Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бауырымен жорғалаушылар класы

Батыс күнгей Кавказда, Уссурия өлкесiнде, Жұнғар Алатауында кездеседi. Омыртқалыларының екi жағы да қабсыңқы және бос бұрыш сүйегi сақталады. Ұрықтануы сырттай. Бұларға тұйықжелбезектiлер тұқымдасына кiретiн Жапон және Қытай алып саламандрасы және американдық тұйықжелбезек түрлерi жатады.

Бұрыштiс тұқымдасына сiбiр төртсаусақты құйрықты бақа, жетiсулық бақатiс, уссуриялық тырнақты құйрықты бақалары кiредi.

Құйрықты амфибиялар арасында ең iрiсi ұзындығы 160 см-ге жете алатын – алып саламандра. Ол жылдам тау өзендерi мен бұлақтардың орта ағымында тiршiлi етедi. Күндiзгi уақытта тастар немесе шайылған жағалаулар астында өткiзiп, түнгiсiн бақа, балық, шаян және жәндiктермен қоректенедi.

Амфистома отряд тармағына омыртқаларының екi жағы қабысуымен, бiрақ бұрыш сүйегiнiң  жоқтығымен сипатталатын, тек бiр ғана амфистома тұқымдасы кiредi. Амфистомалылар арасында неотиния құбылысы кең дамыған және олардың дернәсiлдерi аксолотлялар атымен белгiлi.

Саламандра отряд тармағы артқа ойысқан (опистоцельдi) немесе сирек екi жағы да қабысыңқы омыртқаларымен сипатталады. Оларда бұрыш сүйегi қоса буынмен қосыла өседi. Бұл үлкен отряд тармағына 3 тұқымдас кiредi. Түрлерге ең бай, артқа ойысқан омыртқаларымен, жақсы дамыған тiстерiмен, ересек кезiнде желбезектер жоқтығымен сипатталатын саламандралар тұқымдасы. Бұларға құйрықты бақалар және саламандралар жатады. Осы отряд тармағына ұрықты аяқтары және желбезектi саңылаулары бар жартылай дернәсiлдi формалы өкпесiз саламандралар мен амфиумдылар тұқымдасы кiредi.

Протеи отряд тармағына өзi белгiсiз саламандралардың неотендiк дернәсiлдiердiн бейнелейтiн протейлердiң бiр тұқымдасы кiредi. Бiр түрi Еуропада, ал екiншiсi Солтүстiк Америкада тiршiлiк етедi. Барлық құйрықты қосмекендiлер жұп аяқпен  және ұзарған денемен жалғасатын жақсы дамыған құйрықпен сипатталады. Дененiң мұндай формасы қосмекендiлерге ең маманданбаған және ең тiн болып есептеледi. Төменгi топтарда ұрықтық хорда тiршiлiк бойы сақталады.

Омыртқалары амфицельдi немесе опистоцельдi, нағыз қабырғалары болмайды, бiрақ қысқа жоғарғы омыртқалары бар. Бассүйектiң маңдай және төбе сүйектерi қосылмаған, жұп көзсынатәрiздi сүйегi бар. Шаршыжақты сүйегi жоқ, сондықтан жоғарғы жақ сүйегiнiң шетi бос аяқталады. Иық белдеуiнiң басым бөлiгi шемiршектi болғандықтан коракоидтар елгезек бiр-бiрiн басып тұрады.

РЕПТИЛИЯЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

Құрлықта көбейетiндердi нағыз құрлықты жануарлар деп атайды. Олар ыстық климатты мемлекеттерде мекендейдi және тропиктерден алыстаған сайын олардың саны едәуiр азаяды. Олардың таралуын шектейтiн фактор — температура, себебi бұл суыққанды жануарлар тек ауа-райының жылы кезiнде ғана белсендiлiк танытады, ал суық немесе ыстық кезде олар iнiне көмiледi, тығылады немесе ұйқыға көшедi. Биоценозда бауырымен жорғалаушылардың саны көп емес, сондықтан олардың рөлi аса байқалмайды, осыған қоса олар үнемi белсендiлiк танытпайды. Бауырымен жорғалаушылар тiрi қорекпен қоректенедi: кесiрткелер-жәндiктермен, ұлулармен, қосмекендiлермен, жыландар болса кемiрушiлермен, жәндiктермен қоректенедi, сонымен қатар олар адам мен үй жануарларына қауiп төндiредi. Өсiмдiкқоректi құрлықты тасбақалар бау-бақшаларға зиян келтiрсе, су тасбақалары балық және омыртқасыздармен қоректенедi. Адам көптеген бауырымен жорғалаушылардың етiн асқа пайдаланады (жыландар, тасбақалар, iрi кесiрткелер). Кроколдтлдер (қолтырауындар), тасбақалар және жыландар  терiсi мен сауыты үшiн жойылуда, осыған байланысты бұл көне жануарлардың саны тым азайып кеттi. АҚШ пен Кубада қолтырауындар өсiретiн фермалар бар.

РЕПТИЛИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ

Көптеген, әсiресе далалы жермен шөлдердегi бауырмен жорғалаушылар, ұлулар, жәндiктер, әртүрлi тышқантәрiздi кемiрушiлер және басқа да жануарларды қорек ете отырып, олардың санына үлкен әсер етедi. Өз орнында, бауырмен жорғалаушылар түлкi және күзен сияқты кәсiби аңдарына қорек болып келедi.

Әртүрлi елдер ертеден берi крокодил, үлкен жылан және кесiрткелердiң терiсiн, портфель, чемодан, аяқ-киiм, белдiктер жасауда қолданады. Крокодилдердiң терiсi ерекше бағаланады, олардың таралған жерлерiндегi саны өте азайған және оларды қорғауға алып, арнайы фермаларда өсiредi.

Ерте кезден берi кейбiр тасбақа түрiнiң сауытының мүйiздi тақташалары қолданылады. Арнайы өңдеу арқылы, олардан көзiлдiрiктерге оправа, тарақтар және басқа да заттар жасайды. Кейбiр елдерде тасбақаның етiмен жұмыртқасын қорекке қолданады.

Медицинада жылан уын кеңiнен пайдаланады. Одан әртүрлi дәрiлер дайындайды. Уды алу үшiн арнайы жылан тәлiмбақтары құрылған. Ташкентте, Бишкекте үлкен жылан фермалары бар. Бұл жерде Орта Азия мен Қазақстанның әбжылан, қарасұр жылан, атпа құмжыланын және басқа да улы жыландар бар.

Көптеген бауырымен жорғалаушылар адам шаруашылығына зиян келтiредi. Мысалы, Орта азиялық тасбақа темiржол үймелерiн, суармалы каналдар жағалауын, дамбыларды бұзып, жол салады. Улы жыландардың шағуынан, әсiресе оңтүстiк Шығыс Азия мен Оңтүстiк Америкада адамдар өледi.

Кәсiби және улы бауырымен жорғалаушыларды жоюмен байланысты, олардың саны азайып, жоғалу қауiпi туды. Сирек кездесетiн және жоғалып бара жатқан бауырымен жорғалаушыларды сақтау үшiн, оларды қорғау керек. Су кеселдi, қиыршығыстық тасбақаны, ортаазиялық әбжыланды және басқада көптеген жануарларды жоюға тиым салынған.

12
скачать работу

Бауырымен жорғалаушылар класы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ