Дәнді бұршақ дақылдары, ерекшеліктері
ігімен ерекшеленеді: біреулері (ноқат, майбұршақ, т.б.) тік өскен қалпын сақтайды, ал басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғаттық, т.б.) жапырылғыш, тұның өзі егін жинауда үлкен қолайсыздық тудырады. Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғаттық, т.б.), екінші- үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ). Гүлдері бұрыс пішінді, бестік түрде болады. Жемісі – әр түрлі көлемде және пішінді бұршаққап. Бұршақ дақылдарының кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т.б.) жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін төмендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі.
Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бойынша дәнді бұршақ дақылдары екі топқа бөлінеді: қысқа (асбұршақ, жасымық, т.б.) және біраз ұзақтау (ноқат, үрме бұршақ, т.б.) . Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарынан суыққа төзімділеу (асбұршақ, жасымық), жылу сүйгіштеу (бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат) және жылу сүйгіш (майбұршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады. Бұл дақылдардың ылғалға да талаптары бірдей емес: ең ылғал сүйгіштерге май бұршақ, бөрі бұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды ылғалы молырақ аудандарда немесе тек суару жағдайында өсіреді: құрғақшылыққа төзімді деп ноқат, асбұршақ, ноғаттық саналатындықтан, оларды Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында үлкен табыспен өсіруге болады.
Қазақстанда егістік көлемі бойынша дәндібұршақ дақылдарының ішінде бірінші орынды асбұршақ, одан кейін ноқат, ноғаттық, т.б. орналасқан.
Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А,В,С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі. Ол-жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57,4 мың/га) 80% дан астамы асбұршақтың үлесінде болады.
Морфологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ бірнеше түрлерді біріктіреді, барынша кең тарағаны егістік асбұршақ және ол негізінен азық-түліктік мақсатқа өсіріледі. Оның тамыры кіндікті, сабағы жапырылғыш, жапырақтары күрделі, қосқауырсынды, гүл шоғыры-бұтақбас, жемісі-бірнеше тұқымды бұршаққап, тұқымдары домалақ, ашық түсті.
Биологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ-суыққа төзімді әрі ылғ,ал сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 1-2 С жылылықта өне алады, алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +5 С жылылықта 20-25 тәуліктен кейін, ал 15 С температурада 7-8 тәулікте пайда болады. Бұтақтану, бүрлену, гүлдену және пісіп-жетілу кезеңдеріне барынша оңтайлы температура 15-20 С. Дақылдың егін көгі-8 С дейінгі қысқа мерзімде бозқырауды көтереді, ал гүлдену мен дәннің толысу кезеңдерінде тіпті -2-4 С бщзқырау қауіпті. Ылғалға қоятын талаптары мен бір өлшем құрғақ затты қалыптастыру үшін шығындайтын ылғал мөлшері бойынша асбұршақ ылғал сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады, дегенмен өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақтың терең қабатынан суды соруына байланысты, ол көптеген басқа дәнді бұршақ , жаздық астық дақылдары, т.б. қарағандақұрғақшылықты жеңіл көтереді. Асбұршақтың ылғалға барынша жоғары талабы бүршіктену-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді. Осы кезеңдегі топырақтың жақсы ылғалдылығы оның жоғары өнімінің кепілі болып табылады. Асбұршақтың транспиранциялық коэфициенті 300-600 аралығында. Гүлдену кезеңінің созыңқылығына байланысты оның тұқымдары біркелкі піспейді, ал бұл ерекшелік егін жинау мезгілі мен тәсілін дұрыс таңдап алуға мәжбүр етеді. Асьұршақ қоректену элементтері жеткілікті қара, күңгірт, қара, қоңыр, т.б. топырақтарда жақсы өседі. асбұршақ үшін қышқыл , механикалық құрамы ауыр , сортанды және батпақтанған топырақтар жарамсыз, жеңіл құмдақ топырақтарда да ол нашар өседі.
Қарқынды өсіру технологиясы Қазақстанда асбұршақ сүрі танабынан кейінгі бірінші және екінші жаздық бидайдан кейін орналастырылады. Асбұршақ бір танапта қайта өсіруді көтере алмайды, өйткені аурулар мен зиянкестерден үлкен зардап шегеді. Топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіштермен немесе терең қопсытқыштармен іске асырылады. Себу алдындағы топырақ өңдеу бидайдікіне ұқсас. Теңдестік тәсілімен анықталған фосфорлы тыңайтқышты топырақты негізгі өңдегенде енгізеді. Ылғалды аудандарда және суармалы жағдайда өсіргенде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өндегенде жақсы нәтижеге қол жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында түйнектеріндің түзілуіне жағдай жасайды, асбұршақтың азотты байлауын күшейтеді.Ауруларға қарсы нитрагинмен дәрілейді.Асбұршақты жаппай қатардағы тәсілмен себеді.Тұқым себу мөлшері 0,6-0,9 млн/га өнгіш тұқым.Асбұршақ тұқымдары ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (4-5 см-ден 8-9 см-ге дейін)Асбұршақ егісчтігін күтіп баптау егін көгіне дейінгі(себуден 3-4 тәуліктен соң) тырмалаудан басталады.Соның нәтижесінде арамшөптердің ақ жіпшеларі жойылады және топырақ қабыршағы үгітіледі.Көктегеннен кейін және тамырланғаннан соң егін көгін көлденең немесе қиғаштап жеңіл тырмалармен тырмалайды. Асбұршақ себілетін танаптардағы біржылдық аоамшөптерге қарсы линурон немесе прометрин гербицидін қолданады.Бізтұмсық, дән кеміргіштерге қарсы метафоспен өңдейді.
Асбұршақ егістігі бөлектеп жиналады.Асбұршақ тұқымының орташа ылғал-дылығы 30-35 % жеткенде немесе өсімдіктерінің орта бөлігіндегі бұршаққаптардың 70-75% сарғайғанда оны дестелегіштермен( ЖБА-3,5) дестеге шабады, ал дестеде тұқым ылғалдылығы 18-20%жеткенде бастырылады.
Қорытынды.
Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдауында ауыл шаруашылығына көп көңіл аударған. Республикамыздың агроөнеркәсіп өндірісінің даму дәрежесі мен тиімділігі халықтың ауыл шаруашылығы тауарларына деген сұранысын қанағаттандыруға әсерін тигізумен қатар қазіргі жаһандық қаржы дағдарысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен отандық тамақ және жеңіл өнеркәсіптерді дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда маңызы аса жоғары.
Еліміздің ауылшаруашылығын келешек дамуында, ауылшаруашылық өнім өндірішулердің бәсекелестікке барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық жетілдірудің маңызы зор. Қазақстанның барлық облыстарында әр түрлі агроөндірісті кешенді ұйымдастыру мен агроқұрылымдардың тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік пен әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуге толық мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1.Қ.К.Әрінов. Тұқымтану негіздері.-Ақмола,1995
2.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
3.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.
4.Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы-Астана 2010
5.Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдау
| | скачать работу |
Дәнді бұршақ дақылдары, ерекшеліктері |