Бюджеттен тыс қорлар
Другие рефераты
Жоспар
1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
2. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қолданылу ерекшеліктері.
3. Қазақстан республикасының ұлттық қоры.
Лекцияның мақсаты: бюджеттен тыс қорлардың мәнін зерттеу, олардың республикада қолданылу ерекшеліктерін үйрену.
Лекцияның мазмұны:
Еліміздің қаржы жүйесіндегі 90 жылдардың басындағы реформаның жүзеге асырылуы бюджеттен тыс қоралрдың қалыптасуына жол ашты. Оның ішінде әлеуметтік бюджеттен тыс қорларды атап өтуге болады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.Бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздері:
• Арнайы салықтар мен алымдар
• Жергілікті және аудандық бюджетті қаржыландыруы
• Арнайы займдар
• Ерікті аударымдар
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әр тараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Қызмет ету уақыты бойынша арнайы қорлар тұрақты және уақытша арнайы қорлар бөліп бөлінеді.
Қатыстылығы бойынша бюдеттен тыс арнайы қорлар мемлекеттік, мемлекетаралық және жергілікті қорларға бөлінеді. Мемлекетаралық арнайы қорларға Халықаралық валюта қорын, Халықаралық даму және қайта құру банкі жатады. Мақсаттары бойынша арнайы қорлардың келесі түрлерін атап өтуге болады:
v Әлеуметтік қорлар
v Жеке және мүліктік сақтандыру қоры
v Экономикалық қорлар
v Несие қоры
v Ғылыми-зерттеу қоры
v Инвестициялық қорлар
v Экологиялық қорлар
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылады: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
2. ҚР бюджеттен тыс қорлардың қолданылу ерекшеліктері.
Қаржы институттарының – бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1995-1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.
Әлеуметтік бағыттағы бюджеттен тыс қорларға келесілер жатады:
-Зейнетақы қоры ;
-Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
-Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
-Еңбекпен қамту қоры.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға аударымдар сомасы келесі нормативтер бойынша бөлістірілді:
-Зейнетақы қорына — 10% (немесе еңбекақыдан 10 (ЕАҚ);
- Міндетті медициналық сақтандыру қоры — 10% (3% ЕАҚ);
-мемлекеттік сақтандыру қорына — 5% (1,5% ЕАҚ).
Еңбекпе қамту қорының қаржылары жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру жарналары арқылы қалыптасады. Бюджеттік ұйымдарға, ауған соғысының мүгедектер қоғамы, Қызыл крест ұйымы және басқа да ұйымдар үішін жарналар 1 пайыз көлемінде бекітілді.
Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорынық қаржыландыру көздері:
1) зейнетақылар және жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
2) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Еңбекпен қамту қоры халықты жұмыссыздық бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етумен, жұмысшыларды даярлау мен оқытумен, қоғамдық шараларды ұйымдастырумен айналысады. Әлеуметтік сақтандыру қоры уақытша жұмыс істей алмауы бойынша жәрдемақылар төлеумен, санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландырумен, кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етумен айналысады.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржылары арқылы келісім шарттарына сәйкес сақтнушыларға медициналық қызмет көрсетеді. Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар қоғамдық дамудың мақсаттары мен міндеттерінен құралады. Тәжірибеден көріп отырғандай әр уақытта елімізде атап айтсақ, Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы қалыптастыру қоры, Кәсіпкерлік пен бәсеклестікті дамыту қоры қалыптасты. Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры нарықтық экономика жағдайында баламалы экономикалық құрылымдарды құру, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсету және монополиялық қызметті шектеу мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша шараларды қаржыландыру мақсатында құрылған болатын. Қорлардың қаржыларының қалыптасу көздерінекелесілер жатады:
-кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігінде қалатын ұйымдардың пайдасының 1% мөлшерінде жарналар алу;
-республикалық бюджеттің кірісінен 1 % көлеміндегі қаражат негізінде;
-кеңес беру, әдістемелік және баспа қызметінен түскен табыстар негізінде;
- еркін жарналар негізінде.
4. ҚР Ұлттық қоры
ҚР Ұлттық қоры мемлекеттің жинақтарын құру мақсатында және мемлекеттік және жергілікті бюджетке әлемдік бағаның әсерін төмендету мақсатында құрылады. Осыған сәйкес қорлар екі функцияны атқарады: жинақтаушы және тұрақты.
Қор мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы үрдісінде оған шикізат секторы ұйымдарынан(заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге де міндетті төлемдердің түсімдері негізінде қалыптасады:
-корпоративті табыс салығы
-қосымша құнға салық
-үстеме пайда салығы, бонустар, роялти
-ҚР келісілген келісім шарт негізіндегі өнімді бөлу бойынша үлесі.
Қор келесі түсімдер арқылы құралыды:
1) Республикалық және жергілікті бюджеттеттің жоспарланған түсімдерінің 10 %көлеміндегі арнайы трансферттер
2)Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер
3)ҚР заңымен шетелмеген басқада кірістер мен түсімдер.
Қордың қаражаттары келесі бағыттарға жұмсалады:
1) Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жыы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдерінің арасындағы айырма түрінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін
2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер.
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығындарды жабуға.
Қорды басқаруды келесі мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) ҚР ұлттық банкін басқару бойынша Кеңес құрамын құрайды
2) қор мәселелері бойынша Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді
3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады
4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітілген құжаттарды бағыттайды;
5) қордың қызметімен байланысты басқа да өкілдіктерді атқарады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|