Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дәрілік өсімдіктермен емдеу

сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.

Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйрек-тегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.

Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабы-ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада ор-ганизмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.
Мойыл. Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.

Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

Қара пышақ, күшәла. Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзек-ше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.

Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауру-ға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.
Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.

Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.

Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.

Шетен. Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.

Итмұрын. Жемісінің құра-мында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағам-ға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүй-рек ауруларына ем.
Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұ-қымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Ха-лық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.

Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшей-теді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.

Сүйел шөп. Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүт-ттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.

Шай шөп. Халық оны шөп шай, сары мысық-табан алтын түсті күн сәулелі шай шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады.

Аскөк. Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.

Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Жөке ағашы. Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құр-тады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жө-ке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді.

Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдік-тердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәр-мек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тә-жірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:
1.Итсигек. 2.Көкнәр. 3.Сүтті-ген. 4. У қорғасын. 5.Шытыр. 6.Көкек. 7.Қызғалдақ. 8.Есекмия. 9.Қара пышақ, күшәла. 10.Үшкір азинеума. 11.Шашақ жемісті гелиотроп. 12.Батпақ қалтагүл шөбі. 13. Түйе шырмауық, түйе-табан. 14.Жатаған темір тікен. 15.Мүйізді шөңгебас. 16.Дала қылшасы. 17. Дала қырық буыны. 18.Тегеурінгүл. 19.У балдыр-ған. 20.Сасық меңдуана, т.б.

12
скачать работу

Дәрілік өсімдіктермен емдеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ