Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Демократияның саяси институттар жүйесіндегі алатын орны

ақ сұлтан өлтірген мәселесін «билер кеңесі» қарап, Барақты ақтағанда қабағынаан қар жауған Абылай ханның билер шешімімен келісуден басқа амалы қалмаған.

«Жеті жарғының» Күлтөбеде қабылданған белгілі. Оның авторы Тукені зерттеушілер данышпанға балап, оны ұлы реформаторлар Солон мен Ликугиймен қатар қояды. Хандар мен билер Батыс пен Шығыстың заңдары мен жарлықтарына арқа сүйеген.

Қытай ғалымы Су Бей-Хайдың «Қазақ мәдениетінің тарихы» (1989, Үрімші) деген кітабында қазақ мемлекетінің негізі 7 сатыдан тұрады деп жазылған:

1) Ауыл.

2) Ата аймақ, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады.

3) Ру – 13-15 аймақтан тұрады. Басшысы рубасы.

4) Арыс. Бірнеше рудан тұрады, басшысы би.

5) Ұлыс. Бірнеше арыстан тұрады, басшысы сұлтан.

6) Жүз, бірнеше ұлыстардан тұрады, басшысы хан.

7) Хандық – ол үш жүзден тұрады, әміршісі – Қахан. Ұлы хан, яғни хандардың ханы.

«Қой үстінде бозторғай ұялаған кез» Тәуке ханның кезі деп есептелген. Өйткені ішкі-сыртқы саясатын демократияландырған. Хан елді жеке билемеген, ақсақалды топ басқарған. Ол хан кеңесі мүшелері мен билер кеңесінің беделін көтерген. Қазақ хандығын алты алашқа бөліп, оның әрқайсысына ықпал ететін, ішкі мәселелерін шешетін билерді бекіткен. Сондықтан да шығыс елдерін, оның ішінде қазақтарды «Ұлы билер ұлысы» деп атаған.

Ресей 1868 жылы қабылдаған «Жаңа Жарғы» бойынша қазақ даласында сұлтандық пен «Билер кеңесінің» жүйесін түбірімен жойды. Еркін отарлауы осылай бастады.

Тарихи мәліметтерге, қазақ мінез-құлқына жіті қарап отырсаңыз оның еркін жүріп-тұруына мүмкіндік болғанын көреміз. әйелдер ерлермен бірдей аңға шығып, бәйгеге шабады, қонақтармен еркін сөйлесіп, қажетті жерінде билік те айтады. Қазақтың қос батыр қызы Әлия мен Мәншүктің шығуы соның сабақтастығы сияқты.

Б.Д.Грековтың, А.Ю.Якубовскийдің «Алтын Орда және оның құлауы» 1950 атты еңбегінде көптеген саяхатшылар мен елшілердің қазақтар туралы көрген-білгендері жазылыпты. Сонда әйелдердің мал жайлауға, оның өнімдерін өндеуге, сарбаздардың киім-кешегін, құрал-жабдықтарын дайындауға, бала тәрбиелеуге ерлермен бірдей қатысатындығын айтады. Мемлекетті басқаруда да әйелдердің үлесі аз болмаған.

Берке хан тұсында Алтын Орта патшалығының тақ маңындағы әйелдердің басым көпшілігі қыпшақтар болған. Олар жазбаша сауатты әрі мемлекет басқаруға еркін араласатын саясаткерлер, күрескерлер болған екен.

Хан – билік приамидасының ең жоғарғы сатысында тұрған адам. Мұрагерлік жол сақталғанымен хан сайланып қойылады. Абылай ханның орнына хан сайлау үлкен жанжал туғызып, ханның қалмақ қызынан туған Қасым деген әпербақан, ожар баласы сайланбай қалғаны белгілі.

Хандыққа кандидаттар туралы сұлтандар, билер, ру басылары, батырлар мен басқалар өз пікірлерін айтып, тілегін білдірген. Халық сенімін ақтамағанды елден аластатып, мал-мүлкін, байлығын ту-талақай бөліп алатын болған. Мұндай «хан талау» 1530 жылы Тайыр ханға жасалған. Халық одан безіп шығып, ханды далада қалтырған. Тайыр амалсыздан сол кезде қазақ хандығының құрамындағы қырғыз еліне кеткен.

Қорыта келгенде, қазақ қоғамын басқару жүйесінің әдістері мен түрлері халықтың ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлеріне, қарым-қатынасына, отбасының, ауылдың, елдің ерекшеліктеріне негізделген. Далалық демократияда табиғат пен хан билігінің мүмкіншілігі ескерілді. Сондықтан да халық түрмесіз де өмір сүруге негіз жасай алды. Бұл ретте қазіргі кезеңмен бір сабақтастығы, сонда, дала демократиясындағы туыстық, теңдік, өзгені құрметтеу, өзіңді бағалау, елді қорғау, басқаның жеріне көз алартпау сияқты ұғымдар Қазақстанның Ата Заңының бірқатар баптарында көрініс береді. Бұл сөз жоқ, ежелгі елдік дәстүріміздің, салт-санамыздың, тұтасымен алғанда дала демократиясының әлі де өміршеңдігін көрсететін құбылыс.

12
скачать работу

Демократияның саяси институттар жүйесіндегі алатын орны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ