Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

ері нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылады.

Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсетә үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.

Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклінің ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.

Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.

Банк несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылықө және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.

Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін  пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.

Несие алған жағдайда: 1030, 1010-есеп айырысу мен касса шоты; 3310-жабдықтаушылар  мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 "Банк несиелері" шоты кредиттеледі. Несиені етеген жағдайда 4010 шоты дебеттеліп және 1030 шоты кредитгеледі.

Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 4010 "Банк несиесі" шотына: "Мерзіміңде өтелмеген ссудалар" немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалык шоттарына есептен шығарылады.

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызыи есептейді. Есептелінген пайыздардыңсомасы 7310 "Пайыздар бойынша шығындар" шотынын дебеті және 3380 "Төленуге тиісті процснтгер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

 

 

 

       Жылдық                        қарыз                      Несиенің

     пайыздың          х         қалдығы        х         берілген        :  360 күн

     мөлшерлемесі                                               күнінің саны

Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік

 

 

Шетелдік валютада алынган несиенің есебі. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері өкілетті банктерден шетелдік валютада несие алуға құкылы. Несие занды тұлға-резиденттерге қолма-қолсыз, яғни акшасыз тәртіпте ғана беріледі. Валюталық құңдылыктарды өкілетті банк-кепілдік ретінде занды тұлға-резиденттерге несие беру үшін де пайдалана алады және ол шетел және ұлттык валютада беріледі.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды алу туралы келісімдерді тіркеу міндетті емес, егер олардын сомасы 100 мың доллардан және 120 күннен аспаса. Бұлардын, қатарына каржылық  лизингі де жатады.

Несиені алған кезде 1010 немесе 1050 шоттары дебеттеліп, 4010 шоты кредиттеледі. Ал егерде алынған несие кайтарылса, онда 4010 шоты дебеттеліп, 1010 шоты кредиттеледі, 4010 шоты бойынша бухгалтерияда міндетті түрде талдамалық есебі жүргізіледі.

Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.

Кепілге салукезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге үстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.

Ипотека жагдайындакепілге салынғаң мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші түлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.

Ипотека несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды камтамасыз етеді.

Егер де келісім-шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да кұқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа, кондырғыларға және т.б. жалгерлік құқық) және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.) қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де, кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да кол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұракты тапсырма ретінде болуы мүмкін). Ипотекалық келісім-шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы, негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т.б. мәліметтері көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының кұкығы ипотекалық куәлік берілуімен қуатталады, ал ол негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін көрсетеді. Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалады, ал ол тек кепілдік ұстаушының қолында болады.

Ипотекалық куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі мүмкін. Жазып беру бүл ипотекалық құқықтын баска тұлғаға берілгендігін көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген құқыкта берілген түлғанын толық аты-жөні болуы тиіс, ал егер де ол бланкалық  түрғыда (толтырылмаған, қол қойылмаған нысанда) болса, онда ол ипотекалық куәләктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы бірінші беріліп отырса. онда ипотекалық куәлігінде көрсетілген кепілдік ұстаушысы қол кояды, ал егерде ол бірінші болмаса, онда осынын алдындағы жазып берген тұлға кол қояды.

Басқа да несие операцияларын есепке алу. Жоғарыда айтылғандай, несие берудің баскд түрлері 4030"Басқа да несиелер" шотында есебі жүргізіледі. 4030-шышотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары, кызметтері) және берілген вексельдері есепке алынады.

Тауарларды (жумыстарды, қызметтерді) алу ушін берілетін вексельдердің есебі. Сатып алушы сенімхат арқылы жабдыктаушыдан жеткізілген тауармен (жұмыспен, кызметпен) есеп айырысу кезІнде жай немесе аудармалы вексельді пайдалануы мүмкін.

Вексель ұстаушы жабдыктаушылармен, мердігерлермен және баска да кредиторлармен есеп айырысуда берілген вексельмен қамтамасыз етілген карызын 4030шотта есепке алады.

Пайыздық вексель бойынша 4030шотка "Берілген вексель" деп аталатын субшотың ашуды ұсынады.

Пайыздык вексельдің пайызсыз вексельден айырмашылығы, олар өзінің номиналдык (аталуы) құнына пайызды қоспайды, ал пайыздыктаол қосылып келеді.

Пайызсыз вексельде пайыз мөлшерлемесі көрсетілмейді, бірак, марапаттау сомасын анықтайды. Пайызсыз берілген вексельге 4030"Берілген вексельдің сомасынан марапаттау сомасы шегерілген" және 4030"Берілген вексель бойынша марапаттау сомасы" деген косымша екі субшоттар ашылуы мүмкін.

 

Индоссамент бойынша векселді беру операцияларының есебі. Кез-келген жай немесе аудармалы вексель индоссамент арқылы берілетін жазуы айналысқа түсуі мүмкін, яғни осы вексель бойынша бір түлға екінші бір тұлғаға өз құқығын, яғни қойылатын шарттардан басқаларын береді, демек вексель ұстаушы аударма вексельде, "бұйрығын емес", бірақсоған ұқсас мағынадағы сөзді көрсетеді.

Барлык субъектілер өзінің берген вексельдерін акцептесе де, индоссанттаса немесе оған аваль қойса яғни макұлдаса да вексель ұстаушының алдында бәрібір ортақ жауап береді, яғни міндетті болып табылады. Сондықтан вексельді беру индоссанттау жолымен жүргізілсе, онда индоссанттардың міндеттемесі вексель ұстаушылардың алдында сақталады, бірақ ол шартты түрде баланстан тыс шоттарда көрініс табады. Егер де белгіленген мерзімде вексельді алушылар немесе үшінші тұлғалар (трассаттар)төлемесе, онда олар өз қүқығын индоссанттарға карсы түрған регресстерге сатуына болады. Бұл кезде индоссант есепте көрсетілген өз міндеттемесін қалпына келтіреді.

Облигац

12345След.
скачать работу

Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ