Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Денсаулыққа байланысты тағайындалатын жаза түрлері

ілеттілікті, адам өмірінін қорғалуының, құқықтәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады.

Сол сияқты жаза — қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық кұқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өінде қарама-кайшылық жоқ па екен деген занды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек кою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазанын мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза кылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына занда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады [22, 123].

Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналаскдн жазаның түрлерін айтамыз.

Қылмыстық заңнын өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудын шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазанын, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

- Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза
түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.

- Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза
түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен
шұғылдану кұқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

- Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.

- Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімдеұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім.

Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:

Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазанын мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 25, 26-тармақтарыңда «Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн[23, 456].

Қылмыстық, заңның баптарынын санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, кабылданған шешімнің дәлеллерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде керсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық занның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нін 55-бабында керсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нін 55-бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.

Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана қолданыдуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру, арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру қосымша жаза ретінде ҚК-нің Ерекше бөлімінің қылмысты саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Бұндай жазаны қолдану туралы шешім қабылданғанда, үкімнің қорытынды бөлігінде ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалынуы керек. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-нің 50-бабы 2-бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына сотталушыны мемлекеттік наградалардан немесе Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған құрметті, әскери, арнайы атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы тиісті ұсыныс енгізу туралы мәселесін қарауы тиіс.

Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің41 немесс 50-баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек», — делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, колданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнін қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотгалған кезде ол жауапка тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза колдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырьш, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.

Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек кана негізгі жазаға қосыльш тағайындалады.

Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе қүрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларыыан айыру;

б)мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі). Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылаын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыплұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға занда белгілеиген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, колданылып жүрген қылмыстық занда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс колдану — қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз. Деңсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және деңсаулық сақтау министірлігінің Деңсаулық сақтау Комитеті1998жылғы 4 мамырда бакіткен Денсаулыққа келген зиянның аурлығын сот медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі  манызды роль атқарады.

Бұл ережеге сәйкес деңсаулыққа келген зиян үш дәрежеге –ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.

Деңсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий — өмірге қауіптілікті, зиянның зардабының бар жоғында . Жалпы және кәсіби еңбек қаблетін қаншалықты және қанша уақытқа жоғалтудың да маңызы бар. Бетті адам көргісіздей бүлдіргенде денсаулыққа ауыр зиян келгендігін анықтау үшін эстетикалық критерийлер қолданады.

Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс әрекет деп қаралмайды.Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян келтіру арқылы басқа объектіге қол сұқса, онда бұл іс әрекет қылмыс құрамының нышаны болып табылады қылмыстың кодекесінің 326-бабы 2 бөлігінің А тармағы, 374-бабы.

Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленүшінің келсуі, жалпы ереже бойынша іс әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.

Бірақ, емдеу процедураларын жасау кезінде денсаулығы үшін мүмкін болатын тәуекелге еркімен келісімді берген адамның денсаулығына зиян келтірудің заң қайшы екендігін жоққа шығарады.

Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі- бұл ең алдымен, заңға қайшы әрекет деген сөз.

Заңға сәйкес қажетті қорғану, өте қажеттілік, қылмыс жасаған адам ұстау жағдайында басқа адамның денсаулығына зиян келтіру- қылмыс деп саналмайды.

Денсаулыққа зиян келтірудің ерекше санатына спорт жарақатты жатады, егер спортшы жаттығу немесе жарыс езінде ереже бұзбай денсаулығына зақым келтірілсе онда оны кәсіби тәуеклге жатқызуға болады. Ал денсаулыққа тіптен жарыс кезінде болсада, қасақана зиян келтірілсе қылмыстық жауаптылық болуға тиіс. Кубаның қылмыстық заңында мынадай норма бар: спорт рұқсат етілген түрлері бойынша жарыс кезінде ойын ережесін бұза отырып денсаулыққа қасақана зиян келтірілсе жалпы негізі жауаптылық көтереді; егер жарақат абайсызда алынса, бірақ спорт  ережесі бұзылса, абайсызда әрекет ретінде жауаптылық көзделеді ; ал, жарақат абайсызда алынып және де спорт ережесі бұзылмыса-қылмыстық жауаптылық болмайды. Спорт ережелерінің бұзылуымен келіскен төреші қылмысқа қатысушы болып саналады.

12
скачать работу

Денсаулыққа байланысты тағайындалатын жаза түрлері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ