Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
айырысу құжаттары,сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз (жарамсыз)болып саналып,оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты (күні,айы,жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақытты (күні,айы,жылы) көрсетіп қолдарын қояды.
1.2.Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі:мақсаты бойынша(назначению),қарастырылған орнына байланысты(месту составления),көрсету тәсілі(способу отражения) және операция мазмұнының көлемі(объему содержания) бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар:
үкімдік,(распорядительные),атқарушылық(оправдательные,исполнительные)бухгалтерлік толтыру(бухгалтерского оформления) және құрамдастырылған(комбинированные) болып бөлінеді.
Үкім құжаттарына- шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы,жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық,тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек.Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді,себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық (растайтын) құжаттар – шаруашылық операцияларының орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат,кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар – ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар,бухгалтерлік есепшоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар.Оларға негізгі құралдар,материалдық емес активтер,материалдар,әлеуметтік сақтандыру аударымдары,еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы:кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе,кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы,ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.
Толтырылатын (қарастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттардегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлы-материалды құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында толтырылатын жүкқұжаттарды (накладнойларды),жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін (ведомостарын),есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Сыртқы құжаттарға-кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлы-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды,сенімхаттарды және тағы басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды
алғашқы (бастапқы) құжаттар және жиынтық (сводные) құжаттар деп бөлініп қарастырылады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттпрдың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы:тауарды босату толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысалы:Акционерлік қоғамнан бір күнде босатылған өнімге шектеулі-заборлық картасы толтырылады.
1.3.Құжат айналымы
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды:нормативтік-құқықтық,ұйымдастырушылық-өкімгерлік,ақпараттық-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар:жасалу немесе толтырылу,есепке алыну,тексерілу немесе өңделу,бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау,мұрағатқа өткізу және тағы басқа да кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегеніміз кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде олардың жасалуынан (құрылуынан),яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.
Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технологиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі.
Құжат айналымының басқару механизмін дайындау,кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы,құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі,ұйымдық шешімдерді қабылдаудың уақыттылығы қамтамасыз етеді.
Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:
- бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;
- бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау;
- кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін (графигін) құру;
- есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
- істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
- құжаттың бағалы сараптамасы (экспертизасы) және істі ұзақ сақтауға дайындау.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:
1) бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
2) қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
3) шарттық негізінде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған ұйымға немесе бухгалтер- маманына беру;
4) кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі көп болған жағдайда бірнеше қызметкерлері бар бөлек құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құрылады. Осыған сәйкес кәсіпорында бухгалтерлік қызмет туралы ереже және қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын реттемелеу (регламенттеу) қызметі қарастырылуы қажет. Бухгалтерлік қызмет туралы ережені белгіленген заңға сәйкес ұйымның бас бухгалтері басқа мүдделі лауазымды адамдармен келісе отырып әзірлейді және оны тек қана кәсіпорын басшысы бекітеді. Ереже бөлімшенің мәртебесін, оның басқару жүйесіндегі орнын және оның ішкі ұйымын анықтайды. Ереженің мәтіні келесі бөлімшелерді қамтиды:
|