Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дамыған елдердің ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру тәжірибесі

рдың мамандануына және аймақтық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Францияда үш мыңнан астам техника сауда кәсіпорындары және үш мыңнан астам тыңайтқыштарды сақтауға арналған көтерме қоймалары бар. Көтерме саудагерлер отызға жуық, олар кооперативтермен коммерциялық кәсіпорындар арсында тыңайтқыштарды бөлуде маңызды рөл атқарады. Минералды тыңайтқыштардың саудасы бойынша ұлттық федерация мәліметтері бойынша кәсіпорындардың федерация аралық одағы бойынша барлық өндірілген тыңайтқыштардың 70 пайызы көтерме қоймалары арқылы бөлінеді. Олардың 40 пайызы бөлуші кәсіпорынның көлігімен жеткізілсе, 30 пайызы фермердің өзінің көлігімен жеткізіледі.
Сауда кәсіпорындары минералдық тыңайтқыштармен пестицидтерді, ауыл шаруашылығы тауарларын фермерлер үшін жеке және сауда кәсіпорынларының көмегімен сатып алады. Бірлестіктермен сауда компаниялары департамент шегінде аймақаралық және дүниежүзілік денгейде әрекет етеді. Сауда кәсіпорындары арнайы ақпараттық орталықтардың мәліметтерін пайдаланады: тыңайтқыштарды өткізу нарығының жағдайы туралы ақпараттар қызметі, яғни агрохимикаттар нарығындағы бағалардың өзгеруі, конъюнктура туралы ақпарат беріліп отырады.
Қазіргі кезде тыңайтқыштарды бөлу жай ғана сауда мәмілесімен шектелмей сауда қызметкерлерінен білімдерін үнемі жаңартып тұруды талап етеді. Францияда ауыл шаруашылығы өндірісінің түрлі мәселелері бойынша автоматтандырылған жүйелер бар.
Жапонияның ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары бірінші кезекте мемлекеттік аграрлық саясаттың жалпы бағыттарымен анықталады.
Ауыл шаруашылығын дамытудың үкімет бағдарламаларына сәйкес ауыл шаруашылығын барынша интенсификациялау шаралары қарастырылған. Жапонияның ауыл шаруашылығының еркшеліктеріне тән минералды тыңайтқыштарды пайдалану, шаруа қожалықтардың шағын болуына технологиялық ерекшеліктеріне елде минералды тыңайтқыштарды бөлу жүйесінің мақсаттылығына байланысты. Жапон фермерлеріне минералды тыңайтқыштарды бөлу және өткізу кооперативтік және коммерциялық жүйелер арқылы жүзеге асрылады. Кооперативтік жүйе минералдық тыңайтқыштардың бөлшек сауда арқылы өткізілетін 91 пайызын бақылайды. Жеке бөлшек сауда арқылы жапон фермерлерінің 9 пайызы тыңайтқыштарды сатып алады. Кооперативтік және коммерциялық жүйе негізінен кәсіпорын мен фермерлер арасында делдалдық рөлді атқарады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі ауыл шаруашылығы кооперациясы ауыл шаруашылығына қызмет көрсетудің өндірістік дамуының елеулі элементтерінің бірі болды. Кооперативтер фермерлердің тұқымдарға, жемшөп, тыңайтқыштарға қажеттіліктердің негізгі бөлігін қаматмасыз етеді.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жабдықтау кооперативтері арқылы АҚШ-та фермерлерге 70 пайыз (44 пайыз минреалды тыңайтқыштар, 26 пайыз пестицидтер), Францияда - 40 астам, Германияда - 60-65, Скандинавия елдерінде ауыл шаруашылығында пайдаланатын минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің 40-75 пайызы қамтылды.
Экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығын агрохимикалық қамтамасыз ету жүйелерін талдау келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
- жетекші елдердің (АҚШ, Франция, Финляндия, Жапония) агроөнеркәсіп кешенінің салааралық дамуының маңызды бағыттарының бірі – агрохимикаттарды өндіретін өнеркәсіппен АӨК секторлары арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын ауыл шаруашылықты агрохимикалық қамтамасыз ету жүйесін құру;
- қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын агрохимиялық қамтамасыз ету жүйелерінің қызметтері кеңеюде;
- фермаларды тыңайтқыштармен, пестицидтермен, агрохимикаттармен, машиналармен, жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтитын кешенді агрохимиялық қамтамасыз етуге өту байқалып отыр;
- фермерлерге қызмет көрсету ғылыми кадрларды дайындау, шаруашылықтарға ғылыми қызмет көрсету;
- ауыл шаруашылығын агрохимиялық қаматамасыз ету жүйесі шаруашылықтың барлық категорияларын қамтыуы мүмкін емес. Ұйымдастыру тұрғыда бұл жүйелер агрохимикаттармен химикаландыру машиналарын шығаратын фирмалармен компаниялардың қызмет көрсетуші және зерттеу фирмалар мен ұйымдардың ауыл шаруашылығына жауап беретін министрліктердің мемлекеттік қызметтерін бірінғай фирмалармен компаниялардың желісіне біріктіреді;
- соңғы жылдары көптеген елдердің ауыл шаруашылығын агрохимиялық қамтамасыз етудің коммерциялық жүйесінде фирмалық агрохимиялық заттарды өндіруді бастады. Жалпы алғанда, коммерциялық жүйеде агрохимиялық қамтамасыз етуде аралық буындармен тауар өндіруші желілеренің қысқаруы байқалып отыр;
- экономикасы дамыған елдердегі ауыл шаруашылығын агрохимилық қамтамасыз ету жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып фермерлік кооперативтердің қызметін белсендету болып табылады. Кооперативтердің экономикалық тиімділігі агрохимикаттарды сатып алу және пайдалану шығындарын қысқартудан тұрады;
- минералды тыңайтқыштарды тасымалдау жүйесінде арнайы көлік көптеп пайдаланады (автокөліктік және теміржол);
- АҚШ, Францияның ірі аймақтарының деңгейінде қазіргі уақытта үйлестірілетін (фирмааралық) сауда қызмет етуші компаниялар өнеркәсіп өнімін химиялық компаниялардан ауыл шаруашылығы жерлеріне жеткізеді. Компаниялар өздерінің алдына агрохимикаттар нарығын икемдеп алуды мақсат етеді. Сонымен, олардың қызмет ауқымы кооперативтермен жеке диллерлерге қарағанда, едәуір кең болады;
- жалпы тұтынуды реттеудің маңызды тетігі және минералды тыңайтқыштарды маусымдық өткізудің негізгі факторы бағалар болып табылады. Дамыған елдерде минералды тыңайтқыштарға сұранысты теңестіру үшін фермерлік сатып алулар кезінде номиналды нарық бағаларынан арнайы кемітулер жасайды. Тыңайтқыштардың түріне қарай 4-16 пайызға дейін. Бұл ірі фермерлерді меншікті ішкі шаруашылық қоймаларды соғуға ынталандырады.
Ауыл шаруашылығы өндірушілері отын-энергетикалық ресурстардың бағаларына қатысты өте осал болып келеді. әсіресе бұл мұнай бағаларына қатысты, олардың бағаларының жоғарылауы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жанар-жағар май және т.б. ресрурстарға кеткен шығындарды ұлғайтады. Дамыған елдердің ауыл шаруашылығы өндірісінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай фермердің бір өзі энерго-ресурстардың бағаларының көтерілуіне қарсы тұра алмай қолдауға мұқтаж болады. Қолдау мұнайдың дүниежүзілік бағаларының өзгеруі жағдайында қажет. Фермерлерді қолдау әкімшілік органдар және ауыл шаруашылық өндірушілердің бірлестіктерінде болады. Энергетикалық ресурстарды пайдалануды қолдау әкімшілік органдардың түрлі формаларында, соның ішінде тура субсидиялар, салықтағы жеңілдіктер, несиелеудегі жеңілдіктер, дифференцияланған тарифтерді енгізуді қамтиды. Бұл жерде Канададағы фермерлік шаруашылықтардың моторлық отынның (бензин диелдік отын) пайдаланудағы қолдау тәжірибесі қызығушылық туғызады. Мұнда салық кемітулерінің барлық түрлері аймақтарға байланысты есептелініп төленеді. Елде орта есеппен фермерлер үшін дизелдік отынның бағасы 50 пайыздан, бензин 44 пайызға дейін төмендетілді.
Отын энергетикалық ресурстармен тиімді қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бірігуі негізінен фермерлік шаруашылықтарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған мұнда АҚШ-тың фермерлік кооперативтер қызметінің жарқын мысалы ретінде қарастыруға болады. Мұнай компанияларға әсіресе ірілеріне мұнай өнімдерін урванизацияланған аймақта және ауыл шаруашылығы тұтынушыларын қамтамсыз ету тиімді. Сондықтан АҚШ-та фермерлік кооперативтер арқылы мұнай өнімдерімен жабдықтау қатар дамыды. Фермерлік кооперативтер АҚШ-тың ауыл шаруашылық өндірістерінің 40 пайызын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдаудың қарастырылған нысандарын қолдануға болады. Бірақ, осы нысандардың ара қатынасы немесе олардың біреуін таңдап алу жалпы экономикалық жағдайды сонымен қатар аймақтық дифференцияцияны ескере отырып анықталады.

Әдебиеттер:

1. Стратегия ускорения: Учебное пособие /Под ред. В.В.Кулинова. -М.: Политиздат, 1986. -255 с.
2. Терехов А.Б. Свобода торговли: анализ опыта зарубежных стран. - М.: Экономика, 1998. - 190 с.
3. Болт Г. Дж. Практическое руководство по управлению сбытом. - М.: Экономика, 1990. - 271 с

12
скачать работу

Дамыған елдердің ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру тәжірибесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ