Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Білім эволюциясы

мәдениетінің феномені болып табылды. Ғылымның дамуының әлеуметтік қозғаушы күштердің бірі ретінде жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет етіп дамып келе жатқан капиталистік өндірісті көрсетуге болады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның өндіргіш күші ретінде ғылымға деген сұраныс туды. Сонымен қатар жаңа ғылымға тән жаңа мақсаттары пайда болып, олар ертедегі ғалымдардың ұсынған мақсаттары мен міндеттерінен елеулі түрде өзгешеленді.
Батыс мәдениеті әдетте рационалды деп аталатындығы белгілі, сол себепті болар, ол капиталистік өндіріспен өте жақсы ұласып кетті. Батыс мәдениеті еңбек пен техникалық жаңалықтардың бөлінуі есебінен барынша мол табыс табуға мүмкіндік беретін аса рационалдық жүйе ретінде қалыптасты.
Қазіргі заманғы ғылымда батыс мәдениетінің өзіне ғана тән ерекшелігі ғылымның іс - әрекеттік бағытталуы. Себебі, егер де жасалынып жатқан жұмыстың нәтижелілігіне көзі жетпесе, бір де бір капиталист ғылыми зерттеулерге қаражат бөлмейді.
Алайда барлық ғылыми жаңалықтар мен пікірлер бірдей оң көзқараспен қабылданған жоқ. Мысалы, Бартелеми Тимоньенің иненің құлағын, әдеттегідей иненің соңына емес басына орналастаруы (1830 ж.) тігін машинасын жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бірақ тігін машиналары жасалып шығарыла бастаған кезде, тігіншілер жұмыссыз қалудан қорқып, 80-ге тарта тігін машинасын қиратып тастағандығы белгілі. Осыған ұқсас кітап басып шығарудағы Гутенбергтің жетістіктеріне саудагер Иоганн Фуст назар аударып, Гутенбергке алғашында қаржылай көмек көрсеткенімен, кейін 1455 жылы тез пайда табу мақсатында Гутенбергке қарсы сот ісін бастаған. Сот ісін жеңген ол барлық әріп теретін станоктарды тәркілеп тартып алып, Гутенбергтің көмекшісі болып жұмыс істеген күйеу баласымен бірге жаңа іс ашқандығы да тарихта белгілі. Жыл сайын пайда болып жатқан дәлелдемелерге, сондай – ақ 1967 және 1982 жылдары Ватиканның эволюцияның глобальдік сипатқа ие болғандығын ресми түрде мойындағаның танығандығына қарамастан, эволюциялық теория діни қайраткерлер тарапынан сенімсіздікке, түрлі сын мен тіпті оны жоққа шығарушылыққа ұшырауда.
Қазіргі заманның ғылымы қоғам мен адамды қоршаған ортаны өзгертудің және оны танып-білудің аса қуатты құралына айналды. Оған көз жеткізу үшін ұялы телефондар мен интернет, автомобильдер мен көшедегі тығырықтар, бай өмірдің насихатты, жұмыссыздық пен көшелердегі қайыршылықты еске түсіру жеткілікті. Бұның барлығы капитализм деп аталатын қоғамдық формацияның өзіне тән белгілері. Осы формацияның және капиталистік қатынастардың негізі ретінде техникалық мәдениет пен қоршаған орта ресурстарын экстенсивті пайдалану болып табылады. Қоғамдық қатынастардың бұл түрі жаратылыстанушылық және техникалық ғылымдардың қоғамның басты өндіруші күштері ретінде қарастырылып, пайдалануының негізінде дамып, пайда болған.
Басқа сөзбен айтқанда, ғылымның дамуының әлеуметтік қозғаушы күші болып жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет еткен капиталистік өндіріс болып табылды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның өндіргіш күші ретінде ғылым қажет болды. Сталиндік типтегі социалистік жүйенің құлауы жаңа капиталистік қатынастардың бүкіл әлемге тарауына әкеліп соқты. Сол себепті қазіргі сәтте капиталистік техникалық мәдениет өзіне тән қарама-қайшылықтарына қарамастан қазіргі заманның әлемдік қауымдастығының идеалы және бас иетін құдайы тәрізді болуда. Сондықтан барлық мемлекеттер аса қуатты капиталистік елдер секілді пайда табудың жолына түсіп отыр.

1.2 Ғылыми танымның құрылымы
Ғылымды - эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.
А.А.Горелов, аңызға айналған Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңның ашылуың мысал ете отырып ғылыми танымның құрылымын оригиналды түрде талдап қарастырды. Осы аңыз бойынша Ньютонның басына кенеттен алма құлап, сол мезетте Ньютонның ойында бір керемет ой пайда болып, ол бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы заңды ойлап тапты деп саналады. Бұл жерде алманың Ньютонға дейін көптеген адамдардың бастарына қанша түссе де, олардың ойларына ешқандай ойдың кірмегендігі қарастырылмағандығын көрсеткен дұрыс.
Сонымен эмпирикалық факт – яғни алманың түсу оқиғасын қарастырайық. Бұл жерде көрсетілген оқиға ғылыми зерттеудің бастапқы нүктесі болып ғылыми фактіге айналды. Шынымен де алмалар үнемі құлап тұрады ма жоқ па деген сұраққа келесі алманың құлауын күтуге де болады. Біздің бұл әрекетімізді зерттеудің әдісі немесе тәсілі деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл бақылау деп аталып, жаратылыстанудың кейбір салаларында ол зерттеудің жалғыз эмпирикалық әдісі болып табылады. Мысалы, астрономияда.
Алайда алманың өздігінен құлауын күтудің ешқандай да қажеттілігі жоқ. Оның орнына алма ағашын сілкіп, яғни тәжірибе жүргізіп зерттеу объектісінің реакциясын бақылауға болады. Тәжірибе жүргізу барысында біз табиғатқа сұрақ қойып, одан бізге түсінікті жауап күтеміз. Ғылыми эксперименттің ерекшеліктерінің бірі – оны зерттеуші кез келген уақытта жүргізе алады.
Алма ағашын сілкілеп көру сияқты қарапайым тәжірибенің нәтижесінде біз барлық алмалардың бірдей екендігін байқаймыз. Бірақ физикалық заңдылықты ашу үшін тек алмалар ғана жеткіліксіз. Ол үшін бізге басқа да денелерді қарастыру қажет және олардың неғұрлым бір – біріне ұқсамауы соғұрлым тәжірибе үшін пайдалы.
Байқап қарасақ, барлық денелер оларға белгісіз бір күш әсер ететіндей Жерге құлайды екен. Бірақ Жерге барлық денелер құламайды. Мысалға Ай, Күн және басқа да Жерден алыс аса ірі және салмағы үлкен аспан денелеріне қатысты жағдай мүлдем басқаша. Яғни біз бұл жерде әртүрлі денелердің бір-бірінен ерекшеліктерін анық байқаймыз, бұл әрине ойланатын жағдай. Сыртынан қарағанда мүлдем бөлек көрінетін денелердің өзара ортақ белгілері бар ма? Әртүрліліктерінен ұқсастық табу – бұл ғылыми зерттеудің міндетті кезеңі. Бірақ барлық денелермен эксперимент жүргізу мүмкін емес.
Денелердің айырмашылықтарындағы аналогияларды іздестіріп табу- ғылыми зерттеулердің ең қажетті кезеңі. Барлық денелерге дерлік тәжірибе жүргізуге болмайды.
Егер де біз, бәрібір де тәжірибе қажет деп табатын болсақ, оны модельдермен, яғни мөлшері мен массасы дененің өзімен салыстырғанда пропорционалды түрде бірнеше есе кішірейтілген денелермен жүргізуге болады. Модельді эксперименттің қорытындысын кәдімгі қалпындағы денелер үшін пропорционалды түрде қолдануға болады.
Модельді эксперименттен де басқа, яғни ойша тәжірибе жүргізуге де болады. Ол үшін, шынында жоқ денелерді ойша елестетіп, оларға ойша тәжірибе жасау қажет.
Бұдан соң эмпирикалық зерттеулердің қорытындысын жазу, яғни зерттеу қорытындыларын қағаз бетіне түсіру қажет. Бірақ қорытындыларды жазу, зерттеудің нәтижелерін жалпылап, түсініктер мен терминдердің мәнін қолда бар теориялық білімнің негізінде түсіндіру қажет.
Түсініктер қалыптастыру - зерттеудің келесі теориялық деңгейіне жатады, бұл деңгей эмпирикалық емес, теориялық болып табылады. Ғылымда түсініктер мен терминдер ерекше рольге ие. Терминді түсіндіру (басқа сөзбен айтқанда түсінікті анықтау)- қарастырылып отырған заттың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Ғылыми терминдер мен белгілер – бұлар толық қолданылса өте көп орын алатын, сол себепті шартты түрде қысқартылған түсініктер.
Ғылыми ережелердің фальсификациялануы қағидасы, яғни олардың тәжірибеде тексеріліп және жоққа шығарылуы, ғылымда қарсылықсыз қабылданып отырған жағдай.
Танымның бір саласына қатысты бірнеше заңның жиынтығы теория деп аталады. Тәжірибеде дәлелденген теория осы мәселе жөніндегі белгілі эмпирикалық фактілерді ескі теорияға қарағанда жоғарырақ деңгейде түсіндіретін жаңа теория шыққанға дейін, сондай – ақ осы теорияны жоққа шығаратын жаңа эмпирикалық фактілер пайда болғанға дейін дәлелі болып есептеледі.
Ғылыми танымның құрылымдық схемасын төмендегіше беруге болады: эмпирикалық факт  ғылыми факт  бақылау  реалды тәжірибе  модельдік тәжірибе  ойша тәжірибе  зерттеулер қорытындысын эмпирикалық деңгейде бекіту  эмпирикалық жалпылау  қолда бар теориялық білімді қолдану  гипотеза құру  оны тәжірибе арқылы тексеру  жаңа түсініктерді қалыптастыру  терминдер мен белгілерді енгізу  олардың мәнін анықтау  заң шығару  теория ойлап шығару  оны тәжірибеде тексеру  қажет болған жағдайда қосымша гипотезалар жасау.
Сонымен біз ғылымның – бақылау, тәжірибе, гипотеза, теория және аргументтерден құралатындығын анықтадық. Өз кезегінде ғылымның мазмұнын қарастыратын болсақ, бұл – бақылау және тәжірибемен дәлелденген эмпирикалық жалпылаулар және теориялар жиынтығы. Сондай ақ, бұл жерде теория мен аргументтерді ойлап шығарудың шығармашылық процесінің тәжірибе мен бақылаудан кем рөл атқармайтындығын көрсету керек.
Жоғарыда айтылғанның нәтижесінде ғылыми зерттеудің құрылымы өте күрделі деген қорытындыға келеміз. Ғылымда қүдіретті күштің көмегімен ешқандай құбылыс жүзеге аспайды, осыған сәйкес Ньютонның басына алма құлауы мен оның бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуының арасында аса үлкен ара қашықтық бар. Бұл қашықтықты тек табиғатта орын алып жатқан құбылыстарды ұзақ уақыт бойы бақылау, тәжірибе жүргізу, болып жатқан процестерге байланысты ой қорыту, жаңа түсініктерді ойлап табу және т.б әрекеттерді жүзеге асыру арқылы ғана игеруге болады. Бірақ ғалым күрделі ойларға шомып, ұқсас процестерді салыстырып отырғанда оның басына алманың құлауы, ғылыми жаңалықтың аяқ асты пайда болуына ықпал етуі де мүмкін.

1.3 Ғылыми танымның әдістері
Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал кере

1234
скачать работу

Білім эволюциясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ