Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Демократия

ымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат референдумда теңдей дауысқа ие.Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты – адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған “иә” немесе “жоқ” деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар “Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету.Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ереже бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы өткізілді. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын – елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады.Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп көрсетілген Конституцияда.Сонымен, біз алдыңғы тақырыптарда демократия ұғымына халықаралық көлемде сипаттама бердік. Қазақстан жағдайына демократияның әмбебаптық дәрежесіне оның әлемдік стандартқа сәйкестігіне тоқталдық.Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, ол қамтамасыз етілді. Демократия және құқықтық дәрежеге өту процесі одан әрі жалғасуда. Жергілікті атқарушы органды Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі басқарады.Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
Пайдалынылған әдебиеттер:
1) Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
2) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

123
скачать работу

Демократия

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ