Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Дін және мәдениет

ларда-ақ, пайда болғанын айтуға болады. Құран Кәрімдегi исламға дейiнгi қауымдар мен Пайғамбарымыздың кезiндегi араб, йаһұди (еврей) және христиан қоғамдарының дiни-әлеуметтiк өмiрiн суреттейтiн аяттарды айтпағанның өзiнде, хадис және тарих кiтаптарында арабтардың мұсылмандықтан бұрынғы наным-сенiмдерi, әлеуметтiк құрылымдары, дiни ритуалдерi және исламмен пайда болған өзгерiстер туралы аса құнды материалдар кезiгедi. Еуропа халықтары қараңғылықты бастан кешкен VII-XII ғасырлар аралығында мұсылман авторлар жазған мыңдаған кiтаптардан дiн социологиясына негiз боларлық мәлiметтер уә ғылыми тұжырымдарды табуға болады. Дегенмен, мұсылман ғалымдардың пiкiрiнше ислам елдерiндегi дiн социологиясы туралы арнайы ғылыми зерттеулер Мұхаммед Әбу Райхан әл-Бирұни (973-1048) еңбектерiмен басталған. Араб, парсы, түркi, үндi, санскрит, грек, ибрани (иврит), арами, сұрия тiлдерiн әбден меңгерген әл-Бирұни көптеген жылдар бойы Үндiстан жерiн аралап, ондағы халықтардың дiни нанымдарын зерттеген. Әл-Бирұни «Китаб-ұт тахқиқ мә ли-л-Һинд» (Үндiстандағы зерттеулер туралы кiтап) және «Китабұ Батенжел әл-Һинди» (Үндiстанның Патанжали кiтабы) атты еңбектерiнде үндi халықтарының дiни ұстанымдары мен қоғамдық өмiрi туралы құнды мәлiметтердi оларды кемсiтпей, төмендетпей келтiредi (G. Tümer, Biruni’ye Göre Dinler ve İslam Dini. – Ankara: D.İ.B. Yayınları, 1991. 173-184 беттер). Белгiлi ғалым, Әндүлүс мұсылмандарының iрi жұлдызының бiрi Әбу Мұхаммед Әли Хазмұлы (Ибн Хазм, 994-1064) «әл-Миләл уә-н Ниһәл» атты еңбегiнде көптәңірлі (политеистiк) және біртәңірлі (монотеистiк) дiндердi жан-жақты зерттеп, дiн социологиясы тұрғысынан аса құнды мәлiметтердi сыныптайды. Тарихшы, әлеуметтанушы һәм философ Ибн Халдұн (1332-1406) барлық дүние жүзiнде алғашқы әлеуметтанушылардың бiрi ретiнде қабылданған.
Соңғы ғасырда дiн социологиясы саласында қомақты еңбектер жазған ғалым ретiнде философия ғылымдарының докторы, профессор Хилми Зия Үлкендi (Hilmi Ziya Ülken, 1901-1974) айтуға болады. Ол Түркиядағы дiн социологиясының негiзiн қалаушылардың бiрi. Оның ондаған рет басылған және сала мамандарының басты құралына айналған еңбектерiнен социологияға қатыстылары мыналар: «İctimai Doktrinler Tarihi» (Әлеуметтiк доктриналар тарихы), «Sosyoloji» (Әлеуметтану), «Sosyolojiye Giriş» (Әлеуметтануға кiрiспе), «Dini Ictimayat» (Дiн социологиясы). Түркияда дiн социологиясы саласында келелi еңбектер жазған ғалымдар Сабри Үлгенер (Sabri Ülgener, 1911-1983), Ерол Гүнгөр (Erol Güngör, 1938-1983), Амиран Билгисевен (Amiran Bilgiseven, ислам социологиясы туралы құнды еңбектер жазған) және Шериф Мардин (Şerif Mardin, 1927- ). Ислами әлеуметтiк антропология саласында Кэмбридж университетiнде iстейтiн пәкiстандық ғалым, профессор Әкбар Ахмед (Akbar S. Ahmed, 1947- ) ағылшын тiлiнде маңызды еңбектер жазған зерделi зерттеушi.
Елiмiздегi дiн социологиясы саласындағы зерттеулерде батыстағы ғылыми ағымдардың шылауына түспей, мәселеге шынайы ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал. Батыс ғалымдарындағы басым пiкірият материалистiк-позитивизм уә ұлттық-нәсілдік және діни үстемдікке негізделген алғыойлылық (предубеждение – М.Б.) дiн социологиясына да салқынын тигiзуде. Ұзақ ғасырлар бойы дiн мен ғылымның арасындағы қақтығыстарға сахна болған Еуропада дiн көп жағдайларда ескiшiлдiктiң, артта қалушылықтың белгiсi ретiнде қабылданады. Марксизм сияқты әсіре реалист-материалист жүйелер дiнге өндiрiстiк барыстың вертикалды нәтижесi һәм таптық қоғамға тән мәселе деп қарайды. Шынтуайттап айтқанда, материалист Батыс ғалымдарының пiкiрiнше дiн материалдық өмiр мен қоғамдағы құбылыстардың бiрi. Сондықтан, дiн тек онтологиялық ақиқат ретiнде қарастырылады да онтикалық (жеке және ақырғы шындық болмыс – М.Б.) ақиқат ретiнде қарастырылмайды. Осындай ұстанымдарды Дуркгейм мен Вебердiң еңбектерiнен кездестiру бiздi таңырқатпауы керек. Мәселен, Дуркгеймнiң эволюционист үрдiсi бойынша барлық дiндер әлеуметтiк құрылымдардан туындаған функциялар болып табылады да тотемизмнен (пұтқақұлдық) бастап, монотеизмге (біртәңірлілік) қарай дамиды. Ал, Вебердiң еңбектерi протестант сенiмі маңайында өрбiгендiктен, оның материалдарын басқа дiндерге пайдалануға болмайды.
Дiн социологиясын зерттеуде Батыс елдерiнде қолданылып келе жатқан әдiстердiң бiрi – «социография» әдiсi. Бұл әлеуметтiк қарым-қатынас феномендерiн сипаттауға бағытталған әдiс. Осы әдiс бойынша әлеуметтiк өмiрдiң белгiлi бiр мәселесi хақында деректер жыйналады, тәжiрибелер жасалады, санақтар жүргiзiледi және жыйналған мәлiметтер салыстырмалы түрде талданады. Социографиялық талдаулар практикалық тұрғыдан пайдалы болғанымен, терең ғылыми нәтижелерге апармауы мүмкiн. Сонсоң, мұндай қолдан жасалған материалдарды Батыстың тек өз мүддесі үшін пайдаланатынын ұмытпаңыз.
Ислам дiнi өзге дiндермен көптеген ұқсас жақтары болғанымен нақтылы монотеизм, яғни «тәухид» қағидасына негiзделген, көптәңірлі (политеистiк) қоғамда пайда болғанына қарамастан, Мекке қоғамының мәдени үрдiстерiне қарсы бағытта қалыптасқан дiн. Ислам дiнi Меккедегi тәңiрлер (пұттар) пантеонын жойып, оның орнына бас тәңiр емес, бiрегей және бiрлiк ұғымды бiлдiретiн Аллаһ Тағалаға иман етудi, Одан басқа ешкімге, ешнәрсеге құл болмауды, табынбауды бұйырады. Сондықтан, ислам нанымы адамдарға толықтай материалдық һәм рухани азаттық бередi. Бұның әлеуметтiк өмiрдегi көрiнiстерi пұттарға табынатын яки белгiлi бiр дiни тапқа құлшылық жасататын басқа дiни-әлеуметтiк жүйелерден (христиандық, суфизм т.т.) айырмашылықтары орасан зор. Демек, ислам социологиясы мен мұсылман қоғамдарды зерттеген кезде Батыстың ұстанымдары мен әдiстерінен гөрi зерттеу субъектiсiне тән әдiстердi қолдану тиiмдi болады. Ислам социологиясы туралы зерттеулерде осы дiннiң универсалдылық, күллі ғаламдық сипатын ескерген жөн...
Қазақстан Республикасы жас мемлекет. Тәуелсiздiгiмiздiң 10 жылдығын тойлап, төбемiз көкке жеткендей болдық. Алайда, елiмiздегi экономикалық-құқықтық реформалармен барабар күрделi әлеуметтiк өзгерiстер де жүзеге асуда. Заманауи мәдени ықпалдастық, жиһандастыру (глобализация) және ұлттық идентификация, дәстүрлi құндылықтардың өзгеруi, гео-саяси және гео-экономикалық проблемалар... Мiне, осы мәселелердiң бүгiнгi және ертеңгi нәтижелерiн анықтауда дiн социологиясының, оның iшiнде елiмiз халқының басым көпшiлiгiн құрайтын мұсылмандардың дiни социологиясын зерттеудiң маңыздылығы айқын. Бiрақ, аталмыш iлiм саласының бүгiнгi жағдайы көңiл көншiтерлiк деңгейден тым алыста. Жалпылап алғанда дiн социологиясын, жалқы ислам социологиясын зерттеуде жоғарыда аталған проблемаларға қоса мынандай қыйыншылықтарды айтуға болады:
1-Дiн социологиясы саласында жазылған әдебиеттер я тым аз, я тiптен жоқ. Батыс авторлары мен мұсылман зерттеушiлердiң маңызды еңбектерiнiң бiрде бiрi қазақшаға аударылмаған. Бұл проблема тәуелсiз ел ретiнде бiздiң ғылыми дамуымызға аса жойқын соққы беруде.
2-Жалпы дiн саласындағы зерттеулерге, оның iшiнде, әсiресе ислами зерттеулерге зайырлылық қағидасы алға тартылып, мән берiлмеуде. Христиан мемлекетi болғанына қарамастан, Германиядағы жыйырма шақты «Islamwissenschaften», яғни «ислам ғылымдары» бөлiмдерiнде мыңдаған студенттердiң бiлiм алып жатқанын айтсақ жеткiлiктi. Батыс елдерi және Америкада көптеген институттар уә арнайы зерттеу орындары йаһұдилiк, христиандық, ислам және өзге де дiндердi әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, экономика, құқық, философия т.т. тұрғысынан зерттеуде. Жаппай жұмыс iстеп жатқан бұл ұйымдар аталмыш елдердiң әлеуметтiк, саяси және экономикалық өмiрiне айтарлықтай маңызды үлес қосуда. Олардың бізде жүрген зерттеуші барлаушылары да арнайы материалдар жіберіп, өз миссияларын орындауда.
3-Дiн социологиясын тiкелей теологияның жұмысы деп бағалаушылық. Бұл да терiс пiкiр. Жоғарыда айтқанымыздай, дiн социологиясы мен теологияның ортақ мәселелерi бек көп. Бiрақ, христиан теологиясының қағидаларын басқа дiндерге, мәселен исламға телуге болмайтынын ескерген жөн. Батыс ғалымдарының өздерi өскен христиан ортаның әсерiмен дайындаған қалыптарын басқа дiндерге қолдануға болмайды. Мәселен, Америкадағы протестант тариқаттары бастаған фундаментализмдi мұсылмандарға тән феномен етiп көрсетуге тырысушылық бар.
Баяндамамды қорыта келе, бүгiнгi конференцияға қатысушы ғалымдарға үлкен ғылми-шығармашылық табыстар тiлеймiн. Елiмiздегi ислами зерттеулердiң осындай игi шаралардың көмегiмен соны серпiн алатынына сенемiн. Ол үшін бізге Батыс тілдерін терең меңгерген, бірақ Батысқа сатылмаған, өз діні мен руханиятына берік, ислам ғылымдарын заманауи ғылыми жетістіктер негізінде зерттейтін, өзін өткен тарихпен шектемейтін, болашаққа үмітпен, іждиһаттылықпен ұмтылатын және Құранды басшылыққа алатын мамандар қажет.



123
скачать работу

Дін және мәдениет

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ