Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі

жан жүрегімен езіле қарап,

оның болашағына үңіледі. Сол елін, жұртын жүдетіп отырған керағар сұм заманның кемшілік қайшылықтарын өткір және әзіл сынайды. Оның әсіресе „Қалың елім қазағым, қайран жұртым” атты өлеңінде сол қалың қазағаның халіне қиналған ақынның тұлғасын танимын.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?,-

деген өлең жолынан  елін, қайран жұртын сүйген ақынның үлкен жүрегі жатқан жоқ па?

Ұлы Абай өзінің шығармашылығында елін жүдетіп отырған “алтыбақан алауыздықты” қатты сынады. Халқының болашағын ойлаған ұлы ғұлама, елін бірлікке шақырды.

Абайадамгершіліктуралы: „Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”, - деп адам бойындағы ұлы қасиеттерді достықпен, мейіріммен, құдыретті еңбекпен байланыстырып, ақыл-ойдың  жемісі деп көрсетеді.

Ал Бауыржан ата „Адамгершілік – ар тазалығы” дейді. Адам адамға дос болу үшін мейірім, шыншылдық, тату достық, таза жүрек керек дейді.

„Талаптының тоқпағы жерге қада қағады”, „Адамгершілігі жоғары адамның алдында жат қалықтар жасауға ешкімнің батылы бармайды. Себебі, оның мысы болады”, „Жан жүрегі таза, рухы биік адамды ешкім басына алмайды”.

Ұлы Абайсөз өнеріне терең талап қойды. Ол өз шығармасында мынандай деген пікірді айтады:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,- деп әдебиеттің, тілдің адамзат өмірінде алатын орны туралы айтса, Бауыржан Момышұлы атамыз да тіл туралы былай дейді: „Ежелден, атам заманнан тілдің, мәдениет әдебиеті өсіп, өніп от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениеттің арнаулы құралы – ғылымның атаулы санасы екені даусыз. Тілсізді – айуан дейді. Тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды.

Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін білдіреді”.

Абай еңбек және еңбек адамытуралы: „Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық” десе, Бауыржан атамыз: „Өмір сүргің келсе, сүріне еңбек ет”, „Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық”, „Арпалысып алған абырой өмірдің ең шырын рахаты”,- дейді.

Бауыржан ата өз шығармаларында білімді ел ең қуатты ел болатындығы туралы айтқан. Ол өз шығармасында қанат болып қалған мына сөзге мән берейікші: “Ақыл айтар мезгілді мың жасаған шалдай бол” ,- дейді батыр атамыз. Демек білімді адам ол көпті көрген, мың жасаған шалдай болады. Ол: “Қоғамды өзгертіп дамытатын жастардың қолында”,- десе, Абай: “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез”,- дей отырып, “Мал жұтайды, білім жұтамайды” деген.

Ұла Абай:

“Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен әсем күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй”,- деп өзінің “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңінде өнерді терең толғаған. Қазақтың ән өнеріне, жалпы тіршілігінде алатын орны туралы “Өнер адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі оның арманы мен қиялы жалпы болмысы, қай тілде айтсада аударусыз түсінікті, кім-кімнің жүрегіне жетіп жатады”,- дейді. Сондықтан Абайды біз ұлы компазитор деп те танимыз.

Ал Бауыржан Момышұлы өнер саласында қазақтың киелі аспабы домбыра туралы былай дейді:

Екі ішектің, бірін қатты, бірін сәл жай бұра

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.

Бауыржан Момышұлы: “Домбыра деген қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей білесіңдер. Баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңдіру осындайдан бастау алады. Домбыраның сырлы сарына ауыздан балғын бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады”,- дейді.

„Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді, ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да бола алмайды, жеміс те бермейді”,-деп Бауыржан атамыз қазақтың ән өнерін, музыка өнерін адам өмірінен алатын орнын, нағыз Абайша суреттеп берген деп түсінемін.

Менің ғылыми жұмысымның негізгі мақсатында айтайын деген ойым, екі ұлы тұлғаның, қоғам қайраткерінің халқым деп қалтқысыз қызмет еткен, елім деп емірене сүйген бабаларымның шығармашалығында іздену болды.

Өзімнің азды-көпті ой толғаныстарымменен, ізденімпаздығымды хәл-қадірімше ашқандаймын.

Шын мәнінде өз тұғырында, әлі зерттелу биіктігінде көріне қоймаған Бауыржантану ғылымына ең алғаш бой ұрған және соны әрі қарай жалғастырушылардың бірі боламын деген ойдамын. 

Бауыржан атаның өмірі мен әдебиетке қосқан үлесін және қазақ поэзиясының асқаралы шыңы, ойшылы, данышпаны Абаймен үндестігін қабілетім жеткенше аша отарып, мен де Бауыржан атаға жүрек жарды өлеңімді арнағым келіп отыр:

Ақыл, сөзді көңілге түйіп алғаймын,

Көк жүзінде қыран болып самғаймын.

Ұлы жолын Бауыржандай атаның

Жаңа ғасыр ұланы болып жалғаймын.

 

Тербейд мені бейбітшілік жыр әні,

Қалықтасын халқымның ән-ұраны.

Батыр ата атындағы мектепте

Өсіп келед Бауыржаншыл қыраны.

 

Ата сөзін әрқашанда құп алам,

Оттай лаулап жанатұғын мен болам.

Егеменде, тәуелсіз Қазақстанымның

Лаулап жанған Бауыржаншыл қыз болам!,-

деп өзімнің пәк жүрегімнен жарып шыққан жыр жолдарымды арнай отырып, екі ғұлама, ойшылдың ақыл-парасатқа толы қалдырған мұраларынан отансүйгіштікті, елжандылықтышығармаларынан нәр, үлгі ала отырып, XXІ ғасырдың иегерлері, біздер, Бауыржаншыл ұрпақ болып өсеміз.

Екі ғұламадай елімізді, жерімізді шексіз беріле сүйіп, туған халқымызға адал еңбек етеміз.

Елбасымыздың Жолдауында көрсетілгендей, дамыған елу мемлекеттің қатарына енуге барлық білім парасатымыз бен дарынымызды бағыттап, аямай тер төгеміз.

Себебі, біз еліміздің ертеңіміз!

 

Қолданылған әдебиеттер

[1] Б. Момышұлы ″Ұщқан ұя″. Алматы. ″Жазушы″. 1975 ж. № 1603. 384 бет.

[2] А. Бек ″Арпалыс″. Алматы. ″Жалын″. 1977 ж. № 979. 232 бет.

[3] Қ. Жұмалиев ″Стиль - өнер ерекшелігі″. Алматы. ″Жазушы″. 1966 ж. № 231. 228 бет.

[4]А. Құнанбаев ″Өлеңдер″. Алматы. ″Мектеп″. 1987 ж. № 1204. 158 бет.

[5] Т. Нұртазин ″Шеберлік туралы ойлар″. Алматы. ″Жазушы″. 1968 ж. №5. 288 бет.

[6] З. Қабдоллов ″Сөз өнері″. Алматы. ″Мектеп″. 1982 ж. № 1937. 364 бет.

[7] А. Ормантай ″Мәңгі тірі Момышұлы″. Алматы. ″Қазақпарат″. 2000 ж. № 84. 176 бет.

[8] Т. Қожакеев ″Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселері″ . Алматы. ″Қазақ университеті″. 1993 ж. 142 бет.

[10] С. Тойшыбаева, Е. Дайрабаев, Т. Қожакеев ″Мектепте қазақ әдебиетін оқыту″. Алматы . ″Мептеп″. 1968 ж. 198 бет. 

[11] А. Құнанбаев ″Қалың елім қазағым″. Алматы. ″Жалын″ 1995 ж. 384 бет.

[12] ″Болашақ″газеті. №10. 7 мамыр.

[13] З. Ахметова ″Шуақты күндер″.

[14]  Б. Момышұлы ″Қанмен жазылған кітап″.

[15] Ә. Нұршайықов ″Ақиқат пен аңыз″.

12
скачать работу

Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ