Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бауыржан Момышұлының артында қалған өсиет, нақыл, қанатты сөздер

күрестің, ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.

Өтірік – барып тұрған зиянды у.

Шындық – парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады.

Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен де жоғары қояды.

Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты, адам неге қабілетті болса, соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.

Парыздан биік шың жоқ.

Парыз – арман мен даңқ шыңы.

Болған оқиғаны шын мәнінде болған күйіндегідей етіп суреттеу, көрсету – бұл тұрпайылық, үстірттік емес, бұл да өнер.

Күрестің мән-мағынасын терең көркемдікпен ашып көрсету – хас суреткердің ұлы міндеті мен парызы.

Қатал соғыстағы адамдар – шығарманың материалы. Олардың бейнелері мен портреттері – ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар қайталанбайтын уақыт пен жағдайларда жасалынған.

Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейнебір таным айнасы болды.

Сақтық жасай отырып, батыл түрде қимылдау – батырдың басты қасиеті.

Соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген қан болып қала береді.

Тек әділдіктің күшінің арқасында ғана әділ жандардың әділеттілігі өмірден орын алады.

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ерлікті оның мерт болуынан іздемей, оның өзінен іздеу керек.

Қызғаныштың үш түрі бар: жеке бастың қызғаншы, ұлттық қызғаныш сезімі және Отанға деген сүйіспеншіліктен туатын қызғаныш сезімі.

Ұрыс идеалы дегеніміз – бұл ұрысты шығынсыз жеңіп шығу.

Ұрыс өнері дегеніміз – бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп шығу деген сөз.

Қаны тамып тұрған шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиын.

Ұрыста бәрі тексеріледі, адамның барлық жеке қасиеттері сынға түседі.

Жалғандық оқтың астында шыдас бермейді.

Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.

Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады.

Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман – нағыз солдаттың ар-ұяты кез келген сыртқы мәжбүр етуден де қатал.

Қорқынышпен күресте ерлік, жеңістің нәтижесінде парыз сезімі туады.

Ұрыста өмір ешкімге сыйға берілмейді, жеңіп алынады.

Өзін-өзі сақтау инстинктінің екі жағы бар: ол қорқақтықты да тудыруы ықтимал, бірақ көпшілік жағдайда ол ерлікті тудырады.

Табандылық – батылдық қалқаны.

Кім қорғана алмаса, сол өледі.

Өмір үшін күрес – ұрыстағы қорғаушы күш.

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.

Өтірік – ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

Абсолютті батыр да, абсолютті қорқақ та жоқ.

Бүгінгі іс-әрекетіміздің сәтсіздік тәжірибесі, ертеңгі күнгі сәтті ісіміздің хабаршысы болуға тиіс.

Біздің нақты болмысымыз – шындық.

Шындық ақиқатты түсіндіруші.

Шындық – бас шабатын айбалта, бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта.

Жеңіс өздігінен келмейді.

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз басты белгісі.

Ана тілін сүймегендік, білмегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады.

Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.

Жеке және қоғамдық өмірде адам қасиеттеріне соғыс әсер етпей қоймайды.

Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды.

Көкпар, бәйге, аударыспақ – батылдыққа, ептілікке баулитын, бұлшық етті шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті өзінің ары мен тағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі спорттық ойындар. Бұл ойындардың игілікті екендігіне ешқандай күдік болмауға тиіс.

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды.

Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

Сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады.

Мақал, мәтел – өмір тәжірибесі.

Жас адамға жүрек – би.

Ит – ауыл есігінің қоңырауы.

Қазіргі әншілер қайғыны биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жіберді.

Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты.

Қазынасыз керуен қарақшыдан қорықпайды.

123
скачать работу

Бауыржан Момышұлының артында қалған өсиет, нақыл, қанатты сөздер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ