Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

bsp; оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;

-               оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi  туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi  ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады?  электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

  1. Жан-жақтылығы.
  2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
  3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
  4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
  5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
  6. Тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқулықтың құрамы:

-               аннотация;

-               пән туралы қысқаша ақпарат;

-               жұмыс бағдарламалары;

-               электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

-               ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

-               теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

-               теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

-               практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

-               практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

-               бақылау тапсырмалары;

-               лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

-               бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

-               бақылау тестiлерiнiң жинағы;

-               телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

-               глоссарий;

-               әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;

-               озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;

-               үйренушiнiң жұмыс папкасы;

-               мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.

 

Электрондық оқулықты құрастыру мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:

  1.  Оқу пәнiнiң мазмұндық көлемiн бағалау.
  2.  Оқу элементтерiн үйренушiнiң бiлiмдiлiк, икемдiлiк дағдыларын  қалыптастыру деңгейiне сай    анықтау.
  3.  Оқу материалын өзiндiк бiлiм алу деңгейiне бөлу.
  4.  Оқу материалының мазмұнының негiзгi элементтерi (тарау, тақырып, сабақтар)  аралығындағы мағыналық байланыстар жүйесiн айқындау.
  5.  электрондық сөздiк-анықтаманы (глоссарий) дайындау.
  6.  Әрбiр тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлiк слайдтар жиынтығынан құралған лекциялар конспектiсiн дайындау.
  7.  Тест материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша 3 деңгейде – жабық, ашық және типтiк емес есептердi шешу).
  8.  Көрнекi материалдарды электрондық түрде дайындау.
  9.  Өзiндiк және практикалық сабақтарды жүргiзетiн материалдарды дайындау.

10.        Электрондық баспаны дайындау жұмыстарын мультимедиялық лабораториялардың мамандары (программалаушы, дизайнер, инженер) жалғастырады.

12
скачать работу

БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ