Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Болмыс философиясы. Материя

тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.

Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл-адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.

Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.

Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi.

Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.):

Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм денгейi т.б.     Объективтендiрiлген немесе интерсубъективтi рухани болмыс- қоғамның рухани тәжiрибснiн қамтитың қоғамдық сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар. Объективтендiрiлген рухани өнiмдер мен процесстер, сөздер, дыбыстар табиғи және жасанды тiлдер арқылы iс жүзiне асады (кiтаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, сүреттер, ескерткiштер, музыкалық шығармалардың ноталары т.б.).Соңғы кезендерде адам әрекеттерiне байланысты “виртуалды реалдық”,”виртуалды болмыс” деген категориялар қолданылады. Бұл термин-компьютер арқылы жасалған нақтылықтың моделiн айтады. Сонда бұл жасанды, иллюзорлы елестету болып табылады. Оның белгiлерi: жасанды болуы, актуалдылығы, автономдығы, интерактивтiлiгi. Объективтi реалдыққа қарағанда екiншi, ссондықтан да субъективтi реалдық және уақыт керi қайтылады.

Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады.

2. Материя терминының қалыптасуы бiрнеше этаптаң өттi. Бiрiншiсiнде- ол табиғат құбылыстарымен тенестiрiлдi (Гераклит-от, Фалес-су, Анаксимен-ауа). Бұл кезендi ф-да қиялы материализм деп атайды.

Екiншi кезеңде- материя атомдар мен пара-пар қарастырылып, заттар мен олардын қасиеттер жиынтығы мен тенестiрiлдi. Материалды және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит). Материяның атомистiк моделi натурфилософия мен жаратылыстану ғылымдарында кенiнең қолданылып 20ғ. дейiн беделдi болды.

Үшiншiсiнде механистiк және метафизикалық түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда- механиканы ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi). Декарт материяна дене-субстанциясы деп түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа пара-пар, “универсум”- алыпты механизм, әр-түрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi түрткi арқылы, механика заңдары бойынша айналмалы қозғалыста болады.

Төртiншi кезеңде- 19-20 ғ.ғ.физика дағдарысқа ұшырады. Бұл салада ашылған жаналықтар (радиактивтiлiк құбылысы,рентген сәулесi, электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы) материя түсiнiгiн өзгерттi. Бөлiнбейтiн ең кiшкене бөлшек, әлемдi ұстап тұрған кiрпiш деп келген атомның күрделi құрамы бар болып шықты, оның өзi зарядталған ядро мен оның төңiрегiнде белгiлi энергетикалық деңгейлердi траекторияларда қозғалыста, тербелiсте болатын терiс зарядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да күрделi, протон, позитрон және нейтринолардың күрделi қатынасымен сипатталады. Үнемiқозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгередi. Микробөлшектердiң табиғаты екi жақты, олардың әрi заттық, әрi өрiстiк (толқындық) қасиеттерi бар. Жарықтың бөлшегi- фотонды тiптi де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең т.б.    Француз математигi А.Пуанкаре 1902 жылы “Материя ендi жоқ, ол ғайып болды” деген түйiнге келдi.

Бесiншi кезеңде- б.з. ортасында жоғарыда айтылған барлық түсiнiктердi қамтитың материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық түсiнiк қалыптасты.

Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.

В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесiжасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш.т.ж.18т.138б.).

Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.

Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.

Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды. Оның методологиялық мәнi, мiне осында. Материя категориясы абстракция, өйткенi“таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе

Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлiкүйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.).

Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт.б. тiрi организмдердiн  пайда болуына әкелдi).

Философияда дүние жайында бiр неше түсiнiктер бар:

*монистiк концепция: а) материалистiк (Маркс, Ленин); в) рухани субстанцияны мойындайтың- абсолютты идея (Гегель), билiкке ұмтылған жiгер (Ницше), өмiрге деген құштарлық (Швейцер), субъектiнiң экзистенциясы (Бердяев), құдай өлшеуш және өлшейтiн күш ретiнде (Маритен) т.б.*дуалистiк концепция: екi субстанцияны мойындау- қашықтықта созылатың материя және ойлай алатың рух (Декарт).

*плюралистiк концепция: көп бастамаларды мойындау- жер, от, су, ауа, заттардың тамыры (Эмпедокл); бейорганикалық, органикалық, жанды, рухани болмыстар деңгейлер (Гартман).

3. Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.

Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто- және филогенез процесстерiндегiадамзат өзгерiстерi.

Сансыз көп түрлi заттардың, құбылыстар мен процесстердiң өзара байланысы нәтижесiнде болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етiледi.     Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге ұмтылып, өзгерiп, болмыссыздыққа өтедi.

Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады.

Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.

Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады.  Гераклид

Қозғалыс- үздiксiз орын ауыстыру болып табылады. Т.Гоббс

Әр күн бiр жаңалық тудыратыны, қандай ғажап. Г.Рейхенбах

Сонымен, қозғалыс жалпыға бiрдей және абсолюттi болып келедi. Әр нәрсе бiзге тыныштықта болып көрiнетiн, негiзiнде қозғалыста болады (Жер әр

123
скачать работу

Болмыс философиясы. Материя

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ