Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Батырлар жыры мен Шахнама дастаны арасындағы сабақтастықтар

ің сымбатын өзгеше бір қырынан түсі ндіре алады.
Қол ұстасып қыз Назым
Уәде қылсам сенімен,
Бір жаман келіп малы көр-
Алып кетсе, айырылып
Абыройым ашылар
Қайғыменен басылар
Ат басындай жүрегім,- деген сөздерден Қамбардың Назымға деген адал сезімінің ұшқынын аңғару қиын емес.
Шығыстың сөнбес жұлдыздарының бірі – Фирдоуси «Шаһнамасындағы» әйелдер бейнесіне көз жүгітсек, Мұнда атақты Рүстем батырдың айналасына топтасқан әйел қауымының өзіндік ерекше орны бар. М.Сералин аудармасында мынадай жолдар бар:
Бет ажарын қарасаң
Бұл бәйшешек қызыл гүл
Нағылып оған тең келер,
Қалың кірпік астында
Көлеңкеде нұр көзі.
Якуттай екі ерін
Құлып басып аузына
Шығармай тұр сырлы сөз /6.32/.
Сонымен, қаһармандық эпостағы әйелдер бейнесі халықтың бір замандағы ұғымына, әйелдің қоғамдағы қызметін жоғары бағалауына сәйкес көркемдік жинақтаулар болғанын көреміз.
Фирдоусидің «Шаһнамасы» үш бөлімнен тұрады. Біріншісі – мифологиялық бөлім (ондық патша туралы), екіншісі – батырлық туралы бөлім (Рүстемнің батырлығы туралы), үшіншісі – патшалар тарихы туралы бөлім (Сасанид шахтарының мемлекет билеген жылдардағы әртүрлі оқиғаларға арналған.). Жалпы, «Шаһнама» - дүние жүзі әдебиеті тарихынан өшпес орын алған туынды деуімізге болады. Енді екі халық эпостарындағы осындай тақырып үндестіктеріне тоқталып өтсек.
Мифологиялық көріністер «Шаһнама» дастанында былай суреттеледі:
Дүниені шулатып дауыл сынды.
Қара бұлттай қабарып нөсерлейтін,
Дала кейпін, түнертіп, өзен кейпін,
Көк тұман ғып жарқырап тұрған көкті
Ғажайып құс зуылдап жылдам жетті /4.15/. Яғни Рүстемнің туылуы туралы аңыздардың бірі осындай.
Осы тәрізді мифологиялық көріністер «Алпамыс батыр» дастанында да кездеседі. Яғни Байбөрі байдың күңі Құлтайдың ұлы Ұлтанның дүниеге келуі туралы көріністер:
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей /3.220/.
Үшінші бөлімде тарихи оқиғалар туралы сөз болады. Рүстемнің баласы Зораб (Сүһраб) Тұран елінің батыры және Иран елінің нағыз ері Хеджир арасындағы оқиғалар турасында былай делінеді:
Екі батыр қайрылып,
Қарсыласып қалысты.
Қатты шауып зырқырап,
Болат найза салысты.
Хеджир салды найзасын,
Зорабқа тура жүректен.
Болат найза сынады,
Зораб киген өте алмай
Сауыт пен қаттау жиектен
Найзасын Зораб алады,
Мүқан үшін сырықтай
Ер үстінен салады /7.90-91/. «Қобыланды батыр» жырынан да дәл осындай сюжеттерді кездестіруге болады. Мәселен, қазақ батыры Қобыланды мен қалмақ батыры Қазанның алғашқы кездесулерінде бір-бірін сөзбен шенесіп алғаннан кейін, қолма-қол ұрысқа кіріседі:
Ырғай сапты шүңгіні,
Ырғай-ырғай салысты,
Найза қанға майысты.
Қармақ болып қайысты.
Түкіргенде жын татты
Қанжар қалды қайысып
Семсер қалды майысып /3.72/.
Иә, расында да осындай екі ел арасындағы тарихи оқиғалар эпоста кеңінен көрініс тапқан. Эпикалық шығармалар тек өткен дәуірдің шындығын ғана бейнелеумен шектелмей, өз кезеңінің де жанды оқиғаларын қамтып отыратындығымен ерекшеленеді.
Сайып келгенде, батырлар жыры мен «Шаһнама» дастанындағы тақырып үндестігі өзіндік қырымсен ерекшеленіп, өзіндік тақырыптарымен кең қамтылады.
Әдебиеттер

1. Ахметов З., Шоңбаев Т. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
2. Бердібай Р. Эпос мұраты. – Алматы: Білім, 1997.
3. Батырлар жыры. І, ІІ, ІІІ том. – Алматы, 1963.
4. Ниязова Ғ. Шығыс шайырлары. – Ақтөбе, 2003.
5. Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. – Алматы: Жазушы, 1974.
6. Сәтбаева Ш. Казахская литература и Восток. – Алматы, 1982.
7. Қисса-дастандар. – Алматы: Жазушы, 1986.

12
скачать работу

Батырлар жыры мен Шахнама дастаны арасындағы сабақтастықтар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ