвестор ретінде қызмет етпек. Банктердің корпоративті органдары өз жұмыстарын қазіргі заңнамаға сәйкес жүргізіп, акционерлік капитал мен акцияны сатып алуды ұлғайту жұмыстары «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес жүргізілмек.
Қаржы дағдарысын болдырмау жөніндегі іс шараларды жүргізу бірінші кезектегі мәселе.

Қорытынды
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша – несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
• оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
• акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
• бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
• Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Қолданылған әдебеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы
3. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауы//Егемен Қазақситан, 2 наурыз
4. ҚР-сы Президентінің № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы» жарлығы
5. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды – 2002
6. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы
7. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
8. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
/ Алматы «Экономика»-2000ж /
9. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»
/ Алматы «Экономика»-1998ж /
10. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
11. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-
М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998
12. Сейітқасымов Ғ. С. «Ақша, Несие, Банк»
/Алматы «Экономика» -2001/
13. Сейткасымов и др. « Ценные бумаги и фондовый рынок»
/Алматы «Экономика» -1998 /
14. Шалгимбаева Г. Н. «Рынок ценных бумаг. Механизмы
государственного регулирования» / Алматы Қаржы қаражат-1997/
15. Шаяхметова К.О. «ҚР-ның екінші деңгейлі банктеріндегі шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы», Хабаршы-2005, N 1

Пред.67
скачать работу

Банк

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ