Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

істің бағыт-бағдарын ашып алса, дұрыс болар еді;
екінші, осынау тағдырлы ұлт-азаттық қозғалысы туралы шығарылған дастандардың, қоштасулар мен жоқтаулардың, аңсарлы хаттардың, күнделіктердің, жолжазбалардың, естеліктердің, зерттеулердің, деректі құжаттардың басын қосып, көп томдық етіп жарияласа, руханиятымызға қосылған үлкен үлес болар еді. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің тарихи беттерін түгендейтін құнды да, тағдырлы басылымға айналары сөзсіз. Мұндай қолжазба мұралар мен мұрағаттық деректердің біразы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында бар. Ал олардың ұзын санының өзі жүзден асып жығылады екен. Әлі қолға түспегені қаншама;
үшінші, Шығыс Түркістандағы, Моңғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысының құрбандарына бұл елдерде ескерткіш қойылмайтыны анық. Сондықтан да осы азаткерлердің тағдырына тікелей қатысты және олардың алғашқы әскерлері жасақталған (бұл құпия емес) шекаралық аудандарға (Жаркентте, Достықта, Мақаншыда, Майқапшағайда) ескерткіш орнатса орынды болар еді. Соның ішінде, Алаш әскерінің ең соңғы шешуші шайқасы өткен, Отыншы Әлжанов сияқты ту ұстаушы азаматты тірідей өртеген Мақаншыдағы «қызыл партизан Мамонтов» атындағы саябақ өте қолайлы жер болар еді деп ойлаймын.
Бұл да біздің біртұтас Алаш идеясына, біртұтас ұлт-азаттық көтерілісінің құрбандарына, тәуелсіздігіміздің тарихына деген ұлттық тағзым болары сөзсіз.
Астана қаласы әкімдігі мен Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының Біртұтатас Алаш идеясын қанымызға құйып, жанымызға сіңіру орайында арнайы семинар өткізіп, пікір бөлісуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығымды білдіремін.
Ниет қабыл болсын.

Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды …мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.
Халел Досмұхамедұлы

12
скачать работу

БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ