ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
uo; құлпытастарындағы жазуларда түрік халқының атақты қолбасшысы Күлтегіннің 47 рет соғысып, 47 рет жеңіске жеткені жырланған. «Қағаны – алып, ақылгөйі – кемеңгер» екен дейді. Кемеңгері білге Тоныкөктің арқасында үлкен жеңіске жетеді. «Өлімші халықты тірілттім, жалаңаш халықты – тонды,кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым», – дейді елдің ақылгөйі.
Әуел бастан елдің басы бірігіп хандық құрғаннан бастап Грекияның полисі сияқты елдің ішкі және сыртқы мәселелері бүкіл халықтың ақылыменшешіліп отырған. Ал оның ақылгөйі Тоныкөкті шығыс халықтарын зерттеуші В.В. Бартольд француз тарихындағы Талейранмен теңейді. Барлықелбасыларының ақылгөйлері болғандығы белгілі. Мәселен, Томирис патшайымның ақылгөйі – Зал, Шыңғыстың кеңесшісі – Майқы Майып, Жәнібектікі– Асанқайғы, Тәуке ханның төбе биі – Төле, Абылайдың ақылшысы – Бұқар – ұлы дәстүрдің, халық даналығының сарқылмас жалғасы, теңдікті, әділетті қорғаушы сақшылары.
Асылы, қоғамның саяси құрылысын басқару принциптері дегеніміз – ол ата-бабаның бұрынғы айқын жолының, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мұрасының жалғасы. Әу басынан бастасақ, ғұндар, түрік қағанаты, қазақ хандары қағанаттың ең жоғарғы органы – «төрт тағаны», яғни тайпабасшылары, мемлекет мәселесін талқылайтын шонжарлар көсемдерінің кеңесі, онан кейінгі билік иесі – жабғулар, тегіндер бұл гүндердің лупиі, үшіншібилік сіліг бек яғни ұлығ, төртіншісі – тұман бег ұлы дуюлер. Бұл төрт тағаннан кейін – әкімшілік-әскери басшылар. Оның 20 түрлі атақтары болған.Ғұндардың, қағанаттардың, монғолдың, қазақтың басқару жүйесі де осындай болды. Тұтас алғанда бұл жүйе әскери демократия деп аталған. Барлық пирамиданың басында тақта қаған немесе Тәңірқұты отырған.
Қоғамдық қатынастар, әкімшілік жарлықтар мен қаған тәртібін қылмысты кодексі бойынша Бас би қадағалап отырған. Түрік қағанатында жаңа жылда, яғни бесінші айда Лунген тауының етегінде бүкіл ел бас қосып, келелі мәселелерді келісіп шешіп отырған. Ал жыл аяғында жаппай халық және малесебі алынған.
Мұндай сабақтастық Тәуке ханның тұсында сақталған. Ангрен өзенінің бойындағы Күлтөбенің басында, кейде Сайрам қаласының маңындағы Мәртөбеде хандар, сұлтандар, билер, батырлар мен ру көсемдері жиналып, мәселелерді шешіп отырған. Ауа райының қолайлы кездерінде «Хан кеңесі», «Билер кеңесі» де мәслихаттар өткізіп отырған. Ханның құдіреті бола тұра, ол көпке бағынған. Мысалы, Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан өлтірген мәселесін «билер кеңесі» қарап, Барақты ақтағанда қабағынан қар жауған Абылай ханның билер шешімімен келісуден басқа амалы қалмаған.
«Жеті Жарғының» Күлтөбеде қабылданғаны белгілі. Оның авторы Тәукені зерттеушілер данышпанға балап, оны ұлы реформаторлар Солон менЛикугиймен қатар қояды. Хандар мен билер Батыс пен Шығыстың заңдары мен жарлықтарына арқа сүйеген.
Қытай ғалымы Су Бей-Хайдың «Қазақ мәдениетінің тарихы» (1989, Үрімші) деген кітабында қазақ мемлекетінің негізі 7 сатыдан тұрады деп жазылған:
1 Ауыл.
2 Ата аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады.
3 Ру – 13-15 аймақтан тұрады, басшысы – ру басы.
4 Арыс – бірнеше рудан тұрады, басшысы – би.
5 Ұлыс – бірнеше арыстан тұрады, басшысы – сұлтан.
6 Жүз – бірнеше ұлыстардан тұрады, басшысы – хан.
7 Хандық – ол үш жүзден тұрады, әміршісі – Қаған. Ұлы хан, яғни хандардың ханы.
«Қой үстінде бозторғай ұялаған кез» Тәуке ханның кезі деп есептелген. Өйткені ішкі-сыртқы саясатын демократияландырған. Хан елді жекебилемеген, ақсақалды топ басқарған. Ол хан кеңесі мүшелері мен билер кеңесінің беделін көтерген. Қазақ хандығын алты алашқа бөліп, оның әрқайсысына ықпал ететін, ішкі мәселелерін шешетін билерді бекіткен. Сондықтан да шығыс елдерін, оның ішінде қазақтарды «Ұлы билер ұлысы» депатаған.
Ресей 1868 ж. қабылдаған «Жаңа Жарғы» бойынша қазақ даласында сұлтандық пен «Билер кеңесінің» жүйесін түбірімен жойды. Еркін отарлауыосылай бастады.
Тарихи мәліметтерге, қазақ мінез-құлқына жіті қарап отырсаңыз оның еркін жүріп-тұруына мүмкіндік болғанын көреміз. Әйелдер ерлермен бірдейаңға шығып, бәйгеге шабады, қонақтармен еркін сөйлесіп, қажетті жерінде билік те айтады. Қазақтың қос батыр қызы Әлия мен Мәншүктің шығуы соның сабақтастығы сияқты.
Б.Д. Грековтың, А.Ю. Якубовскийдің «Алтын Орда және оның құлауы» (1950) атты еңбегінде көптеген саяхатшылар мен елшілердің қазақтар туралыкөрген-білгендері жазылыпты. Сонда әйелдердің мал жайлауға, оның өнімдерін өңдеуге, сарбаздардың киім-кешегін, құрал-жабдықтарын дайындауға, бала тәрбиелеуге ерлермен бірдей қатысатындығын айтады. Мемлекетті басқаруда да әйелдердің үлесі аз болмаған.
Берке хан тұсында Алтын Орта патшалығының тақ маңындағы әйелдердің басым көпшілігі қыпшақтар болған. Олар жазбаша сауатты әрі мемлекетбасқаруға еркін араласатын саясаткерлер, күрескерлер болған екен.
Хан – билік пирамидасының ең жоғарғы сатысында тұрған адам. Мұрагерлік жол сақталғанымен хан сайланып қойылады. Абылай ханның орнына хансайлау үлкен жанжал туғызып, ханның қалмақ қызынан туған Қасым деген әпербақан, ожар баласы сайланбай қалғаны белгілі.
Хандыққа кандидаттар туралы сұлтандар, билер, ру басылары, батырлар мен басқалар өз пікірлерін айтып, тілегін білдірген. Халық сенімінақтамағанды елден аластатып, мал-мүлкін, байлығын ту-талақай бөліп алатын болған. Мұндай «хан талау» 1530 ж. Тайыр ханға жасалған. Халық оданбезіп шығып, ханды далада қалтырған. Тайыр амалсыздан сол кезде қазақ хандығының құрамындағы қырғыз еліне кеткен.
Қорыта келгенде, қазақ қоғамын басқару жүйесінің әдістері мен түрлері халықтың ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлеріне, қарым-қатынасына, отбасының, ауылдың, елдің ерекшеліктеріне негізделген. Далалық демократияда табиғат пен хан билігінің мүмкіншілігі ескерілді. Сондықтан да халық түрмесіз де өмір сүруге негіз жасай алды. Бұл ретте қазіргі кезеңмен бір сабақтастығы, сонда, дала демократиясындағы туыстық, теңдік, өзгені құрметтеу, өзіңді бағалау, елді қорғау, басқаның жеріне көз алартпау сияқты ұғымдар Қазақстанның Ата Заңының бірқатар баптарында көрініс береді. Бұл сөз жоқ, ежелгі елдік дәстүріміздің, салт-санамыздың, тұтасымен алғанда дала демократиясының әлі де өміршеңдігін көрсететін құбылыс.
| | скачать работу |
ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ |