Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Батыстағы Қазақтың ұлтшыл көсемдері және батыс елдеріндегі қызметтері

іруде.
Каманостар бұл саясатында Қырымда бастап, кейін Қазақстанда қолданды.
1949-1950 жылдары Алтай, Үрімжі, Баркөл аймақтарынан құрылып, 30.000 кісілік бір топ қазақ түріктері темір пердені бұзып шығуға қайрат еткен еді. Бұлардың кұманданлары Оспан Батыр, Қажы Жанымхан, Оразбай, Жанабіл, Қаппас Батырлар сияқты мыңдарша адам құрбан болып, бұлардан әрең 1951 жылы біз 350 адам Үндістанға келдік. Бұдан кейін қалғандардың кейбіреулері 1955 жылға шейін көтерілістеріне дауам еткендіктері мәлім. Бүгінге шейін қазақ түріктерінің көтерілісшілерінен кейбіреулерінің Гималай, Төбет, Кұңлұң тауларында қашып жүргендігі кейбір әрекеттерден мәлім болады.
Түркістанда жасаушылар еркіндікке ғашық, қашан бір еркіндік көреміз деп жылауда. Сыртта жүргендер қашан бір еркін болып жасаған (өмір сүрген) елімізді, жерімізді көреміз деп жылауда. Темір перде астындағы адам баласының көрген қиыншылықтары зебір ... жазып түгетуге мүмкін емес.

Бұлардың үміті жалғыз аллада, еркін дүниеде
Жасасын еркіндік!!!
Осындай пікір білдіре білген қазақтардың дені қазіргі күнгі сияқты жаңа заман талабына сай оқу-білім алмаған қарапайым азаматтар болған. Бұған қарамастан кәдімгі қазақ салтының, қазақтың ғасырлар бойы жинаған рухани қазынасының таусылмас қорынан нәр алған Алаш азаматтары ретінде, өз әлдері мен қабілеттері жеткенінше қазақтың азаттығын, еркіндігін, тәуелсіздігін көздеген мақсаттарын әрдайым айтып жариялаудан, қазақ ұлтының мәңгілік бақытына арнаған арпалыстарынан еш уақытта қайтпаған жандар болған. Алаш атын аспандату арманы қазақ баласының жүрегіндегі өшпес рухтың көрінісі болған. Салихлы қалашығындағы қазақтардың қаламы ұшқыр, сөзі өткір зиялылары сол мұратқа жету талпынысынан туындаған әдеби шығармалар да жазып жариялаған. Ондай туындылар, батыстық еркін елдерге жеткен кезде де толастамай ұластырылған және әлем елдерінің назарына, шетте туып өскен ұрпақтың құлағына құйылған рухани қазыналар болған. Олардың ең алдыңғы қатардағысы, әрине жалпы қазаққа ортақ болған Алаш Орда Ұлттық Ұраны мен Маршы болған. (Алаш Орда Маршын, кезінде Шығыс Түркістанның Еренқабырға бөктерлерінде азаттық жолында күрескен Қалибек Хакімнің қол астында полковник дәрежесінде қызмет еткен, қазір Істанбұлда өмір сүретін, 86 жасқа келген Мадалім Чалышкан деген ақсақалдан тыңдайсыздар) .

АЛАШ МАРШЫ
Арғы атам ер Түрік, біз Қазақ еліміз,
Самал тау шалқар көл, Сарыарқа жеріміз.
Біз жүрген Алаштың шын кемеңгеріміз,
Долданса болмайтын жаңа дәу періміз.
Ежелден өр Түрік, оқ тескен етіміз
Қаймығып еш жаудан, қайтпаған бетіміз.
Лап десе, ат болып зуылдап шабамыз,
Лап десе, от болып дүрілдеп жанамыз
Алаштың АҚ ТУЫН ақырып қолға алып,
АЛАШ-тап шапқанда жауға ойран саламыз!

Осы марштан да байқалғанындай, бүгін қазақтың қазіргі шекарасының ар жағырда қалған қазақтардың ата мекенінің бір бөлегі болған Шығыс Түркістан жағрафиясында өмір сүрген қазақтардың да АЛАШ МҰРАСЫН, АЛАШ ИДЕЯСЫН және АЛАШТЫҢ АРМАНЫН ұдайы көңілден шығармай тілектес екендігін байқатады. Адаш мұрасының символы ретіндегі Алаш Гимні Шығыс Түркістан Қазақтарының жадынан шықпай, бір ғасырға жуық уақытқа дейін қалғандығы әрине қазақтың ұлттық рухының мәңгі өшпес айғағындай анық түрде көзге шалынады. Алаш болып, ел болып ту көтеру талабы Алаш әні деген басқа бір өлең шумақтарында былай:

АЛАШ ӘНІ
Қазағым қақтықпа қамалма
Ел болар қамыңды амалда
Атты таң кетті түн
Сал жанды, сал малды аянба
Жәй жатқан, мал баққан ел едік
Елдікте біз кімнен кем едік?
Қаны жат, тілі жат, түрі жат
Жат елден таяқты көп жедік.
Тарыққан, зарыққан шағында
Бостандық кез болды бағына
Ұйымдас, ұрандас қол ұстас
Сен де мін БАБАҢНЫҢ ТАҒЫНА!!!

 

Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Мұхтар Әуезов

12
скачать работу

Батыстағы Қазақтың ұлтшыл көсемдері және батыс елдеріндегі қызметтері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ