Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бөлу жүйесінің физиологиясы

ыртқы ортадан шектеп тұратын жабынды қабық. Ересек адамда оның жалпы беткейі 1,5-2 м2 жетеді. Құрылысына, табиғатына және атқаратын қызметіне қарай ол үш қабатқа бөлінеді: сыртқы — эпидермис, ортаңғы — нағыз тері, немесе кориум, және ішкітері шелі.

Эпидермис сырткы ұрықтық қабықтан — энтодермадан дамиды да, көп қабатты эпителийден құралады. Оның беткей қабаты өлекселеніп, мүйізденіп, қабыршықтанып сыдырылып түсіп, үздіксіз жаңарып отырады. Мүйізденген торшалардан тереңірек тіршілігі тоқтамаған, цилиндр пішінді, көбею қабілеті жойылмаған ядролы торшалар орналасады. Тері беткейіне ығысқан сайын олар жалпайып, ядросын жоғалтады. Эпидермистің терең қабатындағы торшалар құрамында организмді ультракүлгін сәулелер әсерінен қорғайтын меланин деген пигмент болады.

Нағыз тері – кориум, – ұрықтың ортаңғы қабықшасы –мезодермадан дамиды. Ол құрамында көптеген оралымды талшықтары бар дәнекер ұлпадан құралады. Сондықтан тері оралымды және серпімді құрылым. Нағыз тері еміздікше және торлы қабаттардан тұрады.

Еміздікше қабат эпидермистің астында орналасып, одан негіздік жарғақпен (мембранамен) бөлінеді. Бұл қабат борпылдақ және торлы дәнекер ұлпадан түзіледі, бір-бірімен торлана байланысқан коллаген талшықтары будасына бай. Олардың арасында теріге серпімділік беретін эластин талшықтары орын тебеді. Еміздікше қабатта эпидермисті қоректеңціретін қан тамырлары мен жанасуды, жьшылықты, суықтықты, ауырсынтуды қабылдайтын сезімтал нерв үштары орналасады. Мадда Бұл қабат түктің өсуіне тікелей әсерін тшізеді, соңцықтан жүнді көп беретін жануарларда ол қалың болады.

Торлы қабат — бір-бірімен торлана байланысқан коллаген талшықтары будалары мен олардың арасындағы эластин талшықтарынан қүралған тығыз дәнекер үлпадан түрады. Коллаген талшықтары будаларының жуандығы, тоқылу тәртібі жануарлардың түріне, дене аумағына қарай өзгеріл отырады.

Дермада май, тер бездері және түк түбірлері орналасады.

Тері шелі нағыз тері сияқты мезодермадан дамиды. Ол дерманы дененің беткейлік шандырымен байланыстырады. Оны түзетін борпылдақ дәнекер үлпа талшықтары арасында май түйіршіктері (май қоры) орналасады. Шел майы денені механикалық соққылардан сақтап, қорғаныстық қызмет атқарады.

Құрылым ерекшеліктеріне байланысты тері бірнеше қызмет атқарады.

1. Қорғаныстық қызмет — серлімді берік құрылым болғандықтан
тері денені қысым, үйкеліс, сокқы әсерінен туындайтын механикалық зақымданудан сақтайды.

2. Тері организмді шамадан тыс су жоғалтудан, ультракүлгін сәулелерден, ауру тудырушы микроорганизмдердің енуінен сақтайды.

3. Теріде ультракүлгін сәуле әсерімен эргостериннен Д дәрмендәрісі
түзіледі.

4. Өзінде орналасқан қан тамырларының арнасын, тер бездерінің
әрекетін өзгерту арқыпы және шел майын жинауға байланысты тері
жылу реттеу процесіне қатысады.

5. Тері болу процесінде маңызды рөл атқарады, Тер арқылы денеден су мен минералды тұздардың артық мөлшері, азотты заттардың алмасуы нәтижесінде түзілген соңғы өнімдер бөлінеді.

6. Теріге тыныстық қызмет те тән. Таза теріде 1 % мөлшерінде газ
алмасу процесі атқарылады.

7. Теріде жанасу, ауырсынту әсерлерін, температура ауытқуларын
қабылдайтын сезімтал нерв ұштары орналасады.

8. Тері организмді сырткы орта құбылыстарына бейімдейтін маңызды мүше.

Тер және май бездерінің әрекеті нәтижесінде тері экскрециялау қызметін атқарады. Тер құрамында су, минералды заттар (хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар), несепнәр, зор қышқылы, креатинин, май қышқылдары т.б. зат алмасу өнімдері бөлінеді.

Тер бездері көп торшалы, қарапайым, түтікше бездерге жатады. Олар нағыз теріде (дермада) орналасады. Тер бөлу ерекшеліктеріне қарай тер бездері екі топқа бөлінеді. Эккриндік бездер сұйық секрет бөледі және әрекет үстінде өздері Бұл інбейді. Олар жылқыда кездеседі. Эпокриндік бездер құрамында май тектес заттары көп шайырлы тер беледі. Әрекет үстіңде Бұл бездердің біраз торшалары бұзылады. Олардың секреті құрамында су аз, құрғақ зат көп болады. Бездің секрециялық бөлімінің сыртқы қабаты миоэпителиалъдық торшалардан, ал ішкі қабаты — безді текше торшалардан құралады. Без өзектері иректеле келіп түк қапшықтарына немесе түк шанағына, ал дененің түксіз жерлерінде — тері бетінде арнаулы тесікпен ашылады.

Май бездері көбіне түк қапшықтарының жанында орналасады. Бұл бездер голокриндік бездерге жатады. Олардың өзектері түк қапшықтарына ашылады.

Тер бездері дененің әр түрлі беткейінде бірдей таралмаған. Адамда олар алақан мен табанда көп болады. Терінің жұқарған жерінде (құрсақ пен кеуденің вентральдық бөлігінде, қолтық пен шатта, құлақ қалқанында т.б.) олар көбірек. Адаммен салыстырғанда малда тер 2-3 есе аз бөлінеді, оның себебі тер бездері қанмен нашарырақ жабдықталады. Тәулігіне адам — 1 л (жазда 2-2,5 л), жылқы 2,5-3 л, сиыр — 4-5 л тер бөледі.

Тері рефлекс ретінде жылылықты қабылдайтын сезімтал нерв үшта-рының тітіркенуіне жауап түрінде бөлінеді. Тер бөлуді реттейтін орталық жұлында орналасады. Тер бездері үшін симпатикалық нервтер секрециялық нерв болып табылады.

123
скачать работу

Бөлу жүйесінің физиологиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ