Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Болгария

імен достық қатынас орнатады. 1936 жылы қараша айында Борис Германияға барып Гитлермен кездеседі. Болгария мен Германия арасында экономикалық-сауда келісіміне қол қойылады. Неміс капиталы Болгария экономикасының 2/3 өз қолдарына алады. Ауыл шаруашылығы дамып, егіс көлемі мен мал саны өседі. Темекінің, жеміс-жидектің егіс көлемі артты. Болгарияда мал етін өңдейтін ет комбинаттары мен ірі тоңазытқыштар салынып, еттің 85% Германияға тасылады. Болгария темекісін өңдейтін темекі фабрикалары салынып, темекі өнімдерінің 90% Германияға жіберілді. Болгария Германияның шикізат өнімдерін шығаратын вассалына (тәуелді) айналды.
1938 жылы екі ел арасындағы жасырын келісім бойынша Германия Болгарияға қару-жарақ беріп, әскерлерін неміс қаруымен жабдықтайды. Германия Болгарияға теміржол вагондарының 100%, жүк таситын автомобильдің 90%, тыңайтқыштың 100%, паровоздың 80%-ын беріп отырды.
1937 жылы Болгария үкіметі Югославиямен «мәңгілік достық» келісіміне қол қойды. 1938 жылы шілде айында Грециямен достық қатынас туралы Самолника келісімі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңінде Болгария өзінің профашистік саясатын жасырып, бейтараптық саясат ұстайды деп жариялады. 1940 жылы халық жиналысын таратып, елде жаңа үкіметті Б.Филов басқарады. «Ұлтты қорғау» заңын шығарып, террорлық саясат басталады.
Фашистік жастар ұйымы құрылады. Германияға жұмысшылар жіберіліп, соғысты жақындата түсуге көмектеседі. Елдің экономикасы толықтай соғысқа дайындалды.
1941 жылы наурыз айының 1-і күні Вена қаласында Болгария «үштік одаққа» кіру туралы келісімге қол қояды. Фашистік Германия әскерлері Болгария жеріне кіргізіліп, Югославия мен Грецияны жаулап алу плацдармына айналдырады. Болгария мен Германия бірігіп, Македония мен Францияны жаулап алады. Монархиялық фашистік Болгария үкіметі және патша Борис Германияның одақтасына айналып, 1941 жылы маусымда Германия Кеңес одағына соғыс ашқанда, Болгария антисоветтік саясатын жалғастырды. 1944 жылы 5 қыркүйекте КСРО Болгарияға соғыс жариялап, Кеңес Армиясы Болгарияны азат етті.
Болгарияның мемлекеті және құқығы
Болгари мемлекетінің тарихының кезеңдері:
1 кезең – «Жеті тайпа одағы» (VII ғ.), бұл кезде Византияның құрамына кірген Балқан түбегінің ірі бөлігі – Мизияны славяндар жаулап алды;
2 кезең – Бірінші Болгар патшалығы, бұл кезде мынадай оқиғалар орын алды:
– 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император ІV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді;
– 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон княздың тұсында Балқандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі қайталанған өзара соғыстар мен үстемдік құрушы таптағы қайшылықтар Болгар мемлекетінің әскери және экономикалық қуатының әлсіреуіне алып келді, мұны пайдаланған Византия Болгарияны 1018 жылдан бастап 1187 жылға дейін өз қол астына алды;
3 кезең – Екінші Болгар патшалығы (1187-1396 ж.ж.) болгар халқының византиялық күштеуге қарсы азаттық күресінің нәтижесінде құрылды.
Қоғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық негізін феодал – жер иеленушілер мен шаруалар құраған. Феодалдар табына ірі феодалдар ақсүйектер – боярлар мен олардың вассалдары – ұсақ феодалдар кірген.
Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған:
париктер – феодалдарға тікелей тәуелді, жерге бекітілген және одан кетуге құқығы болмаған; отроктар – тәуелді шаруалардың ең төменгі санаты; технатарийлер – өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер.
Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда – хан, славянша – князь, Симеонның түсында – кесар, кейін – император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот және жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін әскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның құрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын. Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет – бірінші министр және Екінші Патшалық патшасының көмекшісі; протовестиарий – қаржы министрі, патшаның және мемлекеттің қазынасын сақтаушы және басқарушы; ұлы әскербасы және протостратор – жоғарғы әскери шендер.
Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып табылатын облыстық басшылар – дукалар басқарған.
Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік және шіркеулік соттардан құралған.
1393 жылдан 1878 жылға дейін Болгария Түркияның билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркияның арасында Сан-Стефан келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Болгарияға, Сербияға, Румынияға және Черногорияға тәуелсіздік берілді.
Құқықтың негізгі сипаттары. VII-VIII ғасырларда Болгарияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып табылды. Кейін номоканондар арасында Эклога мен Жер туралы заң ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі – 32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық және іс жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы болған.
Бұл қайнар көздерге сәйкес жерге меншіктің екі түрі ажыратылды: баштина – мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін меншік және прония – міндетті әскери қызметпен байланысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қайтыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін.
Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген. Патшаға және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен реттелетін, азаматтық-құқықтық құқықбұзушылықтар Жер туралы заңда көрініс тапқан. Болгар мемлекетінде жауапкершілік дәрежесі мен жазаның ауырлығы жәбірленуші мен қылмыскердің сословиелік тегіне байланысты анықталатын болған.
Терминологиялық сөздік
Ұлы логофет – болгар патшасының бірінші министрі.
Дука – облыс басшысы.
Отроктар – басыбайлы шаруалардың төменгі санаты.
Париктар – феодалдарға жеке тәуелді шаруалар (жағдайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсас болып келді).
Протовестиарий – қаржы министрі.
Протостратор – Болгар патшалығының жоғарғы әскери шендерінің бірі.
Технатарийлер – қолөнершілер.
 
 
 Қолданылған әдебиеттер:
1. Мәшімбаев С.М. «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы», Алматы, Қазақ университеті, 2004, 197 бет
2. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы», Алматы, Заң әдебиеті, 2004, 222 бет
3. Құланбай Ә. «Жаңа елшілер қызметтеріне кірісті», Егемен Қазақстан, 2006, 18 қазан (№253), 1 бет
4. Бейсенова Ә. «География», 11 сынып, Алматы, Мектеп, 2003, 320 бет
5. Мәскеу, «Беллси» Астрель АСТ баспасы, 2001, 194 бет
6. Әбілмәжінова С. «География», 7 сынып, Алматы, Атамұра баспасы, 2003, 250 бет.

12
скачать работу

Болгария

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ