Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биотикалық факторлар

nbsp;  және   жылы    ортамен қамтамасыз  етеді.

Биотикальщ   қатынастардьщ    түрлердің    санын реттеудегі маңызы.   Түраралық   қарым-қатынастар ценоздардағы    ағзалар    санының    динамикасында рөл   атқарады.   Жыртқыштар   жемтіктерін   жоя   отырып, олардың   санына   әсер   етеді.   Паразиттердің   де осындай,    иесін    әлсірете    отырып,    олардың    көбеюін тежейді,  тіпті  өліміне  де  әкеліп  соқтыруы   мүмкін.

Бәсекелестік   қатынастарда,   жыртқыштық   пен паразитизм   құбылыстарына  ертеден   экологтар  назар аударып   келген.   Солардың   ішінен   А.   Лотканың   ( 1923, 1925  ж.ж.)  жұмыстары   ерекше  орын   алады.  Ол   алғаш рет   жануарлардың   паразит — иесі   жүйесіндегі өзара қатынастардың  математикалық  үлгісін  (модель)  ұсынады.

А.   Лотканың   жасаған   тұжырымы:   паразиттердің өздерінің  иелерін   жоюы  тек   паразиттердің  санына емес,  иесінің  санына  да   тәуелді  болады.  Иесінің белгілі   бір   санына   сәйкес   келеді   және   иесінің   популяциясының тығыздығының артуына байланысты  паразит популяциясының   тығыздығы   артады.   Паразит   санының  артуы  иесінің  санының  кемуіне  әкеледі  де,  соңғысы  қайтадан  паразиттер  санының  кемуіне  әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады.

Мұнда динамикалық өзін — өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит  — иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді.

Өзінің зерттеулері негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды:

1)      периодтық   цикл   заңы.   Екі   түрдің   санының ауытқулары     периодты     болады.     Жыртқыш пен   жемтігінің   популяцияларының   өсу   коэффициенті   мен   бастапқы   салыстырмалы   санына байланысты   болады;

2)      орташа   шамалардың   сақталу   заңы.   Екі   түрдің   популяцияларының   орташа   саны   бастапқы    санына    тәуелсіз,    популяцияның    үлкеюі мен   кішіреюі,   жыртқыштардың   көбею   интенсивтілігі    тұрақты    болғанда,    тұрақты    болып қалады;

3)      орташа   шамалардың   бұзылу   заңы.   Егер   екі түрдің даралары   олардың   популяцияларының тығыздығына   пропорционалды   түрде   жойылса,   онда   жемтігінің   популяциясының   орташа саны   артады,   ал   жыртқыш    популяциясында кемиді.

 

Бәсекелестік ығыстыру ережесі

Экожүйелердегі   әр   түрлі   байланыстардың   түрлерін, жұмыс    істеу    механизмдерін    түсіну    үшін маңызды   экологиялық   түсініктердің   бірі — экологиялық қойма  (экологическая  ниша)  ұғымын  білу  керек.

Әрбір түр немесе оның бөліктерінің (популяциялар, әр түрлі деңгейдегі топтары) қоршаған ортада белгілі бір орны болады. Мысалы, белгілі бір жануардың түрі өзі қоректенетін заттардың құрамын немесе қоректену уақытын, көбейетін орнын, баспанасын және т.б. өз еркімен өзгерте алмайды. Келтірілген мысал экологиялық қойма не оның жекеленген элементтерін сипаттайды

Экологиялық қойма дегеніміз -  ағзаның табиғаттағы орнын және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орнын, яғни қоршаған ортаға қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жиынтығы. Бұл түсінік «мекен ету орнынан» көлемді және мазмұнды үғым. Одумның түсіндіруі бойынша мекен ету орны ағзаның «мекен жайы» (адрес), ал экологиялық қойма оның «мамандығы» болып табылады. Бір жерде әдетте әр түрге жататын көптеген ағзалар тіршілік етеді. Мысалы, орманда жүздеген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендейді, бірақ олардың әрқайсысының өзі мамандануы экологиялық қоймасы болады.

Ормандағы қоян мен тиін бір жерде мекенде. Бірақ, олардың экологиялық қоймасы әр түрлі: тиін негізінен ағашта тіршілік етеді де, ағаштың тұқымдары мен жемістерімен қоректеніп, сонда көбейеді. Қоянның бүкіл тіршілік циклі жер бетімен байнысты болады.

Егер   ағзалар   әр   түрлі   экологиялық   қоймада орналасса,  онда  оларда  бәсекелестік   қатынастар  болмайды. Мұндай   қатынастарды   нейтралды   деп   қарастырамыз

Әрбір экожүйеде бір экологиялық қойманы не оның элементтерін қажет ететін (қорек, баспана және т.б.) түрлер болады. Мұндай жағдайда экологиялық қойма үшін бәсеке міндетті түрде орын алады.

1930—1934 жылдар аралығында Г.Ф. Гаузе инфузориялардың екі популяциясынан тұратын жүйеде эксперименттер жүргізді Эксиерименттерде жыртқыш инфузория дидиниумның өзінін, жемтігі инфузория кебісшені толық жойыи жібере алатыны, бірақ содан соң қоректің жетіспеуінен өзінің өлетіні көрсетілді. Егер жемтіктің жеке дараларының тірі қалуына жағдай жасалса, сақталып қалган жемтік даралары  жылдам көбейеді.

Гаузе   принципі   бойынша    экологиялық    жагдайлары    ұқсас     екі түр ұзақ    уақыт   бір   экологиялық қоймада тіршілік   ете  алмайды.

Жыртқыш (царазит) — жемтік (ие) жүйесіндегі тураралық   қатынастар   таза   күйінде   табиғатта болмайды. Себебі, жыртқыш  тек  бір түрмен  ғана қоректенбейді.

 

Әдебиеттер тізімі

1.    Бейсенбаева А. С. Экология, Алматы, Ғылым, — 2001

2.    Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы — 1998

3.    Жатқанбаев Ж. Ж. Экология негіздері, Алматы–2003

4.    Одум Ю. Экология 2 том. Мир – 1986

5.    Соғымбаев Г. Экология және экономика, Алматы-1997

12
скачать работу

Биотикалық факторлар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ