Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Депозиттік операциялар түрлері

, азаматтардың талап етілмелi шоттары мен мерзiмдiк салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.

     Мерзiмдiк салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетiспеушiлiгi оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.

 

 

2. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары

     Депозиттерді қорғау жүйесіне Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі  сақтандыру институттарына 601 жыл. Салымдарыды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ,Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.

    Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады.

     Бұл кезде банктердiң мiндетiне сақтандыру қорларында белгiленген көлемдегi депозиттердi сақтау бойынша төлемдердi жасау кiредi. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетiспеген жағдайда мемлекеттiк бюджет қаржылары қолданылады. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерiн қайтару кепiлдiгiн беру банктiк жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бiрi болып табылады. Банк жүйесіне деген сенiмдi арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттердi мiндеттi сақтандыру жүйесін енгiзу жұмысы жүргiзiлдi. 1999 жылы қарашада екiншi деңгейлi банктердегi жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру немесе сақтандыру ережесi, ал 1999 жылы ЖАҚ “Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi” банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк берудің қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі,ал оның мақсаты — депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екiнші деңгейлі банктерге салнған жеке тұлғалардың мерзімдiк салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Тор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең iрi және тұрақты банктерi тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауiп тудырмайтын, активтерi күн сайын ұлттық банктің банктiк қадағалауымен бақыланатын жүйелi банктер.

      Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға негізгі кепiлшi болып табылады және егер банктердің қызметi соңғы есеппен табыс iздеуге әкелсе, онда қор қызметi өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнде жеке тұлғалардың салымдарына мiндетті ұжымдық кепiлдiк беру ережесiне негіз болған.

      Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бiрiнде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. Кепiлдеу объектiсi болып, сыйақы мөлшерi бекiтiлген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесi сыйақы мөлшерi белгіленiп, қайтару мiндеттемесiн қор кепiлдеген:

2001 жылдың 1 шiлдесiнен:

—теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;

— доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.

— 2001 жылдың 1 қазанынан:

— тедгеде жылдық есеппен 14 пайыз;

— доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.

     Салымдар және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары мiндеттi түрде салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.

Қор әрбiр салымшыға қайтарылуы мiндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар келесiдей көлемде:

      Мерзiмдi салымдар (депозиттер) бойынша:

      Теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы, бiрақ 400 мың тенгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнің 50% шегінде банктiк операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейiн есептелген сыйақы мөлшерi.

     АҚШ доллары және еурода — салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бiрақ 360мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.

     Талап ету салымы бойынша теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы қайтарылады.

      Бiр салымшы әр түрлi валютада салынған мерзiмдi салымдар (депозиттер) бiр салым түрі ретiнде қарастырылып, аныкталған ережелерге сәйкес төленедi. Сонымен қатар, қайтару есебi салынған мерзiмдi салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.

      Салымшы өзінің әр түрлi валютада салған мерзiмдi салымы бойынша төлемдердi қайтару кезегін өзi анықтауға құқылы.

      Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетiспеген соманы қалпына келтiруге жеткiлiксiз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебiнен төленедi, ал қалғаны қор есебiнен қарызға алынады. Қор өз несиесiн таратылушы банкке қойылатын регрестiк талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебiнен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк мiндетін күнтiзбелiк және басқа да жарналар енгізу тәртiбi мен мерзiмдерi және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдерi туралы келiсiм жасауы тиiс. Сондай-ақ аталған келiсiмшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның iшiнде қордың күнтізбелік мерзiмде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдердi банк келiсiмiнсiз алу құқығын қарастырылған.

      Мiндетті күнтiзбелiк жарна мөлшерi әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық жағдайына ұлттық банк  бекiткен әдiспен және бекiтiледi және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы бойынша мiндеттi күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептiк тоқсанның соңғы күнiне 0.125 пен 0.375 пайызға дейiн мөлшердi құрайды, оларды қайтару 13 сәуiрден 2002 жылғы ҚР  екiнші деңгейлi банктерiндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру ережесiмен кепiлденедi.

      Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлiгінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның мiндеттемесi бүгінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенiмдi құрал. Сонымен қатар құралдар тiзiмi, қорға инвестициялауға болатын ұлғайту жұмыстары жүргізiлуде.

      Ұжымдық сақтандыруға Халықаралық стандартттарға еөу бойынша бiрiншi топқа енетiн банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелерiне жойылатын талаптарға жауап берiлген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы банктердің бiрi ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық ақпараттар бекiтiлген тiзiмге сәйкес қорға жолдануы тиiс.

      Барлық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткенi сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерiнің жарғылық капиталынан аспайтын көлемде ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мұндай шектеу қойылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттердi ұжымдық  сақтандыру жүйесінен еркiн шыға алады.

     Шетелдiк тәжiрибе елде қалыпты жұмыс iстейтiн банктiк жүйе қалыптасқанда ғана депозиттердi сақтандыру жүйесінің кызмет ету мәнi бар екенiн көрсетедi.

      Барлық дамыған елде депозиттердi сақтандырудың бiр немесе басқа да нысандары қолданылады. Швейцария банктiк ассоцияциясы ассоцияциясының қатысушы-банктердің клиенттерiне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария франкiне дейiнгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге кепiлдiк бередi. Егер банкке қарсы күйзелiс процедурасы басталса, аталған сома салымшыға бiрден төленедi.

      Францияда бiр салымшыға кепiлдiк 400 мың француз франкiн құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзiмдiк аманаттар кепiлдiкке жатқызылмайды. Сонымен қатар бiр банкке қатысты депозиттi 200 млн франктен аспайтын жалпы кепiлдiк шегі бар. Франция банктерiнiң ассоцияциясы сақтандыру төлемi түрінден қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоцияция мүшелерiмен Франция банктiк жүйесінден олардың менiшiктi депозиттерiнің мөлшеріне үйлесiмдi жүргізiледi.

      Германияда немiс банктерiнің федералдық ассоцияциясы жетеiкшiлiгіндегі депозиттi қорғау қорына кiру ерiктi сипатта. Аталған қорға қабылданудың мiндеттi шарты немiс коммерқциялық банктерiнің а

12345След.
скачать работу

Депозиттік операциялар түрлері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ