Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Білім негізі - бастауыш мектеп



 Другие рефераты
Әлеуметтік орта - тәрбие құралы Особенности психического развития личности взрослого человека Білім мазмұны Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктер

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейіл-ділік қасиеттерін қалыптастыруға, бала-ның жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетіл-діре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технология-ларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болған-дықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жү-ріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Сабақ түрлері және оның құрылымы

Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т.б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б.

Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.

Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар

1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:
1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Коммуникативті бағдары
7. Даралап оқыту
8. Ана тіліндегі оқытылуы
9. Жеке дара оқыту

Сабақ беру кезеңіндегі талаптар

1. Тақырыпты жоспарлау
2. Сабақ жоспары
3. Өз білімін көтеру жоспары
4. Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
5. Сабақтың мақсатын айқындай білуі
6. Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
7. Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
8. Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.
9. Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
10. Пән аралық байланыс
11. Сабақ кезіндегі тәртібі
12. Мақсатына қарай бағалай білуі
13. Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
14. Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
15. Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі

Сабақтың құрылымдық сәттері

1. Ұйымдастыру кезеңі – 2-3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау – 10-15 мин.
Әдістері: сұрақ-жауап, жазба жұмысы арқылы, әңгімелесу, жаттау, оқу, талдау, тест.
3. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
4. Жаңа сабаққа кіріспе – 1-2 мин.
5. Жаңа сабақ – 15-20 мин.
Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т.б.
6. Жаңа сабақты пысықтау, қорыту – 1-2 мин.
7. Үй тапсырмасына даярлық – 2-3 мин.
Әдістері: сыныптағы жұмысқа ұқсас, нормаға сай 1/3 бөлік, түсіндіру, жас, жеке ерекшелікті ескеру.
8. Үйге тапсырма беру.

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар

І. Сабақ мазмұнының халықтығы.

ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.

Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек.

ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды.
1. Ақыл-ой тәрбиесі.
2. Адамгершілік тәрбиесі:
а) ұлтжандылық;
ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы;
б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.
3. Саяси-идеялық тәрбие.
4. Еңбек тәрбиесі.
5. Әсемдік тәрбиесі.
6. Дене тәрбиесі.
7. Құқық тәрбиесі.
8. Экологиялық тәрбие.
9. Экономикалық тәрбие.
10. Отбасы тәрбиесі.

ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.

Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.
Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.

V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.

Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.

VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар.

Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ет

123
скачать работу


 Другие рефераты
Казахстан в 19 веке
Ұлт дамуының жаңа кезеңі және Алаш мүддесі
Камералдық бақылау. Мониторинг
Кредитный риск коммерческого банка


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ