Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ердің болмай отырғандығына алаңцаушылық білдірген Президент Н.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен БҰҰ мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғаныстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің анайы отырысын шақыруды сұрады. Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси, экономикалық және гуманитарлық шараларын қабылдауының басы болар еді, мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына, халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырғын кейбір істерді көрсетуге, сондай-ақ Ауғаныстандағы жағдайды   реттеу   процесін   бейбіт   жолға   шығару   үшін   қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.

Қазақстан Ауғаныстанның соғыс қиратқан экономикасын қалпына келтіруде әлемдік қоғамдастық тарапынан кең ауқымды көмек көрсету мүмкіндігіне қатысты ауған халқында сенім қалыптасуы керек деп есептейді. Қаруды жеткізуге тыйым салу немесе есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ар-тұра болатын іс-қимыл сияқты жекелеген шаралар ұзақ мерзімді тиімділік бермейді. Мұндай шаралар Ауғаныстанда экономикалық оңалтудың жалпы жоспарының бөлігі болуы тиіс. Жалпы жоспар тікетіресіп жатқан ауған топтарының арасындағы атысты шұғыл тоқтаумен қатар, халықаралық экономикалық көмекті тартумен қатар эмиграцияға кеткен экономикалық,саяси және интеллектуалдық ел илитасының әлеуетін мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруді пайдалануды қамтиды. Мұның өзі білімге, денсаулық сақтауға және тарихи сондай-ақ мәдени мұраны қалпына келтіруге байланысты проблемаларды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.

Болашақтга Қазақстан өзінің төңірегіне ауған хальдын нақты доғарландыра алатын, Ауғаныстанды мекендейтін барлық ұлттардың құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамассыз ететін, елдің ішкі проблемаларын жауапкершілікпен шешетін және бейбіт сыртқы саясат жүргізетін Ауғаныстан үкіметін ресми тануға дайын.

Кейінірек Ауғаныстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның тұжырымдық көзқарасы 2001 жылғы сәуірдегі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының 55-сессиясында ресми құжат таратылды.

Әлемнің саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өтьсір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам Конференциясы Ұйымының, Парламентаралық Одақпен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ-мен ынтымақтастығын нығайтута бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады [3, 78].

БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ  қарайтын мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықғы прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ-мен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл бөлінеді [4, 2].

Қазақстанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының көлік жүйелерін және тауар өткізудің әлемдік рыноктарына шығудың балама жолдарын одан әрі дамыту жөнінде басқа да азиялық елдермен күш-жігерді үйлестіруге ерекше маңыз беріледі.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды. Еуропа мен Азия елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара байланысты ұлттық және аймақтық көліктік инфрақұрылымды дамыту проблемасы уақыт озған сайын маңызды бола түсуде.

Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан өсе түсіп отырған мүдделіктің, сондай-ақ аймақга тиімді транзит жүйесін қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсүнудің куәсі — бірқатар Шығыс Еуропа елдерінің БҰҰ БА-ның 53-сессиясында осы қарардың тең авторларының қатарына қосылуы болды. Қазақстан мен бірге БҰҰ-ға мүше 13 мемлекет осы кркаттың тең авторлары атанды, олар: Әзербайжан, Армения, Ауғаныстан, Беларусь, Болгария, бұрынғы Югославия, Македония, Грузия, Иран, Қырғызстан, Монғолия, Польша, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекістан және Украйна. Қарар екінші комитеттің жалпы мәжілісінде дауыс берместен-ақ қабылданды.

Орталық Азия аймағындағы транзит жүйесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарының қабылдануы — БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің, басқа да халықаралық ұйымдардың және біздің аймағымыздағы транзиттік көлік жүйесін, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік қатынастарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдердің тарапынан болатын іс-шараларын халықаралық құқықтық негізін құрды. Қарардың ережелерін Қазақстан Өкіметі, тиісті министрліктер мен ведомствалар халықаралық ұйымдар мен, донор елдермен және басқа да мүдделі тараптармен келіссөздер барысында пайдалануы мүмкін.

БҰҰ — халықаралық бейбітшілікті қамтамассыз етуде де,сондай-ақ тұрақты дамуға жәрдемдесуде де жауапкершілік жүктелген бірден бір халықаралық ұйым. Тұрақты даму тұжырымдамасы 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткізілге БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі конференциясында әзірленді. Қазақстан үшін осы тұжырымдаманың маңыздылығын ұғына отырып, ҚР Үкіметі, Конференцияның қорытынды құжатының— «XXI ғасырға арналған күн тәртібінің» ұсыныстарын іске асыру жөнінде жоспар жасады. Осы құжатқа сәйкес әзірленген ұлттық бағдарламаларды, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын          Қазақстан Республикасының қабылдауын БҰҰ-да экология мен тұрақты даму саласындағы халықаралық уағдаластыққа біздің еліміздің басшылығының кешенді және байсалды көз қарасының нәтижесі ретінде бағаланды.

Семей аймағындағы жағдай туралы БҰҰ Бас хатшысының баяндамасына материалдар әзірлеу, денсаулық сақтау, экономика, экология, ақпарат сияқты негізгі төрт салада жобалық ұсыныстар әзірлеу халықаралық және ұлттық сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Баяндама БҰҰ БА-ның 53-сессиясында қаралды.

1997  жылғы  16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей аймағы бойынша қарар қабылдауына байланысты Қазақстан Үкіметі Семей   амағына   қатысты   мәселелерді   қарау   үшін   1998   жылдың басында Ведомствоаралық комиссия құрды. Комиссияның құрамына министрліктер мен       ведомстволардың, жергілі басқару органдарының, Ұлттық ядролық орталықтың және екі үкіметтік емес ұйымдардың («Невада-Семей» және «Полигон-23″) өкілдері кірді.

Ең    маңызды    міндет  Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою. Осы мақсаттармен БҰҰ сарапшылары аймақ үшін бұдан былайғы қатерді болдырмауға жәрдемдесетін,  ұлттық және халықаралық күш-жігерді жұмсаудың бес басымдық берілетін секторын белгіледі,олар: денсаулық сақтау, экология, экономиканы қалпына келтіру, гуманитарлық көмек және ақпарат тарату. Осы аталған басымдықгарды тандап алу Семей аймағының халқы ұшырасып отырған күрделі жағдаймен және өзара байланысты қиыншылықгармен түсіндіріледі. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары бүгінгі күні қаржылық қиындықтарға байланысты аталған аймақ пен оның халқына толық ауқымды көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Сарапшылардың бағалауы бойынша аталған бес басымдық берілетін бағыттарды іске асыру үшін 43 млн. доллар талап етіледі. Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалтуды халықаралық әріптестік негізінде тиімді түрде жүргізуге болады.

1998 жылғы 16 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында «Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық   дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру» атты қарар қабылданды.

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бірқатар мемлекеттердің делегацияларымен тұрақты консультациялар жүргізудің нәтижесінде БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі аталған қарардың мәтінін келісті. БҰҰ-ның дипломатиялық топтарында Ұйымға мүше 54 мемлекеттің осы қарарға тең автор болуы әлемдік қоғамдастықтың тарапынан Қазақстанды кеңінен қолдауы, біздің мемлекетіміздің халықаралық беделінің елеулі түрде өскендігі туралы куәландырылды. Қарарда Бас хатшыға бағытталған ұсыныс бар, онда Семей аймағын қолдау және БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-сессиясына тиісті баяндама әзірлеу мақсатында БҰҰ-ның тиісті бағдарламаларын қатыстыра отырып, консультацияларды жалғастыра беру айтылды.

Тұрақты дамудың кең ауқымды мәселелерін қарауға БҰҰ-ның жан-жақты тартылуы жоғары деңгейдегі бүкіләлемдік конференцияларды өткізуден байқалады; олар: Адам құқығы туралы-Вена (1993 ж.), Халықтың қоныстануы мен дамуы туралы-Кайр (1915 ж.), Әлеуметтік даму туралы-Копенгаген(1995 ж.), Әйелдердің ахуалы туралы-Пекин (1995 ж.), Тұрғын елді мекендер және даму туралы-Стамбул (1996 ж.).

Қазақстан құжаттардың бастапқы жобаларына ұсыныстар енгізу арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың ережелерін ұлттық деңгейде іске асыруға кірісіп, осы форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысты [5, 111].

Қазақстанның барлық халықтарының теңдігін, нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізгі құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің еліміздің Конституциясы Вена Деклорациясының шешімдеріне және Адам құқығы саласындағы іс-қимыл тұғырнамасына толық сәйкес келеді. ҚР Президенті жанынан Адам құқығы жөніндегі комиссияның құрылуын БҰҰ-да адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық қүжаттарды іске асыруға бағытталған нақты қадам ретінде бағалды.

Отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік қорғау Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басымдық берілетін бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысушы болып табылатын әмбебап халықаралық шар

123
скачать работу

БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ