Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ – САЯСИ КҮРЕСТІҢ СУБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТІСІ

¬сына ие болар еді ғой. Әрі қаржы жетпей тұншығып жатқан талай басылымдарды қодауға мүмкіндік туар еді.
«Караван» қазір үлкен саяси, экономикалық мәселелерге ықпал етуде бағытталған күшке айналып отыр. Ол еліміздегі экономикалық күштерді үйлестіруші орталыққа да айналып барады. Сондықтан идеология мен саясатты бағыттаудың дәл осындай тиімді тұтқасын кім көрінгеннің қолына беріп қоюға болмайтын сияқты. Бұл деген саяси процесті басқару емес, сол процестің ықпалында кету.
Оқырманның назарын қалай жаулап алуға болады десек, алдымен қызықты ақпарат жинау мәселесіне тірелер едік. «Нанды және қызықшылықты» талап еткен римдіктердің мүд¬десі мәңгілік. Көпшілік негізінен осы екі нәрсені ғана көксейді. Ал біз оған қайдағы бір саясатты, не экономиканы тықпалай береміз. Көпшілікті жөнсіз саясаттандыра берудің қажеті жоқ сияқты. Қалың жұртшылықтың психологиясын дұрыс ескерген жөн. Қызықты ақпарат, оқиғалар іздеу, таңғажайыпты аңсау адамзаттың жан дүниесіне тән құбылыс. Бұл әсіресе «орыс тілді» деп айдар тағып жүрген тұрғындарымызға қатысты ескерілетін жәйт.
Әрине елдің экономикалық, саяси жағдайын терең талдап, болжап отыратын салиқалы ресми басылымдардың жөні бөлек. Бірақ оқырмандардың ең көп бөлігі үлкен мәселелерге қызыға бермейтін қарапайым халық екенін ескерген жөн.
Әр басылымның өз оқырманы бар десек, «Караван» ашық¬тан-ашық қауымға арналған басылым. Бұл газет адам бойын¬дағы төменгі инстинктерді қоздыру, жалған дақпырт¬құмарлық, басқа жаман қасиеттерге сүйенуден қашпайды. Әр қилы өсек-аян, эротика – «Караванның» негізгі тақырыптарының бірі. «Сену қиын» («Вериться с трудом») деген айдармен ақылға қонбай¬тын өтіріктерді де сықпыртып отырады.
«Караванның» материалдарының 70 пайызы өзге басылым¬дардан, әсіресе шетелдік газет-журналдардан көшіріліп, ауда¬рылып алынған. Қазақтың ағылшын, француз, басқа да шет тілдерін жақсы білетін жастары толып жатыр. Осындай 5-6 қыз-жігіттің басын қосып, аударма бөлімін ашып, оған шетелдің 20-30 газет-журналын жаздырып беру біздің қолымыздан да келеді. «Караванды» қолдан монополистке айналдырмай, оған бүкіл «орыс тілдеріміздің» ой-санасын билеттірмеген болар едік.
Әрине «Караван» халыққа тек «қызықтырғыш», көңіл көте¬рерлік нәрселерді ғана ұсынып, таза коммерциялық бағыт ұстанып отырса бір сәт. Ол қазір саясаттың, соның ішінде белгілі бір топтың құралы болып тұр. Жоғарыдағы басшылар осыларды көрмей, естімей отырған жоқ. Қазір мақтанға, марапатқа орын беретін кез емес. Әуелі халықтың қалтасын қалыңдатып, жағдайын түзету керек, содан соң қалай шал¬қайсаң олай шалқай. Сөйте тұра теледидардан, газеттерден Қазақстан бай ел деп айтқанда алдымызға жан салмаймыз. Халық қайыршыланып кеткен жағдайда, ондай байлық кімге керек?
Соңғы екі ғасыр бойы халық өзінің дәстүрлі өмір салтынан жаңылып, ұлттық болмысын жоғалта бастады. Соңғы бір ғасыр бойы халық өзі туралы, өзінің өткені туралы тек қана жағымсыз тұжырымдарды естумен келеді. Күні бүгінге дейін мектеп оқулықтарынан бастап академиялық басылымдарға дейін ұлт туралы айтар сөзін «бұрын артта қалған, жабайы, көшпелі қазақ халқы…» деп бастайтынына куәміз. Сорақылығы сонда, мұндай жарымжан тұжырымдар ғылымның дау тудырмас жетістігі ретінде санасына сіңірілуде ғой. Ұлт өмірінің барлық проблемаларын шешу тізгіні өктем ұлттың қолында болып келгендігі көпке аян.
Осы қасіретті сезініп, тиісті әрекетке көшудің орнына біздің «білгішпектер ауызын ашса болды», е, біз бе, «біз алауыз халықпыз ғой», «қазақ бірін-бірін күндемесе жүре алмайды», «қазақ қашаннан іші тар халық қой» деп көсемситіндері бар. Егер осы қасиеттер қазақ халқының туа біткен генетикалық ерекшелігі болса, онда қазақ халқы ұлт болып қалыптаспас еді ғой, біртұтас тілі мен мәдениеті болмас еді ғой.
Біздің ұлттық тұтастығымыз – мемлекет болуымыздың бір¬ден-бір кепілі.
Осыған орай қазақ бизнесмендерінің 1994 жылдың 22 жел¬тоқсанындағы «Ашық хаты» республика жұртына аян болғаны белгілі. Ол үндеуі арқылы олар өздерінің қоғамдық саяси пікірін білдірді. Бар-жоғы өз ойларын жариялады. Біздің газеттер, әсіресе қазақ газеттері осыларды шабуылды үде¬теміз деп, ұлттың ішінде екі жік туғызу мүмкіндігіне жол берді.
Яғни халықты алауыз етіп отырған тарихи нәубеттің, саяси алаяқтықтың, әлеуметтік зардаптың себебін білуіміз керек. Тарихи зардаптың сыр-себебін біле алмаудың өзі ұлттық тұтастықты қорғау тетігінің әлсіреуі деген сөз.
«Қазақстанда демократия жоқ» деп көкитіндер де бар. Ал біздерде шынайы демократия болмағанда «Караван» сияқты газеттердің шығуы мүмкін бе еді. «Караван» – ақпарат құралы ғана. Кез келген құрал сияқты оны оң мақсатқа да, теріс мақсатқа да қолдануға болады. Осы газетті еліміздегі халық¬тар достығын нығайту, қазақ мемлекетінің болашағына сенім тудыру, егемендікті бекемдеу мақсатында пайдалану үшін белгілі бір қадамдарға бару – өз қолымызға алу керек сияқты.
3 миллион 480 мың таралымға қол жеткізіп отырған «Аргу¬менты и факты» апталығының қазақстандық қосымша¬сының ниеті бұзық. Бұл қосымша ақысыз шығады екен. Сонда Қазақстанға арнайы қосымша шығарудың егемен мемлекеттің ішкі ісіне араласудың не қажеті бар екен?
Мемлекеттік тіл үшін күрес тек кеңсе қағаздарын қазақша¬лаумен шектеліп қалмайды. Бірте-бірте мемлекеттік тіл ақпа¬раттық кеңістігімізді де жеңуі тиіс. Яғни біздің елімізде көп оқылатын газет-журнал қазақ тіліндегі басылымдар болу керек. Оны қазақтар ғана емес, еліміздің бүкіл ұлт ұлыстары қызыға, іздеп жүріп оқитындай дәрежеге жеткізуге тиіспіз.
Ана тіліміздің өрісі кеңи алмай отырғаны рас. Мұның объек¬тивті себептері бар екені де белгілі. Тіл үйренуге рухани, материалдық мұқтаждық түрткі болады. Англия мен Америка¬да ешкім сізге ағылшын тілін біліп ал деп жалынбайды. Әркім өзі үшін үйренеді. Жат жұрттықтардың біздің тілімізді тап солай жатпай-тұрмай меңгеруіне де әлгіндей қажеттілік тууы қажет.

12
скачать работу

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ – САЯСИ КҮРЕСТІҢ СУБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТІСІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ