Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Денсаулық көзі — дұрыс тамақтана білу



 Другие рефераты
Дәрілік өсімдіктермен емдеу Дәм сезу анализаторы Денсаулық — басты байлық Дем алу және дем шығару механизмі

Қазақ «ауру астан» деген қағиданы күнделікті тіршілігінде ұстана білген. Халықтың даналығы сонда, тамақтың биологиялық құрамына да анықтама беріп отырған.

Тіршілік — дегеніміз ақуыздардың өмір сүруі, егер ас қорытатын денеге сіңу процесі өзімізді қоршап тұрған табиғатпен қоян-қолтық қатынасы болмаса ақуыздар өледі, тіршілік тоқтатылады. Адам ағзасы тек қана ағзадан құралады. Ақуызды ауыстыруға да болмайды. Ал май, көмірсулар бірін-бірі алмастыра, ауыстыра алады. Ақуыздың тамақ құрамында болмауы, не аз мөлшерде болуы жүректің, мидың жұмысына кері әсер етіп, ағзаның жүйке тамырларының ауруына әкеп соғады, асқазанға түсіп, одан ішектерге барған соң әр түрлі химиялық процестер әсерінен аминқышқылына айналады. Содан кейін қанға араласу арқылы ағзада пайда болатын ақуыздарды құрайды. Құрамында аминқышқылы көп тамақтарға ет, балық, құс, сыр, бұршақ және басқалар жатады. Бұлардың құрамында 16-25% ақуыз бар. Жұмыртқа, ірімшік, бидай, гречка, макарондарда 8-15% ақуыз бар. Сүт, айран, қатықта 3-5% ақуыз бар. Көкөніс, жеміс жидекте 0,5-2,5% ақуыз бар.

100 г көмірсу 275 килокалория қуат берсе, май 866 кк береді. Майдың құрамында А, Д, Е, К дәрумендері бар. Біреуіне майсыз тамақ беріп, екіншісін дұрыс тамақтандыру арқылы екі итке тәжірибе жасалған. Сонда майсыз тамақ жеген ит тез өлген және оның денесінде фосфорлы заттар азайып, орталық жүйке жүйесі нашарлағаны анықталады. Өсімдік майлары құрамында май қышқылы көп болады. Бұл қышқыл адамның ет талшықтарында, жүйке тамырларында, мида, бауырда, жүректе, ішектің қабырғаларында кездеседі. Осы мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне әсер етіп, әсіресе, жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, артерия қан тамырларының қабырғаларын жақсартып, ағзадағы артық холестеринді тазалайды.

Көмірсулар — адам қуатының көзі болып табылады. Тамақпен бірге ол ағзаға полисахарид, крахмал, қант түрінде барады, ауызға түскен соң бөлініп асқазанға, ішектерде қорытылып, глюкоза қанға қосылады. Көмірсуларға бай -дән, картофель, жеміс-жидектер, т.б. жатады.

Жемістерде адам өміріне қажетті С, Р, Е дәрумендері бар. В, С топты дәрумендерімен бірге жеміс-жидек арқылы ағзаға минералды заттар калий, мыс, марганец, цинк, йод сияқты заттар барады.

Денсаулық қалыпты болсын десеңіз, күніне үш-төрт рет дәмді дайындалған тамақ ішу қажет. Грузия және Абхаз халықтарының жетістіктері — тамақты көп ішпей әр түрлі тағамдарды пайдаланып, етті аз мөлшерде қолданады. Өсімдік, жеміс-жидекті көбірек пайдалану ар-қылы жүзден астам жасаған адамдар өте көп.

Дұрыс тамақтанбау салдары рак ауруына да шалдықтырады. АҚШ-та ерлер 28 есе, әйелдер 7 есе ғана ауырады екен. Үндістанда барлығы 1,2% екен. Рак ауруы тазалыққа да, астың дәмді, таза болуына дабайланысты. Мысалы, суың жақта тұратын Якутия, Карелия АР-ында денені жылыту үшін ыстық тамақ, шай ішеді. Соның әсерінен рак ауруы 13-18% екен. Ал Прибалтика республикаларында 2,5%, ыстық шай ішу Орта Азия республикаларында кең тараған.

 

Сөз соңы

Бүгінгі таңда, әсіресе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайында әркім өз басының денсаулығын ойлайтын болса, ең алдымен осы ұсынып отырған қағидаға үңілуіне болады.

Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр!

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
  2. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
  3. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.
  4. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.
  5. Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.
  6. Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.
  7. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991.     ,
  8. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000
  9. Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. — Москва: Военное издательство, 1987.
  10. 10.  Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. — Москва, 2000.
скачать работу


 Другие рефераты
Вредные вещества, воздействие и нормирование
АДАМ АҒЗАСЫНА ШУДЫҢ ӘСЕРІ
Линейные системы дифференциальных уравнений с периодическими коэффициентами
Неметаллы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ