Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Денсаулық - басты байлық

се біздің халықтың, денсаулықжөніндегі сауаты шамалы. Сол себепті де кез келген ақыл-кеңеске сенгіш және содан өзі кейін зардап шегіп жүреді. Осыны ескеріп, жоғары оқу орындарында, бірінші курс студенттеріне, жоспарға енгізіп, "Денсаулық тағылымы" деген сабақ жүргізсе жақсы болар еді. Ол сабақта жастарға, теледидардан көріп жүрген "911"-дегі сияқты, денсаулық жайында сабақ беріп, өмірге қауіпті кезде қандай жедел медициналық көмек көрсету керек екенін үйретуге болады. Рас, бізде аурулар туралы кітаптар баршылық, бірақ денсаулық және салауатты өмір туралы кітап жоқ. Бар кітаптар: дене шынықтыру, диета, аутотренинг (өзін-өзі жаттықтыру), иогтар туралы ақыл-кеңестер береді. Әрине, бұлар аздық етеді. Қазір жасы сексеннен асқан, әйгілі кардиохирург, академик Н.М.Амосов өзінің "Раздумья о здоровье" деген кітабында денсаулық жайында мынадай тоғыз қағида ұсынады. 1 Аурулардың болуына көбінесе табиғат та, қоғам да кінәліемес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, ал кейде өзінің қисынсыз қылықтарынан ауырады. 2. Медицинаға сене бермеңіздер. Ол көптеген ауруларды жаман емдемейді, бірақ адамды сауықтырып та жібермейді. Әзірше ол тіпті адамды сау болуға да үйрете алмайды. Онын үстіне„дәрігерлердің қармағына түсіп қалудан сақ болыңыз! Кейде олар адамның әлсіздігі мен өз ғылымының қуат-күшін көтермелей, әсірелеуге бейім келеді және адамдарға жоқ ауруды таңып, өтеуге мүмкіндік жоқ вексельдер (міндеттемелер) береді. 3. Дені сау болуы үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлықтай күш жұмсау керек. Бұларды ештеңемен алмастыруға болмайды. Бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жұмсауда арта түседі. 4. Күш жұмсау мөлшері, негізінен, ынталандыру арқылы анықталады, ынталандырулар - мақсаттың маңыздылығымен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Өкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақындағанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Алайда әлсіз, баянсыз адамды өлім де ұзақ уақыт үрейлендіре алмайды. 5. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты - бақытты өмір сүру! Өкініштісі, алғашқы шарттарсыз бақыт та денсаулықты баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға да құштарлық шамалы болады. Әттеген-айы осы. 6. Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр.Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз тіпті жақсы. 7. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың ұзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді. 8. Өзін-өзі босаңсыта білу де - ғылым, бірақ оған қосымша, мінез-құлықтың да тәуір (салмақты) болғаны дүрыс. Егер солай болса, қандай жақсы десеңізші! 9. Бақытты өмір туралы. Денсаулық отбасында да, жұмыста да бақытты болуға өз үлесін қосады, бірақ оны белгілей алмайды. Бір нәрсе ақиқат: ол - кез келген аурудың адамды бақытсыз ететендігі. Сонымен, денсаулық үшін күресу керек пе, жоқ па? Ойланыңыздаршы?!!

 Имандылықтың денсаулыққа әсері

      Денсаулық — зор байлық. Денсаулық адам өмірінің негізі, тірегі. Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі. Денсаулық берген мүмкіндікте ғана адам өз мақсатын жүзеге асыра алады. Дегенмен, әрбір адам өмірінде әдеттегі тіршілікпен өз денсаулығына атүсті қарап, профилактикалық тексеруді кейінге қалдырып, күнделікті маңызды мәселелермен айналысу орын алады. Осы тұрғыда Құран аяттарының денсаулыққа тигізер әсері ерекше. Белгілі бір аяттарды күніне екі мезгіл тыңдаудан адамның көңіл күйі жоғарылайды, есте сақтау кабілеті артып, жаңадан басталып келе жатқан ауруларға қарсы тұру иммунитеті күшейеді. Аяттардың тағы бір маңызы — жүйке жүйесін тыныштандыру арқылы қоршаған адамдармен араласуда тепе-тендік күйге, ал табиғатпен үнемі және екіжаққа тиімді қатынасқа көше бастайды.Туа біткен, тұқым қуалаған және т.с.с. санаулы ауруларды айтпағанда, адам ағзалары оның сезініп, ұғынған ұстанымдарының нәтижесі немесе оның өмір алқабының жемісі іспетті. Ауруға әкелетін басты шарттардың бірі жұмыс орнында немесе отбасында қалыптасатын психологиялық дискомфорт. Бұл шарт адамның денсаулығына деген тиянақтылығын төмендетіп,ауруға бейімділігін арттырады. Осындай көңіл күйдегі адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру иммунитеті азайып, кеселге ұшырауы мүмкін. Қасиетті кітапты басшылыққа алған адам өзінің өмірлік ұстанымдарымен, салиқалы, сындарлы мінезімен жұмыс орнындағы, отбасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу немесе одан шығу жолдарын терең меңгереді, орны толмас өкінішке әкелетін жайттардан алыс болып, жан-жағына мейірімділік таратады.Қоршаған  ортаның денсаулыққа әсері бірер сағатқа созылған  шаршампаздық симптомдарынан басталып, катерлі ауруға дейін әкеліп соғуы мүмкін. Ал қасиетті кітап сүрелері қоршаған ортада адамның қонақ екенін санаға сіңіру арқылы ортамен байланыстықалыптастырып, қоршаған ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.Күн сәулесі, қар мен жауын, жел, т.б. қоршаған ортаның тікелей әсерінен қорғайтын бірден-бір тәсіл киген киімнің табиғи құбылыстарға сәйкестігі. Жалпы қай дінде болмасын, әйел адамдардың киім үлгісі ұқсас. Өзінің алдындағы діндерді жоққа шығармайтын халқымыздың діні әйел адам организміндегі ерекшеліктерді есепке ала отырып, оны барлық табиғи құбылыста қорғайтын киім үлгісін негіздеді. Әйел затының терісіне сырт көзге ақпарат түсетіні ғылыми делелденген факт. Үйлесімді тамақтану тұрғысында қасиетті кітапта тағамды шүкіршілікпен қабылдау ғибрат етіледі. Ризашылықпен зарядталған тағамның құрамы адам ағзаларын да ризашылыққа бөлейтіні белгілі. Ал, үнемі басыңқы кеңілде қабылданған тағам ауру әкелетіні және тою сезімін топастандырып, тамақтың дәмін жоятыны белгілі. Ислам дінінде қарынды толтыра тамақ жеуден сақтандыру орын алған. Сенімдегілер үшін қарынның үштен бір бөлігі ғана тамакқа, бір бөлігі су, қалғаны ауаға арналған. Бұл тағамның қорытылуын жеңілдетіп, тоя тамақтанудан пайда болатын жалқаулықтан сақтандырады. Көп тамақтану денені салбыратып, тез картаюға, тамақ қалдықтарынан ағзалардың тазаруын қиындатып, көптеген ауруларға әкелетіні белгілі. Мұны кешкі мерзімде сыралатып, темекі түтінімен өмірін  қысқартумен айналысатын жастар есте ұстауы тиіс.Көп ұйықтау адамның санасын бұлыңғырлап, ағзаның әлсізденуіне, сол арқылы ауруға ұшырауына әкеледі. Сонымен қатар, көп ұйықтаудан денені делсалдық билеп, адам жаман ойларға беріледі. Жүйкенің жұқарып, жүйке ауруларына әкелуіне аз ұйықтаумен қатар, жоғарыда айтып кеткен шүкірліктің болмауы, көрсеқызарлық пен астамшылық та себеп болады. Іштен жегідей жеген құрттай бұл мінездер адамды ауру етіп тынады. Қасиетті дініміз мұндай себептердің алдын алатын ұждан тербиелейді.Нөпсіқұмарлықтың салдарынан қоғамның калыптасқан негізі жойылып, ақ пен қараның арасы араласып кетеді. Нәпсіқұмарлықтың адам денсаулығына әсерінен отбасы ажырасып, ер адамдар жалғыздыққа, әйелдер салқындыққа ұшырауы мүмкін. Қоғамдағы теңсіздікті, әділетсіздікті туындататын басты себепкер нәпсіқұмарлық пен зиянды әдеттерге үйірсектеуді сенімсіз тізгіндеу өте қиын.

12
скачать работу

Денсаулық - басты байлық

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ