Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БІЛІКТІ БАЙЛАНЫСШЫ

ония, бейнекөрініс, мәліметтер жөнелтуді иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бұрын тек облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар барлық аудан орталықтарында Metro Ethernet жүйесін құру жұмыстары атқарылған болатын.
Ақтау қаласындағы жүйені дайындау мақсатында «Ақтау қаласындағы Metro Ethernet жүйесін кеңейту» жобасы бойынша ауқымды жұмыстар орындалды. Қолданыстағы мәліметтер жөнелту жүйесі жаңғыртылып, жаңа сапалы деңгейге көшірілді. Өткізгіштік қабылеті 10 Гбит/с құрайтын ІP/MPLS жүйесі жарақтандырылып, нәтижесінде, 2009 жылдың төртінші тоқсанында Ақтау қаласында сандық телевизия қызметін ұсыну басталып та кетті!
Дирекцияның «Аудан орталықтарында SDH жүйесін кеңейту және жаңғырту» жобасы бойынша атқарған қыруар жұмыстары 2010 жылдың аяғына таман барлық аудан орталықтарында сандық телевизия қызметін ұсынуға мүмкіндік ашады.
Маңғыстау облысында ETTH (Ethernet to the Home) және FTTH-GPON (үйге/пәтерге дейінгі талшық) технологиялары негізінде Trіple Play (Megalіne, іD phone, іD TV) тұжырымдамасына кеңжолақты жетімділік қызметін ұсынуға арналған кеңжолақты жетімділік жүйесінің құрылысы басталды.
Дирекция бұл жұмыстардың барлығында да қазақстандық мазмұнға баса назар аударып келеді. Сатып алынатын қызметтер мен тауарлардың барлығында да отандық үлес қалыс қалып көрген емес. Үстіміздегі жылдың жарты жылдығында бұл көрсеткіш 60 пайызды құрады.
Елбасымыздың қолдауымен ашылған Тәуелсіз елдің тұңғыш жаңа ауданы – Мұнайлы да назардан тыс қалған емес. Жас аудан тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру жолында да бірқатар жұмыс жасалып жатыр.
Ержанды толғандырып отырған мәселе мынау: «Ауданның жаңа орталығы –Батыр поселкесі салыну үстінде. Оны жобалау жұмыстарына бізді де қатыстыру керек деп есептеймін. Біз магистралды желіні өзіміз салып, орталықты байланыспен қамту жобасын өз қаржымызға жасаймыз. Әкімшілік оны Бас жоспарға кіргізуі тиіс. Ертең тендерден кім ұтса да, сол бекітілген жобамен жұмыс жасауы маңызды».
Жалпы, ауданда өз алдына байланыс желісін ашу керек деген ұстанымдағы басшының сөзіне қосылмасқа амал жоқ.
«Бес жылдығын ойламаған еркектен без» демекші, білікті басшы Жаңаөзен қаласына заманауи іeNet байланыс желісін орнату арқылы «Кендірлі» халықаралық демалыс аймағын байланыспен қамтуды мақсат етіп отыр. Бұл өз кезегінде, Үкіметтің мұнайшылар қаласының ондаған жылдар бойы қордаланып қалған әлеуметтік мәсе¬лелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарламасымен үндесіп жатыр.
Сонымен қатар, былтыр болашақта салынбақ «Ақтау-Сити» қаласының іргесіне оптикалық талшықты байланыс желісін тартып қойды. Қала құрылысы басталысымен ішіне дендей енбек. Бұл облыс басшылығының қолдауын тапты. Жоба – Орталық аппаратта бекітіліп, акционерлік қоғамның өз қаржысына жүргізіледі.
Ержан қазақ, орыс тілдерінен бөлек, ағылшын тілін еркін меңгерген. Филиалда іс жүргізу толықтай мемлекеттік тілге көшірілген. Марқайтатыны – дирекция ғимаратының қабырғаларынан тек кәсіпорынның жетістіктері ғана емес, сонымен бірге еліміздің ауыз толтырып айтарлық толайым табыстары да көрініс тапқаны.
Облыстағы ірі кәсіпорындардың бірінің басшысы ретінде Ержан Сәрсембаев облыс, қала аумағындағы қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шаралардан қалыс қалып көрген емес. Ұжымын бастап Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні сияқты халықтық мерекелерде үйін тігіп, шерулетіп жатқаны. Кәсіпорынның өз ішінен Елбасының Жолдауын насихаттаушы ақпараттық үгіт-насихат топтары құрылып, Жолдаудың басым бағыттары қызметкерлерге таныстырылды.
Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы биылғы Президент сайлауына да белсене қатысып, барлық сайлау учаскелерін кідіріссіз байланыспен қамтамасыз етті. Сайлау науқаны кезіндегі белсенді қызметі үшін ұжым басшысы Ержан Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына ие болды.
Имандылықты ту еткен Ержан Әбенұлы өнер мен ғылым жолындағы ізденімпаз жандарға қолдау көрсетіп келеді. Аузынан Алласын тастамайтын, тәубесінен жаңылмаған ақадал азаматты жергілікті жұрт та жатсынған жоқ. Қашан көрсең де, ата-баба жолымен «Аға баласы» деп төрінен орын ұсынып, алдына дәм-тұзын тартып жатқанына куә боласыз.
Ержан Әбенұлы бәзбір басшылардай жанына шұбыртып команда ертпей-ақ, жергілікті мамандарды көтермелеп, солардың күшімен бүгінгі жетістігіне жетіп отырған басшылардың бірегейі. Сонымен қатар, Ержан еңбеккерлер арасындағы сабақтастықтың үзілмеуін қатаң қадағалайды. Зейнет жасына жетсе де, жанбастап жатып алып, өскелең жасты еңбекке баулып, орнымды босатайын деген ниеті жоқ аға ұрпақтың қылығына қынжылады.
Жас мамандарды Алматы байланыс институтынан алдырғанды дұрыс көреді. Квотасы да бар. Онымен негізінен қызметкерлердің балалары оқиды. Себебі, олар өз балаларына кепіл болады. Бұдан бөлек 3 жыл қызмет жасаған қызметкердің де оқуға мүмкіндігі бар. Бір-екі жыл мүлтіксіз жұмысымен көрінген қызметкерге өзі кепіл болып, оқуға жіберген кезі де болды.
Қызметкерлерден жұмыс талап ету үшін олар¬ға ыңғайлы жұмыс жағдайын жасау керек екені екібастан белгілі. Бұл ретте, 2-3 жыл тұрып қалған бас ғимараттың жөндеу жұмыстарын шұғыл аяқтады. Іші-сырты бірдей көз тартып тұр, күндіз-түні әсемдігімен баурайтын облыс орталығындағы алдыңғы қатардағы көрікті ғимараттардың бірі. Оның ішінде қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Қыста – жылы, жазда – салқын. Шай-суы – бәрі қаралған. Тек, жұмыс жаса.
Аудандардағы бөлімшелердің ғимараттарын да күрделі жөндеуден өткізіп, кейбіреулерін жаңадан салғызды.
Абоненттерге сапалы сервистік қызмет көрсету басты назарда. Қызмет сапасын көтеру үшін бар күшін салып жатыр. Қазір клиенттер үшін барлық ыңғайлы жағдайлар қарастырылған бірыңғай қызмет көрсету залы қызмет атқарады. Мұнда абоненттерге телекоммуникацияның жаңа қызмет түрлері көрнекі түрде көрсетілетін көрсетілім нүк¬телері де орналасқан. Бұдан басқа, мұнда ІPTV туралы мәлімет алып, интернет қызметін пайдалануға болады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін арнайы зал жасақталған. Мысалы, іссапарда жүрген іскер азаматтар мұнда келіп, емін-еркін қызмет жасауына болады.
Сервистік қызметкерлер телекоммуникациялар мен клиенттерге қызмет көрсету стандарттары бойынша үздіксіз оқытылады. Қызмет көрсету сапасы, сату икемділігі сияқты кәсіби шеберліктерді шыңдауға бағытталған мұндай шаралар міндетті түрде тестілеу арқылы тексеріледі.
Ұжым да отбасы секілді, бірлігі болмаса – берекесі кетеді. «Бір құмалақ – бір қарын майды шірітпеуі» керек. Осыған орай, жұдырықтай жұмылған ұжымда қызмет атқару икемділігін, сондай-ақ, ұжымдық еңбектің нәтижесіне дербес жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатындағы тренингтер де тұрақты өткізіліп тұрады. Кадрлық резерв пен аттестациялау жүйесінің өзіндік мектебі қалыптасқан. Аталмыш мектеп негізінен коммерциялық бөлімге қосалқы қызметкерлер дайындауға бағытталған.
«Сервистік қызмет дегенде,тұрғындардан ақша жыратын алаяқтар да кездесіп қалатыны рас. Ондай факті анықталса, біз оларды аяусыз жұмыстан шығарып жібереміз. Жалпы, мен сынға дұрыс қараймын. Халықтың бізге қаратып айтқан сын-ескертпелері арқылы, өзіміздің жұмысымыздағы олқы тұстарды анықтап, оны түзетуге тырысамыз. Бұл – бізге пайдалы. Бір сөзбен айтқанда, біздің жұмыс бағдарламамыз халықтың өтініш, ескерт¬пелеріне байланысты түзіледі», – дейді Е. Сәрсембаев.
Қалтқысыз қызметі үшін Ержан Сәрсембаев «Астананың 10 жылдығы» естелік медалімен, «Маң¬ғыстау облысына – 35 жыл» төсбелгісімен, Маң¬ғыстау облысы әкімдігінің, Қазақстан байланыс қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Түрлі аймақ, қала басшыларынан алған алғыс-ризашылықтарында есеп жоқ. Соның ішінде Маңғыстау облысындағы барлық аудан әкімдерінің Алғыс хаттары бар. 2010 жылы Ержан Сәрсембаевқа «Құрметті байланысшы» атағы берілді.
Білікті басшы, асыл сүйекті азаматтың ел болашағын қамдаудағы, қызметі бұнымен бітпесе керек, сондықтан Ержан бауырымызға толағай табыс пен жемісті жетістіктерге жете бер деп тілейміз.

12
скачать работу

БІЛІКТІ БАЙЛАНЫСШЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ